Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Пісіру өндірісінің технологиясы




Металл бөліктерін бір-біріне тығыз жанастырып, балқу температурасына немесе пластикалық күйге дейін жеткенше қыздырып біріктіруді пісіру деп атайды. Металды қыздыруға жұмсалатын жылу энергиясын алу жолына байланысты пісіру электрмен және химиялық жолмен пісіру болып екіге бөледі.

Халық шаруашылығында электрмен пісіру әдісі кеңінен таралған. Электрмен пісіру әдісі электр доғалық және контактілі пісіру болып екіге бөлінеді.

Электрмен пісірудің электр доғалық әдісінде металды пісіруге қажет жылу энергиясы электр доғасынан, ал контактілі әдісінде электр тоғының пісіретін металл арқылы өту прцесінде бөлінген жылудан алынады.

Металды химиялық жолмен пісіру әдісі газбен, термитпен, көрікпен пісіру болып үш түрге бөлінеді. Металды химиялық жолмен пісіру әдісінде оны қыздыруға қажет жылу энергиясы химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінген жылу энергиясынан алынады.

Газбен пісіру әдісінде металды балқытуға қажет жылу жанғыш газды оттегімен қосып, арнаулы газбен жағудан пайда болған жалыннан алынады.

Пісіру термитті әдісінде металды қыздыруға қажет жылу термит қоспасы деп аталатын алюминий ұнтағы мен темір тотығының жану реакциясынан алынады.

Көрікпен пісіру әдісінде металл көрік немесе пештерде қыздырылғаннан кейін шыңдалып, пісіріледі. Металл бөліктерінің пісірілетін участогының температурасына байланысты пісіру балқыту және қысым арқылы пісіру болып екіге бөлінеді.

Балқыту арқылы пісіру әдісіне газбен, электр доғасымен пісіру және термитті пісіру әдістері жатады. Пісірудің бұл әдісінде металл белгілі температураға дейін қыздырылғаннан кейін пісіру участогына қосымша металл беріледі.

Пісіру участогына қосымша материалдың берілуіне байланысты пісіру қолмен пісіру, жартылай автоматты пісіру, автоматты түрде пісіру болып үш түрге бөлінеді.

Қысым арқылы пісіру әдісінде металдың пісірілетін участогы пластикалық күйге жеткенше қыздырылғаннан кейін металл бөліктеріне сырттан қысым түсіріліп, пісіріледі. Пісірудің бұл әдісі контактілік, газ-престі, сұйық күйде пісіру болып үш түрге бөлінеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных