Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Отбасылық-құқықтық қатынастар




 

Отбасылық – құқықтық қатынастар – бұл отбасы құқығының нормаларымен реттелетін некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе ата-анасыз қалған балалардың басқа да нысандарынан туындайтын қоғамдық қатынастар.

Отбасылық – құқықтық қатынастардың төмендегідей арнайы белгілері бар:

1. отбасылық-құқықтық қатынастардың субьективті құрамы заңмен анықталған;

2. олар созылмалы сипатта болады;

3. отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз негізде болады;

4. олар арнайы заңдық деректердің негізенде пайда болады;

5. отбасылық-құқықтық қатынастар әкімшілік қатынастармен жиі табысып отырады.

Отбасылық-құқықтық қатынастардың субьектілері – бұл субьективті отбасылық-құқықтар мен міндеттерге ие отбасылық-құқықтық қатынастардың қатысушылары. Отбасылық-құқықтық қатынастардың әрбір субьектісі отбасылық құқыққабілеттілікке ие, сонымен қатар әркетке қабілеттіліктің болуы отбасылық құқықтық қатынасқа түсудің қажетті шарты болып әрқашан табыла бермейді. Отбасылық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің ерекшеліктері туралы келесі сұрақта қарастырамыз.

Отбасылық-құқықтық қатынастардың обьектілері болып әрекет және мүлік табылады. Отбасылық қатынастардың ең көп таралған оьбектісі – адамдардың сапалы іс-әрікетінің нәтижесі ретіндегі әрекет.

Отбасылық-құқықтық қатынастардың мазмұны – бұл олардың қатысушыларының субьективтік құқықтары мен міндеттері.

Субьективті құқық – бұл өкілетті адамның мүмкін болатын іс-әрекетінің заңды қамтамасыз етілген шарасы, сонымен қатар басқа тұлғалардан тиісті іс-әрекетті талап ету мүмкіндігі.

Субьективті міндет – белгілі бір іс-әрекетті жасаудан бас тартуды қажет ететін міндетті адамның тиісті іс-әрекетінің заңды шарасы.

Яғни, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке өзара келісімдері бойынша ие болу, пайдалану және билік ету үшін субьективті құқықтары болады. Олардың сонымен қатар барлығынан және әрбірінен көрсетілген құқықтарды бұзудан бас тартуын талап ете алады.

Отбасылық-құқықтық қатынастарды классификациялау олардың мазмұнының күрделі болуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады. Мысалы, некелік құқықтық қатынастардың құрамына ерлі-зайыптылардың жеке құқақтары мен міндеттері, олардың ортақ бірлескен мүлік және өзара матеиалдың қамтамасыз ету бойынша құқықтары мен міндеттері кіреді. Осыған байланысты некелік құқықтық қатынастар жеке құқықтық қатынас болып табыла ма, әлде бірнеше құқықтық қатынастардың жиынтығы болып табыла ма деген сұрақ туындайды.

Е.М.Ворожейкиннің ұсынысы бойынша отбасылық құқықтық қатынастардың көпшілігін күрделі, құрама және өздерінің ішінде бір сипаттағы әр түрлі құқықтық құбылыстардан тұрады деп қарастыру керек.

Отбасылық құқықтық қатынастарды әр түрле негіздер бойынша бөлуге болады:

- мазмұны бойынша

- субьективті құрамы бойынша

- субьективті құқықтарын қорғау сипаты бойынша

Мазмұны бойынша отбасылық құқықтық қатынастар жеке мүліктік емес және мүліктік болып бөлінеді. Мұндай жіктеу мүліктік құқықтар мен міндеттердің белгілі бір экономикалық мазмұнына байланысты. Жеке құқықтар мен міндеттерде мұндай мазмұн жоқ, себебі олар материалдық емес, жеке тұлғадан бөліп қарастыруға келмейтін игіліктерден тұрады.

Субьектілі құрамы бойынша отбасылық құқықтық қатынастарды келесідей бөлуге болады:

- ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары;

- бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы;

- ата-аналар мен балалар арасындағы, асырап алушылар мен асырап алынғандар арасындағы (ата-аналақ құқықтық қатынастар);

- отбасының басқа да мүшелерінің арасындағы;

- қамқоршылар (қорғаншылар) мен қамқорлығындағы кәмелетке толмағандар арасындағы;

- өгей ата-аналар мен өгей балалар арасындағы;

- өгей ата-аналар және қорғаншы мен қамқоршы органдар арасындағы.

Отбасы заңдарында отбасылық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік деген анықтамалар жоқ. Осыған байланысты азаматтық заңдарға назар аудару қажеттілігі туындайды, онда ҚР Азаматтық Кодексінің 13-бабының 1-тармағы бойынша азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз.- белгілі бір құқықтарға ие болып, міндеттер жүктелінуі, ал әрекет қабілеттілік – азаматтық құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асыруы, өзі үшін азаматтық міндеттерді қалыптастырып, оларды орындауды айтамыз (ҚР АК 17-бабының 1-тармағы). Осы айтылғандардың негізінде ұқсастығы бойынша отбасылық құқық қабілеттілікке және әрекет қабілеттілікке түсініктеме беруге болады.

Отбасылық құқық қабілеттілік бұл азаматтың белгілі бір жеке немесе мүліктік құқықтарға ие болып, міндеттер алуы. Отбасылық құқық қабілеттілікке отбасылық құқықтық қатынастардың әрбір субьектісі ие. Отбасылық құқық қабілеттілік, азаматтық сияқты дүниеге келгеннен бастап пайда болады. Белгілі бір жасқа жетуіне байланысты оның көлемі ұлғаяды. Мысалы, неке тұру, қамқоршы, қорғаншы, бала асырап алушы болуға тек қана кәмелетке толғаннан кейін ғана жол беріледі.

Сонымен қатар отбасылық құқық қабілеттілікке абстрактілік қасиет тән. Яғни ол заңмен бекітіледі және Отбасылық қатынастардың қатысушыларының еркіне, саласына, әрекетіне байланысты емес. Мысалы, 18 жасқа толған әрбір азамат некелік құқық қабілеттілікке ие болады, бірақ бұл азаматыққ неке құрғысы келетін келмейтініне тәуелсіз болмайды.

Отбасылық әрекет қабілеттілік – бұл азаматтың өзінің әрекеттерімен олтбасылық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асыруы, сонымен бірге өзі үшін отбасылық міндеттерді қалыптастырып, оларды орындау.

Әдебиеттерде азаматтық құқықтан айырмашылығы, отбасылық қатынастарды реттеуде әрекет қабілеттілік дара маңызға ие болмайды деген пікір айтылған. Яғни, отбасылық қатынастар субьектісінің жасы ғана ескеріледі.

Ал кейбір ғалымдардың пікірі бойынша отбасылық құқықтар мен міндеттердің басым көпшілігіне ие болу және жүзеге асыру үшін отбасылық қатынастардың қатысушылары әрекет қабілеттілікке ие болуы қажет. Сонымен қатар әрекет қабілеттіліктің болуы барлық отбасылық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгеруінің, тоқтатылуының алғы шарты болып табыла бермейді.

Мысалы, ата-аналық құқықтық қатынастарда балалар отбасылық әрекет қабілетсіз болып табылады, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»” Кодекстің Заңының 9-тарауы бойынша жеке құқыққа ие болушылар ретінде қарастырылады.

Отбасылық құқықтық нормалар өз бетімен отбасылық құқықтық қатынастарды пайда болдыра, өзгерте немесе тоқтата алмайды, бірақ олар жоғарыда аталған салдарларды тудыратын белгілі бір өмірлік жағдайларды көрсетеді. Мұндай жағдайлар құқықтық ғылымда заңдық фактілер деп аталады.

Отбасы құығындағы заңдық фактілер – бұл әрекет етуші отбасы заңдарына сәйкес отбасылық құқықтық қатынастар пайда болуға, өзгертуге немесе тоқтатуға негіз болып табылатын нақты өмірлік мән-жайлар. Заңдық фактілердің жалпы белгілері болып мыналар табылады:

а) заңдық фактілер – бұл нақты өмірлік мән-жайлар;

б) заңдық фактілер адам санасына тәуелсіз;

в) заңдық фактілер белгілі бір салдар тудырады: құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы.

Отбасы құқығындағы заңдық фактілердің арнайы белгілері мыналар:

А) олар отбасы заңдарының нормаларымен көзделеді

Отбасы құқығында кейбір жағдацларда белгілі бір құқықтық салдарлар бір ғана заңдық фактімен емес, олардың жиынтығымен баыланысты болады;

Б) отбасы құқығында заңдық фактілер ретінде әрекет етеді (туыстық, неке, бала асырап лау, қамқоршылық, қорғаншылық).

В) жағдай – созылмалы сипатта болады және бірнеше рет отбасылық құқықтықтар мен міндеттердің пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері ретінде болып келуі мүмкін.

Г) отбасы құқығында заңдық фактілердің бір түрі ретінде мерзімдер қарастырылған.

Отбасы құқығында заңдық фактілерді жіктеу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі:

- Ерікті белгісі бойынша;

- әркет ету мерзімі бойынша;

- құқықтық салдары бойынша.

Ерікті белгісі бойынша заңдық фактілер әрекет және оқиға болып бөлінеді.

Әрекет – адамдардың саналы өмірінің нәтижесі болып табылатын нақты өмірлік фактілер.

Олар құқыққа сай және құқыққа сай емес болып екіге бөлінеді. Құыққа сай әрекеттер де екіге бөлінеді:

- заңдық актілер – белгілі бір отбасы – құқықтық салдарға бағытталған әрекеттерге (неке құру туралы арыз);

- заңдық қылықтар – өзі жасайтын адамның еркінен тыс құқықтық салдар тудыратын әрекеттер (өгей шешенің өгей баланы тәрбиелеуі, оның алимент алу құқығын туғызады).

Оқиғалар – адамдардың еркінен тыс пайда болатын заңдық маңызы бар жағдайлар. Жағдайлар абсолюттік, яғни адамдардың еркіне толық бағынышты емес (зайыбының қайтыс болуы – некелік құқықтық қатынастардың тоқтатылуына негіз болып табылады), қатысты – бұл адамның еркімен пайда болады, бірақ өзінің дамуында тәуелсіз болады.

Заңдық фактілер мерзімдері бойынша қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді:

- қысқа мерзімді заңдық фактілер белгілі бір уақытта тоқтатылады және бір рет қана заңдық салдарлар тудырады (баланың дүниеге келуі, отбасы мүшелерінің біреуінің қайтыс болуы). Қысқа мерзімді заңдық фактілерге оқиғалар да, әрекеттер де жатады.

- ұзақ мерзімді заңдық фактілер көп уақытқа созылады және әрбір кезең сайын құқықтық салдар тудырады (ерлі-зайыптылық, туыстық, қажеттілік).

Заңдық факті – жағдайлардың отбасы құқығында ең көп таралған түрлері: туыстық жіне релі-зайыптылық болып табылады.

Туыстық – бұл атадан адамның басқа бір адамнан немесе әр түрле адамдардың ортақ арғы атадан шығуына негізделген адамдардың қандық байланысы.

Туыстық екіге бөлінеді:

A. Тікелей

B. Жанама

Тікелей туыстық – бұл бір тұлғаның басқа бір тұлғадан шығуына негізделеді. Тікелей туыстық өспелі немесе кемімелі болуы мүмкін.

Жанама туыстық – әр түрлі тұлғалардың бәріне бір ортақ ата тектен тарауына негізделеді.

Бірге туған аға мен қарындастың ортақ ата тегі болып олардың әкесі немесе шешесі табылады. Егер балалар ортақ ата-анадан туылған болса олар толықтуыс, ал егер ата-ананың біреуі ғана ортақ болатын болса, жартылай туыс болып аталады.

Егер балалар ортақ әкеден және әр түрлі анадан, болатын болса, олар бірқанды болып табылады. Ал егер ортақ анадан, бірақ әр түрлі әкелерден туатын болса, онда бір құрсақтан деп аналады.

Отбасы құқығында толық және жартылай туыстық бірдей заңдық мағынаға ие.

Әрекет етуші отбасы заңнамасында туыстықтың дәрежесіне құқықтық мағына береді. Туыстықтың дәрежесі – бұл екі адамның туыстығының пайда болуының алғы шарты болып табылатын дүниеге келулерінің саны.

Мысалы, ата мен немере туыстықтың екінші дәрежесінде тұрады, өйткені олардың арасында туыстықтың пайда болуы үшін атаның дүниеге келуінен бөлек екі адамның дүниеге келуі қажет:

1) немересінің анасының дүниеге келуі (атасының қызының) және

2) немересінің өзінің дүниеге келуі.

Отбас құқығында заңдық мағынаға тек жақын туыстық қана, заңда көзделген тәртіппен ие болады.

Жекжаттық қарым – қатынастар – туысқандардың біреуінің некелік одағынан туындайтын адамдар арасындағы қатынастар; ерінің зайыбының туысқандарымен арасындағы қатынастар; ерлі-зайыптылардың туысқандарының арасындағы қатынастар.

Жекжаттық қарым-қатынастардың қасиеттері:

o некеден туындайды;

o қандық жақындыққа негізделмеген;

o неке тіркеу кезінде ерінің және (немесе) әйелінің тірі туысқандарының болуынан пайда болады.

Жекжаттар: қайын ата (қайын ене) – күйеуінің (әйелінің) әкесі (шешесі); күйеу бала – қызының немесе қарындасының ері; келін – баласының әйелі; өгей шеше – әкенің алдыңғы некеден туған балаларына қатысты әйелі болып табылады;

өгей әке-шешенің алдыңғы некеден туған балаларына қатысты күйеуі; өгей ұл (қыз) – релі-зайыптылардың алдыңғы некеден туған балаларының лдарға қатыстылығы; қайын апа – күйеуінің апасы, балдыз - әйелінің бауыры; бажа – қайын апаның күйеуі (еріне қатысты).

Отбасы құғында өгей әке-шеше мен өгей балалардың арасындағы туыстық қатынастар ғана реттелген. Бұл өгей ата-ананың өздерінің өгей балаларынан өтемақы алуға болатын негіздердің бірі болып табылады (Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 4 бабына сәйкес 141-бабы).

Ері мен әйелі, ереже бойынша, туысқан болып табылмайды. Олар некелік құқықтық қатынастарда тұрады, бұл терминологиялық мағынасы бойынша ерлі-зайыптылық құқықтық қатынастарға тең. Бірақ жақын туыс емес адамдардың арасында неке қиылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 12-бабы бойынша жақын туысқандардың арасында неке қиюға тыйым салынған, олар ата-аналар мен балалардың, ата (әже) мен немерелердің, толық немесе жартылай қандас ағалар мен қарындастардың арасында тыйым салынады. Бұл тізім бойынша үшінші және одан да жоғары дәрежедегі жанама туыстық неке қию үшін бөгет болып табылмайды. Жоғарыда атап өткендей, мұндай туыстықтың отбасы құқығында құқықтық мағынасы болмайды.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-11 (7 п.)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных