Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Отбасы мүшелерінің алиментік қатынастары




 

Отбасы құқығында алимент ұғымында заңда көрсетілген жағдайда отбасының бір мүшесі екінші бір мүшесінің пайдасына төлеуге міндетті, оның тұрмыс тіршілгіне қажетті ақшаны айтады. Алименттік міндеттеменің негізі болып отбасы қатынастары табылады, ал олардың мақсаттары – заңда тізімі көрсетілген еңбекке қабілетсіз және отбасы мүшелерінің көмегіне мұқтаж жандарды қамтамсыз ету.

Отбасы заңнамаларына сай алимент сот шешімі бойынша немесе жақтардың келісімі бойынша төленеді. Егер жақтардың келісімі болса, онда олардың төленуін сот тәртібінде қарауға жол берілмейді. Алимент – бұл асыраудың әр түрлілігі, бірақ бұл асырау белгілі тұлғаға сот шешімі немесе жақтардың келісімі бойынша төленеді.

Заң әдебиеттерінде алименттік міндеттеме деген отбасының бір мүшесінің басқа мүшесін қамтамсыз етуге міндетті, ал соңғы субъект одан мұны талап ете алатын отбасы құқықтық қатынастар. Алименттік міндеттемелер заңда көрсетілген заңдық фактілер:

- Субъектілер арасында отбасылық болғанда;

- Заңда немесе жақтардың келісімінде көрсетілген алимент төлеудің қажетті жағдайларының болуы;

- Жақтардың келісімі немесе соттың алимент бөлеу бойынша шешімі болуы негізінде пайда болады.

Кәмілетке толмаған балаларын асырау бойынша ата-анасының міндеттері: Заң ата-анаға жасы өзінің кәмілетке толмаған, яғни әдетте отбасы заңнамаларында бекітілген және ешбір күмән келтірусіз жасы 18-ге толмаған балаларын міндеттейді. Бұл міндет деген сөз ата-ана баласының тамаққа, киім кешекке, дем алуына, емделуіне және тағы басқа қажеттіліктерін ереже ретінде өз еркімен және ешқандай мәжбүрлеусіз қамтамасыз ету керек. Кәмілетке толмаған балаларын асыраудың тәртібі мен нысанын ата-ана өзі белгілейді. Осылай ата-ана өздерінің кәмілетке толмаған балаларын асырау туралы келісім жасауға құқылы. Мұндай келісім жасаудың қажеттілігі әртүрлі жағдайларға байланысты болуы мүмкін:

- Ата-ананың некені бұзуы;

- Баланың ата-анасының біреуінің қолында тұруы;

- Баланы әкесінің асырауы туралы сұрақты шешумен қатар ерікті әкелікті тануы;

- Баланың үнемі туысқандарының үйінде тұруы және т.б.

Балаларға алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда және нотариуспен бекітілуі керек, қарсы жағдайда ол жарамсыз болып табылады.

Кәмілетке толмаған балаларына қатысты алименттік міндеттемелер мына негізде болады:

- Бала мен ата-ананың арасында ақаж бөлімі куәландырылған туыстық қатынастың болуы;

- Кәмілетке толмаған балалар. Кәмілетке толмаған балалар еңбекке қабілетсіз деп танылған, сондықтан олардың жұмыс істеу немесе істемеуі маңызды емес. Бірақ кәмілетке толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелері бала кәмілетке толиай тұрып, толық азаматтық әрекет қабілеттікке ие болса тоқтатылады;

- Алимент төлеу туралы жақтардың келісімі немесе соттың шешімі. Алименттік міндеттемелердің субъектілері болып: кәмілетке толмаған бала, егер бала 14 жасқа толмаса оның атынан құқықтарын жүзеге асыратын заңды өкілдері, ата-аналары немесе олардың біреуі. 14 жастан 18 жас аралығындағы балалар алимент төлеу туралы келісімді өздерінің заңды өкілдерінің келісімімен жасайды.

Егер ата-ана өзінің кәмілетке толмаған баласын асырамаса және алимент төлеу туралы келісім болмаса, онда кәмілетке толмаған баласын асырау үшін ақша ата-анасынан құқығы бар тұлғалар: ата-анасының біреуі, баланың қамқоршысы, асырап алған ата-ана, асырап алушының өтініші бойынша соттың шешімімен алынады. Бұл тұлғалар алимент өндіріп алуда баланың атынан заңды өкілдері ретінде қатысады және ата-анасынан ақша өндіріп алудан басқа да субъективтік құқықтарын жүзеге асырады. Ата-анасы немесе ата-анасын ауыстыратын тұлғалар кәмілет жасқа толмаған балаларға алимент алудан заңды түрде бас тарта алмайды.

Сотта алимент өндіріп алу туралы талабын құқық иеленуші тұлғалармен бала кәмілетке толғанша немесе олар толық әрекет қабілеттікке ие болғаншы кез келген уақытта жариялай алады. Кәмілетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу ісі отбасылық қатынастардан шығатын азаматтық істің ең көп тараған түрі. Ата-анасы алимент төлеу міндетінен тек сот шешімі бойынша бала тәрбиелеу мекемелерінде болса ғана босатылады.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Егер Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұстау ата-анасы алатын ақшалай жалақының және өзге де кiрiстiң барлық түрiнен жүргiзiледi.

Ата-анасынан алимент өндіріп алу соттық тәртіпте тек ата-анасының табыстарынан ақшалай ғана емес, сонымен қатар қатты ақша түріндеде өндірледі. Қатты ақша мынандай жағдайларды өндірледі:

- Егер алимент төлеуші ата-анасының жалақысы тұрақты емес және үнемі өзгеріп отыратын болса;

- Егер алимент төлеуші ата-анасы жалақысын материалдық өндіріс түрінде алатын болса;

- Егер алимент төлеуші ата-анасы жалақы және басқа да кірістерін шетел валютасымен алатын болса;

- Егер алимент төлеуші ата-анасының жалақы және басқа да кіріс көздері болмаса;

- Ата-анасының жалақысынан үлесті түрде өндіріп алу мүмкін болмаған басқа да жағдайлар.

Қатты ақша түрінде алимент өндіріп алу үшін жоғарыда айтылған жағдайлардың біреуі болса жеткілікті. Мұнда сот алимент мөлшерін өзінің қалауынша немесе бір жақтың талабы бойынша белгілеуге құқылы.

Қатты ақша түріндегі алименттің нақты мөлшерін соттармен баланы бұрынғы деңгейде қамтамасыз етудің ең жоғарғы мүмкіндігін бекітеді. Бұл кезде де сот жақтардың материалдық,отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа жағдайларды ескереді.

Кәмілетке толған әрекет қабілетсіз балаларды асырау бойынша алиментті ата-ана тек бала әрекет қабілетсіз және ата-ананың көмегіне мұқтаж болғанда төлейді. Ереже ретінде әрекет қабілетсіз болу бұл баланың өміріндегі ұзақ мерзімді немесе өмір бойына кәсіптік еңбек қабілетінен немесе қандайда бір организмдерінің өзінің қызметін дұрыс атқара алмауымен түсіндірлетін аурумен, мүгедектікпен байланысты. Азаматты мүгедек деп тану тек әлеуметтік-медициналық сараптаманың нәтижесінде болуы мүмкін.

Ата-анасының баланың қосымша шығындары үшін төлейтін ақшалары алименттік төлемнің бір түрі болып табылады. Ата-ана көмекке мұқтаж кәмілетке толмаған және кәмілетке толған еңбекке жарамсыз балалардың қосымша шығындарына қатысуға міндетті.мұндай шығындаржы негізудің негізі болып мынадай жағдайлар табылады:қатты науқастану, олара қарағаны үшін төлем немесе сол сипатты қосымша шығындарды талап ететін басқа жағдайлар. Басқа сөзбен айтқанда ауру балалардың емделуі, оларға басқа біреудің күтімі, олардың оқуы және тағы басқа шығындар. Қосымша шығындарға ата-анасының қатысу тәртібі, олардан сол үшін ақша өндіріп алу бәрі алимент өндіріп алу тәртібімен жүзеге асады.

Кәмілет жасқа толған бала егер ата-анасы екбекке жарамсыз және олардың көмегіне мұқтаж болса, оларды асырауға міндетті. Заңдарда жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдар еңбекке қабілетті кәмілетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз ата-аналарын асырау құқықтырын бекітеді. Ата-анасына бала қарау оған жан-жақты демеу беріп, оған көңіл бөлу.Бұл жерде тек моральдық демеу беру емес,сонымен қатар материалдық демеу беру да ескеріліп отыр. Ата-анасының баласының оны асырауы туралы баласымен келісім жасауға құқығы бар. Егер бұл келісім болмаған жағдайда ата-анасы соттық тәртіпте алимент өндіріп алуы мүмкін. Ол үшін бала мен ата-ананың туыс екендігін дәлелдейтін заңды түрде куәландырған туыстық қатынас және ата-ананың еңбекке жарамсыздығы мен көмекке мұқтаждығы негіз болады. Еңбекке жарамсыз деп 60 жасқа шыққан әке, 55 жасқа шыққан ана және І,ІІ,ІІІ-топтағы мүгедек ата-аналар танылады. Бұл кезде баланың алимент төлей алу жағдайы ескерілмейді. Бала тек баланың өзі ата-анасының көмегіне мұқтаж еңбек қабілетсіз болып, сот ата-анасы бұрын ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарғандықтарын белгілесе ғана міндеттен босатылуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың алименттік міндеті бір біріне материалдық көмек көрсетуден көрініс табады.Әдетте бұл міндет ерлі-зайыптылар арасында отбасылық қатынас жақсы болғанда ерікті түрде орындалады. Ерлі-зайыпталардың бір-біріне материалдық тұрғыда көмек көрсетуі олардың арасындағы нотариуспен куәландырылған келісім негізінде жүзеге асырылады. Мұндай келісім неке шартының бір бөлігі да болуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімде сотпен алимент өндіріп алу шарттарынан өзгеше шарттар болуы мүмкін. Егер ерлі-зайыптылардың арасында келісім болмай ерлі-зайыптылар міндетін орындаудан жалтарған жағдайда алиментті соттық тәртіпте өндіріп алуға болады. Ерлі-зайыптылардың сотта алимент өндіріп алу өтініші тек мына негіздерде қанағаттандырылуы мүмкін:

- Ерлі-зайыптылар тіркеудегі некеде болса;

- Алимент талап етіп жатқан ерлі-зайыпты еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болса;

- Жауапкер ерлі-зайыптының талап етуші ерлі-зайыптыға материалдық көмек көрсетуге жағдайыныңболуы.

Еңбекке қабілетсіз және көмекке мұқтаж ерлі-зайыптылар деп зейнет ақы жастағы және І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедек ерлі-зайыптылар танылады. Алимент алуға құқылы ерлі зайыптылар: аяғы ауыр кездегі, 3 жасқа толмаған баласы бар және ортақ 18 жасқа толмаған және мүгедек балаларына қарап жатқан әйелі.

Ерлі-зайыптылар некелерін бұзғаннан кейін де соттық тәртіппен заңда көрсетілген негізде алимент талап етуге құқығы бар.

Біріншіден, сот бұрынғы ерлі зайыптылардың белгілі бір бөлігін алимент алуға құқылы деп бекітеді. Олар:

- Бұрынғы әйелі аяғы ауыр кезде және ортақ балалары 3 жасқа толған уақытқа дейін;

- Ортақ 18-ге толмаған немесе бала кезінен мүгедек балларына қарайтын бұрынғы ерлі зайып;

- Неке уақытында немесе некені бұзғаннан кейін 1 жыл ішінде еңбек қабілеттілігінен айырылған ерлі-зайып;

- Некеде көп уақыт тұрып, некені бұзғаннан кейін 5 жыл ішінде зейнет ақы жасына жеткен ерлі-зайып;

Екіншіден, бұрынғы ерлі-зайыптылардың біреуін сот материалдық көмекке мұқтаж деп тапқандар.

Үшіншіден, алимент тек бұрынғы ерлі-зайыптыларға олардың оны төлеуге жағдайы болса белгіленеді.

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың алимент төлеуі олардың келісімімен де жүзеге асады. Келісімде алимент төлеу тәртібі және мөлшері бекітіледі.

Соттық тәртіпте алимент төлеуді талап ете алатын отбасының басқа мүшелеріне: кәмілет жасқа толмаған және кәмілет жасқа толған еңбекке қабілетсіз аға-іні мен апа-сіңілдер, кәмілет жасқа толмаған және кәмілет жасқа толған еңбекке қабілетсіз немерелер, еңбекке қабілетсіз ата-әжелер, еңбекке қабілетсіз факті түріндегі тәрбиешілер, еңбекке қабілетсіз өгей әке және өгей шеше. Заңда алимент төлеуге міндетті тұлғалар деп мыналарды айтады: еңбек қабілеттігі бар аға-іні мен апа-сіңілдер,ата-әже, еңбек қабілеттігі бар кәмілет жасқа толған немерелер, еңбек қабілеттігі бар кәмілет жасқа толған тәрбиешілер, еңбек қабілеттігі бар кәмілет жасқа толған өгей бала мен өгей қыз. Жоғарыда айтылған адамдардағы алименттік міндеті ерлі-зайыптылардан, еңбек қабілеттігі бар кәмілет жасқа толған балалардан, ата-анадан және тағы басқа алимент төлеуге міндетті адамдардан алимент өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда ғана туындайтындықтан қосымша сипатта ие болады. Отбасының басқа мүшелерінің арасындағы алименттік міндеттің пайда болуына мынандай заңдық фактілер негіз болады:

- Субъектілер арасындағы туыстық қатынас (аға-іні, апа-сіңлі, немерелер, ата-әже) немесе алимент төлеуге міндеттендіретін ескі тұлғадағы асырау және тәрбиелеу бойынша қатынастар және қасиеттік қатынас (өгей әке, өгей шеше, өгей ұл, өгей қыз) немесе алимент төлеушіні тек асырау және тәрбиелеу бойынша қатсынас (фактілі түрдегі тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер);

- Заңда немесе келісімде қаралып өткен жағдайлардың болуы (мұқтаждық, алимент алушының еңбек қабілетсіздігі және т.б.);

- Алимент төлеу туралы жақтардың келісімі немесе алиментті өндіріп алу туралы соттың шешімі.

Заңдарда көрсетілген ретте ата-аналар балаға алимент төлеуде оның мөлшері мен тәртібі туралы келісім жасауға құқылы,бірақ мұндай келісімдердің жүзеге асуының механизмі мен кепілдігі заңдарда көрсетілмеген. Қазіргі таңда алимент төлеу туралы мұндай келісімді барлық тұлғалардың алимент төлеуге міндетті және алимент алушы арасында жасауға болады, ал алиментік келісім институтының өзі нақты құқықтық реттеуге ие болды.

Алимент төлеу туралы келісімде жақтармен алммент төлеудің тәртібі, әдәсі, шарты және мөлшері, келісімді бұзу мен өзгертудің негіздері, өз уақытында алимент төлемегендігі үшін жауапкершіліктің нысаны мен шарты, келісімнің әрекет ету мерзімі анықталады. Егер жақтардың еңбек қабілеттілігі жоқ болса, онда олардың атынан келісімді олардың заңды өкілдері бекітеді.

14 жасқа толмаған кәмілетке толмағандарға алимент төлеу туралы келісім баланың ата-анасы немесе ата-ана мен баланың күнделікті қараушысы немесе тәрбиешісі болып табылатын тұлғалар (қамқоршы, баланы асырап лаған ата-ана) арасында жасалады. Кәмілетке толмаған 14 жаспен 18 жас аралығындағы балалар алимент төлеу туралы келісімді өздерінің заңды өкілдерінің келісімімен жасайды.

Алимент төлеу туралы келісім тек жазбаша нысанда және нотариустың міндетті түрде куәландыруымен, яғни екі жақтыңда келісім қолдарымен және нотариустың куәландырған қолымен бекітіледі. Егер бекітудің мұндай нысаны сақталмаса, рнда келісім жарамсыз болып табылады.

Отбасы заңнамаларында алимент төлеудің екі тәртібі көрсетілген: ерікті және соттық. Егер алимент төлеу туралы келісім болмаса, алиментті талап етуге құқығы бар адамдар сотқа алиментті өндіріп алу туралы жолдана алады. Осылай сотта алиментті өндіріп алудың негіз болып тұлғалар арасындағы алимент төлеу туралы келісімнің болмауы табылады.

Азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес алиментті өндіріп алу туралы іс егер жақтар бір қалада немесе ауданда тұрса, соттық талқылауға істі дайындау біткеннен 10 күннің ішінде, ал қалған жағдайларда 20 күннен кешіктірмей қаралу керек. Алиментті өндіріп алу туралы талап арыз жауапкердің немесе талапкердің тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін. Алиментті өндіру бойынша құжаттарды дайындаған үшін азаматтардан мемлекеттік баж алынбайды. Бұл үшін талапкер емес жауапкерден өтініштің талабы бойынша үлестік сумма ұсталады.

Соттың бұйрығымен кәмілетке толмаған балаларға келесі шарттарды орындаса ғана алимент өндірледі: а) алиментті өндіріп алу талабы әкелікті танытумен байланысты болмаса;б) алименттің мөлшері ата-ананың жалақсына байланысты белгіленсе. Алиментті өндіріп алу талабының уақыты жоқ, яғни алиментті өндіріп алу құқығы болғанда кез келген уақытта талап ете алады.

Заңдарда алимент төлеушінің жұмыс орны бойынша мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың әкімшіліктерінің міндеті бекітілген, осы міндетті жүзеге асыра отырып олар ай сайын мына қызметті жүзеге асырады:

А) Алимент төлеуге міндетті тұлғаның жалақысынан немесе басқа да кіріс көзінен алимент ұстап қалу;

В) Алимент төлеуге міндетті тұлғаның жалақысынан немесе басқа да кіріс көзінен алимент ұстап қалғаннан кейін 3 күннің ішінде алимент алушыға төлеу немесе жеткеріп беру. Осы жеткеріп беру кезіндегі шығындар алимент төлеушінің есебінен төленеді.

Алимент алушының жұмыс орны бойынша мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың әкімшіліктерінің алимент төлеуге міндетті тұлғаның жалақысынан немесе басқа да кіріс көзінен алимент ұстап қалу жақтардың алимент төлеу туралы келісімі немесе соттың бұйрығы негізінде жүзеге асады. Алимент төлеуге міндетті тұлғаның жалақысы немесе басқа да кіріс көзі алиментті төлеуге жеткіліксіз болса, онда ол алимент төлеуге міндетті тұлғаның банктегі есеп шотынан алынады.

Алимент төлеуге міндетті тұлғаның алимент төлеуден босату тәртібі мен негізін алимент төлеу туралы келісім бойынша жақтар өздерінің қалауы бойныша анықтайды. Ал егер алимент соттың шешеімі бойынша төленіп отырған болса, онда алимент төлеуден босату алимент төлеуге міндетті тұлғаның өтініші бойынша сотпен шешіледі.

Егер алимент жақтардың келісімі бойынша төленір отырсы,онда алимент төлеушінің алиментті уақытылы төлемегендігі үшін жауапкершілік келісімде көрсетілген тәртіп пен негізде болады. Мысалы: кешіктіруіне байланысты айыппұл немесе өсімпұл төлеу. Егер алимент сот шешімі бойынша төленіп отырған болса, онда төлемеген әр бір күн ішін жалпы төленетін сумманың 1% төлейді. Алиментті уақытылы төлемегендігі үшін жауапкершілік тек оның себептері алимент төлеушіге байланысты мән жайлар болса ғана туады. Ал, егер жалақы уақытылы берілмесе немесе жеткізіп беруде кешіктіру болса және тағы басқа алимент төлеушіге қатысты емес мән жайларда жауапкершілік болмайды.

Алименттік міндеттемелердің тоқталу жағдайларының тізімі алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздеріне байланысты. Егер алименттік міндеттер жақтардың алимент төлеу туралы келісімі негізінде бекітілген болса онда ол а) жақтардың біреуінің өлімімен б) келісімнің әрекет ету уақытының бітуімен в) алимент төлеу туралы келісімде міндетті түрде көрсетілген басқа жағдайлар бойынша тоқтатылады.

Егер алимент сот шешімімен өндірілетін болса, онда:

Біріншіден, соттың шешімімен ата-ана кәмілет жасқа толмаған балаға алимент төлейтін болғандықтан,баланың кәмілет жасқа толуымен алимент төлеу тоқтатылады. Баланың кәмілетке толғандығы бойынша соттың шешімі немесе баланың толық әрекет қабілеттілікке ие болуы алименттік сіндеттен босату негізі болып табылады.

Екіншіден, алименттік міндет баланы асырап алуда, яғни баланы асырауда соттық тәртіпте алимент өндіріліп отырған болса тоқтатылады.

Үшіншіден, алименттік міндет бұрынғы еңбекке қабілетсіз мұқтаж ерлі зайып жаңадан некеге тұрғанда, яғни оған енді материальдық көмек көрсетуге жаңа некедегі ерлі зайыпты міндет болғандықтан тоқтатылады.

Төртіншіден, алименттік міндет алимент төлеуші немесе алушы жақтардың біреуі қаза болғанда тоқтайды.

Бесінші, алименттік міндет егер сот алимент алушының еңбекке қабілеттілігінің пайда болу немесе алимент төлеушінің көмегіне мұқтаждығының тоқтатылу фактілерін анықтап, орнатса.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-11 (7 п.)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных