ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Ерлі-айыптылардың жеке және мүліктік құқытары мен міндеттері.Ерлі – зайыптылар арасындағы жеке қатынастар, мүліктік қатынастармен салыстырғанда ерлі – зайыптылардың өмірінде,сөзсіз үлкен орын алады жғне маңызды роль атқарады. Алайда, жоғарыда атап өткендей, ерлі – зайыптылардың барлық мүліктік емес жеке қатынастары қ±қықпен реттелмейді. Достық, сүйіспеншілік, құрметтеу, бір – біріне деген сенім құқықтық реттеуге жатпайды. Ерлі – зайыптылардың күнделікті өмірінің негізін құрайтын қатынастардың көпшілігі құқықтан тысқары жатады. Сондықтан да құқықпен реттелетін ерлі – зайыптылар қатынастарының ішінде, жеке қатынастар мүліктік қатынастарға қарағанда елеулі түрде аз орын беріледі. Ерлі – зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттеріне арналған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 6 – тарауы бар болғаны үш баптан ғана тұрады, ал ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынасы 14 баппен реттеледі. Алайда, мәселе баптардың санында ғана емес. Тіпті, жеке мүліктік емес құқықтар отбасы құқығы нормаларымен бекітілген жағдайларда да, көптеген жағдайларда, бұл бар болғаны норма – декларациялар ғана, нақты заңдық нормалар емес, өйткені осы құқықтарды бұзғаны үшін санкциялар қолдану мүмкін емес. Ең алдымен, сөз, отбасы өмірі мәселелерін шешу кезіндегі ерлі – зайыптылардың теңдігін бекітетін нормалар туралы болып отыр. Алайда, норма – декларациялык-кұқықтық құндылықтарға ие емес деп санауға болмайды. Біріншіден, құқықтық нормалар қатарына моральдық нормаларды жатқызады, олар мемлекеттің отбасылық – құқықтық саясатын жария етеді, екіншіден, олар сондай – ақ тәрбиелік маңызға ие, белгілі бір мінез – құлық эталонын жасайды. Ерлі – зайыптылардың жеке қатынасын реттейтін нормаларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Ерлі – зайыптылардың айналысатын қызметін, мамандығын, тұрғылықты жерін таңдау құқығын бекітетін, құқықтық табиғаты бойынша конституциялық құқық нормалары болып саналатын нормалар бірінші топты құрайды. Санкциялар арқылы айырылған, жоғарыда айтылған норма – декларациялар екінші топқа кіреді. Және үшінші топ қана санкциялармен жабдықталған, кәдімгі отбасылық – құқықтық нормалардан тұрады. Ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынасы жеке мүліктік емес қатынасқа қарағанда құқықтық тұрғыдан неғұрлым жақсы реттеледі. Сондықтан да ерлі – зайыптылардың өмірінде онымен салыстырғанда елеулі түрде аз орын ала отырып, олар соған қарамастан құқықпен реттелетін ерлі – зайыптылар қатынасының басым көпшілігін құрайды. Ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынастары, біріншіден, мүліктік құқықтар әрқашанда дерлік мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігінен және мүліктік міндеттерді орындамағаны үшін санкциялар белгіленуі мүмкін екендігінен құқықтық реттеуді қажетсінеді. Мұнан өзге, мүліктік қатынастарда айқындық болуы қажет. Ерлі – зайыптылардың өздері, сол сияқты үшінші тұлғалар: мұрагерлер, кредиторлар, контрагенттер осыған мүдделі болып саналады. Алайда ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынасының барлығы құққыпен реттелмейді. Олардың кейбір бөлігі құқықтың сыртында қалады, мысалы, пәтерақыны кім төлейді, жазғы демалысты кім төлейді, осылар туралы күнделікті өмірде жасалатын ерлі – зайыптылардың келісімі, негізінен таза тұрмыстық сипатқа ие және мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыруға жатпайды. Ерлі – зайыптылардың меншігі туралы жалпы ереже қазіргі уақытта ҚР Азаматтық Кодексте (223-бабы) енгізілген. Демек, ерлі – зайыптылардың бір (бірлескен) меншігі бір мезгілде азаматтық және отбасы заңдарымен реттеледі. Тұтастай түрде меншік туралы және жиі түрде бірлескен меншік туралы Азаматтық кодекстің жалпыға бірдей нормалары оған қолдануға қолайлы. Ерлі – зайыптылардың меншігі туралы отбасы заңнамасы Азаматтық кодекске қайшы келеді. Ол, біріншіден, АК ережесін егжей – тегжейлі баяндап, оны толықтырады, екіншіден, отбасы қатынастарының ерекшелігімен байланысты, азаматтық заңнамада көзделген жалпы ережелерден белгілі бір ерекшелікті айқындайды. Ерлі – зайыптылардың меншік құқығы туралы азаматтық және отбасы нормаларының ара қатынасын, отбасы және азаматтық заңдарын жылпы және арнайы нормалар ретінде қарастыруға болатын неғұрлым айқын да анық иллюстрация деп есептеуге болады. Ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынасын реттейтін нормалар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте аса елеулі өзгерістерге ұшырады деп, сөзді көбейтпей-ақ айтуға болады. Мүліктік қатынастарды реттеудің принциптерінің өзі өзгереді. Ерлі – зайыптылардың келісімдерінің көмегімен оны өзгертуге рұқсат етпейтін императивтік нормалармен белігіленген ерлі – зайыптылар мүлкінің заңды тәртібінің орнына, жаңа заңнамада, диспозитивтік нормалармен белгіленген ерлі – зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі көрсетілген. Бұл тәртіп, егер ерлі – зайыптылар неке шартының көмегімен оны өзегерткісі келмесе немесе неке шарты бұзылса, сондай – ақ заңсыз деп танылса, осындай жағдайларда ғана ерлі – зайыптылардың мүліктік қатынастарына қолданылады. Ерлі зайыптылардың мүліктік қатынасын келесі екі топқа: ерлі зайыптылардың меншік қатынасы және ерлі зайыптылардың алименттік құқықтық қатынасына бөлуге болады. Аталған лекцияда қатынастардың бірінші тобы ғана қарастырылады. Меншік бойынша ерлі зайыптылардың қатынасын реттейтін нормалар, ерлі зайыптылар мүлкінің заңдық тәртібін белгілейтін нормаларды, үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша ерлі зайыптылардың жауапкершілігін реттейтін нормаларды енгізеді. Отбасы заңнамаларының диспозитивтік нормаларымен белгіленген ерлі зайыптылар мүлкінің тәртібі (режимі) ерлі зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі (режимі) деп аталады. Қазақстан заңнамасы бойынша ерлі зайыптылардың бірлескен меншігінің тәртібі ерлі зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі болып саналады. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 33- бабының 2-тармағында ортақ меншіктің негізіг түрлері келтірілген. Бұл ең алдымен, ерлі – зайыптылардың әр бірінің еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған кірістері, интеллектуаладық қызмет нәтижелері, зейнетақы, жәрдемақы және арнайы мақсатта тағайындалуға ие емес өзге ақша төлемдері. Сондай – қа жалпы табыс есебінен сатып лаған заттар, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, банкіге, өзге несие мекемелеріне салынған капиталдағы үлестер, сондай –ақ өзге кәсіпорындар мен ұйымдардағы салған үлестері, өзге мүліктер. Қай кезден бастап ерлі – зайыптылардың мүлкі ортақ болып саналатынын анықтаудың зор маңызы бар. Осыған байланысты шаруашылықты, мүлікті жүргізуден табыстарды бөлу кезінде ерлі – зайыптылар алған тұрмыстық заттар, ақша қаражаттары айтылған болатын, осы қаражаттарға сатып алған мүліктер, жалпы негіздегі ерлі – зайыптылардың бірлескен меншігі туралы АК нормаларымен және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен реттеледі. Ерлі – зайыптылар некеде тұрған уақыттың кез келген сәтінде, сондай ақ некені бұзғаннан кейін де бірлескен мүлікті бөлу құқығына ие. Бірлескен мүлікті бөлу туралы талапты сондай – ақ ерлі – зайыптылардың бірінің кредиторлары, ортақ мүліктегі оның үлесіне өндіруге тілек білдіру арқылы мәлімдемеуі мүмкін. Ерлі – зайыптылар арасында дау болмаған жағдайда мүлікті бөлу ерікті түрде жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ерлі – зайыптылар мүлікті бөлу туралы келісі жасайды. Осындай келісімге белгілі бір форма беру шынайылықталаптыр болып сналмайды. Ерлі – зайыптылар мұндай келісімді өз тілектері бойынша нотариатпен куәландыруы мүмкін., өйткені нотариаттық үлгі үшінші тұлғаоармен үлкен құқықтық айқындықты білдіреді. Келісімнің болуы жағдайдында, мүлік осы келісімге сәйкес бөлінеді. Ерлі – зайыптылар мүлікті теңдей үлестерде емес, басқаша пропорцияларды бөлуі мүмкін. Алайда үлестердің теңдігінен бас тарту үшінші тұлғалардың мүддесін бұзбауы тиіс. Атап айтқанда, егер мүлікті бөлу оның кредиторлары арқылы, ерлі – зайыптылардың бірінің мүлкіне өндіру мақсатын болдырмау мақсатында жүргізілсе, соңғы мүлікті бөлу туралы мұндай келісіммен таласуға құқылы. Келісімге келмеген жағдайда, ерлі – зайыптылардың бірлескен мүлкі сот тәртібінде бөлінеді. Некені бұзғаннан кейін бұрынғы ерлі – зайыптылар үш жылдық талап қою мерзімі шегінде ғана мүлікті бөлу туралы талап білдіруге құқылы. Қазақстан заңнамасында неке шарты институтының пайда болуы, шарт жасау, өзгерту немесе бұзу кезінде ерлі-зайыптылар кредиторларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін арнайы нормалар әзірлеуді талап етті. Неке шартының болу барлық жағдацларында кредиторлар, біріншіден, неке шарының бар, не жоқ екенін, екіншіден, оның мазмұны қандай екенін білуге мүдделі болады. Олар, ерлі-зайыптылардың мүлкі қалай бөлінетіндігі туралы ақпараттарға ие болуы тиіс, өйткені олар өндіретін мүліктің көлемі соған қатысты болады. Кредиторлардың үшінші тұлғалармен міндеттемелері туындаған жағдайда, егер ерлі-зайыптылар оны неке шартымен таныстырудан бас тартатын болса, онда ол олармен шарт жасаудан бас тартуға құқылы. Неке шарты өзгерген болса, егер ерлі-зайыптылар өзгерістің болғадығы туралы хабарлаудан бас тартса, мұндай жағдайда кредитор өз құқықтарын қорғай алмайды. Демек, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте 44-бабы ережесі: шарт жасау фактісі ғана емес, неке шартын бұзу және өзгерту және оның мазмұны туралы да хабарлау міндеттілігі туралы кеңірек түсіндіруді көздейді. Егер ерлі-зайыптылар неке шартын жасау, өзгерту немесе тоқтату туралы өз кредиторларын хабардар етпесе, олар неке шартының мазмұнына қатыссыз түрде олардың алдында міндеттемелер бойынша жауап береді. Бұл неке шартын заңсыз деп тануды білдірмейді. Оның ережелерін қолдану жалғаса береді, алайда тек үшінші тұлғаға қатысты емес, ерлі-зайыптыларға ғана қатысты. Мысалы, ерлі-зайыптылар не шартын мынадай түрде өзгертті делік: бұрын ортақ болған қарыздардың белгілі бір категориясы, олардың бірінің жеке қарызы болып есептелетін болады және мұндай өзгерістер туралы кредиторлар хабарлаған жоқ. Мұндай жағдайда кредиторлар бұрынғысынша ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен қарызды өндіруі мүмкін, өйткені олар үшін мұндай өзгерістердің күші жоқ. Алайда, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі есебінен олардың талаптарын қанағаттандырып болғаннан кейін, неке шартына сәйкес жаңғыз қарыздар болып саналатын ол, ерлі-зайыптының екіншісіне (еріне немесе жұбайына) оның үлесіне түскен қарызды өтеуі тиіс болады. Егер неке шарты жасалған, өзгерген немесе бұзылған болса және осындай өзгерістер немесе некені бұзу кредиторлар үшін аса қолайсыз болса, олар АК 402, 403-баптарына сәйкес мән-жайлардың түбегейлі өзгеруімен байланысты, ерлі-зайыптылармен немесе олардың бірімен өз шартын өзгерту немесе бұзу туралы талаптармен сотқа жүгінугетқұқылы. Аталған жағдайда олар, неке шарты арқылы олардың борышқорының (қарыздырының) мүліктік жағдайына енгізілген өзгерістер аса маңызды екенін, егер олар оқиғаның осылай өріс алуын (дамуын) алдын-ала болжап білген болса, онда олардың мүлде шарт жасамауы мүмкін екендігін немесе олар елеулі түрде басқа жағдайларда жасаған болуы мүмкін екендігін дәлелдеулеріне тура келеді. Неке шартымен белгіленген ерлі-зайыптылардың құқықтар мен міндеттерін белгілі бір жағдайлардың болуына немесе болмауына тәуелді етіп қоюға болады. Бұл талап тоқтаусыз, сол сияқты күшін жоюға болатын болуы мүмкін. Мысалы, ерлі-зайыптылар шартық тәртіп ретінде бөлек болу тәртібін таңдайды, алайда, бала туған жағдайда бұл режим ортақтық тәртіппен ауыстырылатынын көрсетеді. Немесе ерлі-зайыптылардың бірі, өз оқуын аяқтағанға дейін өзін асырау құқығын иеленеді. Осы шарттарға қойылатын талап, әдетте шартты мәмілелерде қойылатын талаптар сияқты болады. Неке шарты, егер түбегейлі шатастыру немесе алдау жолымен жасалса, талас тудырарлық мәміле болып саналады. Шатастыру немесе алдау осындай шартты заңсыз деп тану үшін жеткілікті түрде негіз болып қызмет етеді, егер соның нәтижесінде ерлі-зайыптылардың бірінің неке шартының табиғаты туралы немесе оның түбегейлі талаптары туралы дұрыс емес түсінік пайда болады. Егер ерлі-зайыптылардың бірінде заңдық сауаты болмауынан немесе өзге себептер бойынша, неке шарты ретінде ол өзі үшін ерлі-зайыптылар мүлкінің басқа тәртібін белгілеп, оны түсіну жағдайында болмаса, салыстырмалы түрде неке шартының табиғатын шатастыру болуы мүмкін. Бүл сөз осыған дейін жинаған мүлікті бөлу жайында болып отыр немесе шарттық сипаты туралы өзге бұрмаланған түсініктер туралы болып отыр деп жорамалдауы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың неке шартын жасау кезінде оны шешуге түбегейлі әсерін тигізетін мән-жайлар туралы түсініктері дұрыс емес болуы мүмкін. Мысалы, ол ерлі-зайыптылардың бірінің, салыстырмалы түрде денсаулық жағдайына, еңбекке қабілеттілігіне, мүліктік жағдайына, олардың балаларының бар екендігі туралы шатастыру үшін енгізілуі мүмкін. Неке шартын жасау себептері бойынша шатастыру, белгілі бір жағдайларда олар, неке шартының жеке сипатын ескере отырып, шешуші рол атқаруы мүмкін болса да, түбегейлі маңызға ие деп танылмайды. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бірі, екіншісінің сүйіспеншілігін басшылыққа ала отырып, ол да осындай сүйіспеншілікпен жауап береді деген жорамалмен, өзге еңбекке қабілетті ерлі-зайыптылардың бірінің мазмұнын көздейтін неке шартын жасайды, содан кейін, ерлі-зайыптылардың екіншісінің тарапынан некеге отыру есеппен жасалғанын біледі, мұндай жағдайда біздің пікіріміз бойынша, сот, бұл жағдайда назар аударусыз қалдырмайды. Неке шарты ерлі-зайыптылардың бірінің немесе үшінші тұлғалардың құқығын бұзатын жағдайларға, осындай шарт жасаудың белгілі бір тәжірибесі қалай қалыптасатындығына қарай, сөзсіз түрде, барған сайын азая түседі. Неке шарты, оны жасағысы келетін ерлі-зайыптылардың әрбір жұбына өзі үшін мүліктің оңтайлы құқықтық тәртібін таңдауға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-11 (7 п.) Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|