ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесіПәні бойынша 5В030100- «Құқықтану» мамандығы үшін ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus)
Курс: 2(4), 3(4), 1(3) к/б Семестр: 4,6,2 к/б Карағанды – 2016 Құрастырушы: Азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының з.ғ.м., аға оқытушысы Асетова Г. Б.
ОБ кредиттік жүйе жағдайындағы оқу үрдісін анықтаушы негізгі құжат болып табылады. «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» ОБ оқу пәнінің келесі негіздерін мазмұндайды: бақылау нысандары, семинар сабақтарының жоспары, семинарға дайындалуда қолданылатын әдістемелік нұсқаулар, оқытушы басшылығымен студенттердің оқу жоспары бойынша өзіндік жұмысы, курс бойынша жазбаша жұмыстар мен өзін-өзі бақылауға арналған тесттілік жұмыстар.
Заң факультетінің күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне арналған.
5В030100- «Құқықтану» мамандығы үшін «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» құқығы пәні бойынша оқу – әдістемелік кешені / Құраст. Асетова Г.Б. – Қарағанды: ҚарМУ Баспасы, 2016.-95б.
© Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2016 ж. 3 Күндізгі оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары
2. Оқытушылар туралы ақпарат: Асетова Г.Б. азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы. Кафедра Е.А. Бөкетов атындағы КарМУ - № 326 аудиториясында орналасқан. Кафедрада болатын уақыты: дүйсенбі-жұма 10.00-17.00. e-mail:gulnur _asetova@mail.ru
3. Пререквизиттері: Осы курс басталғанға дейін оқушылар 1 және 2 курстарда «Рим құқығы», «Азаматтық құқық /жалпы бөлім/, «Мемлекет және құқық теориясы» пәндерін оқыту барысында қажетті құқықтық және тарихи білімдерді меңгерулері тиіс.
4. Постреквизиттері: Отбасылық құқықтан кейін келесі пәндерді оқып-үйрену қажет: азаматтық іс жүргізу құқығы, шарттық құқық, кәсіпкерлік құқық. халықаралық жеке құқық сонымен қатар басқа да заңдық пәндер. Бұл оқу курстары отбасы құқығының шығу, даму, функциялау заңдылықтарын жүйелі түрде ашуға, құқықтық білімдердің дамуына бағытталған. Жоғарыда аталып өткен Рим құқығы мен басқа теориялық ғылымдарды оқып-үйренген соң олардың кәсіби қызметтерінде қажет болуы мүмкін құқық салаларын. оқу пәндерін және арнайы курстарды оқулары керек
5. Пәннің қысқаша мазмұны: Отбасылық құқық жеке құқық саласы бола отырып, қоғамдық ғылымдар жүйесінде ерекше орынға ие болады. Ол қоғамдық қатынастардың тарихи дамуындағы құқықтық нормаларды оқытатын заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады, мемлекет және құқықтың жалпы теориясымен жасап шығарылған құқықтың категорияларын және дефеницияларын пайдаланады. Отбасылық құқық оқу пәні ретінде неке түсінігін, оның құрылымы мен мөлшерін, отбасы ішінде қалыптасатын қатынастар сипаттамасын /мүліктік және мүліктік емес/, негізгі құқықтарды оқып-үйренуге көмектеседі. Пәнді оқытудың міндеттері: жұбайларды, ата-аналардың, балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың міндеттері, некеге отыру мен оны бұзудың құқықтық салдары, оны жарамсыз деп тану, бала асырап алу және ата-ана құқығынан айыру. «Отбасы құқығы» пәнін оқыту міндеті болып неке мен отбасының мәнін ашу, сондай-ақ отбасылық-некелік қатынастар субъектілерінің /ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары, балалары және жұбайларық негізгі құқықтары мен міндеттері табылады. Неке және отбасы туралы жалпы ережелерді толық талдау негізінде неке-отбасылық қатынастардың мазмұны мен олардың нақты түрлерін оқыту. Мысалы, жұбайлар арасындағы қатынастар, алименттік қатынастар, бала асырап алу жөніндегі қатынастар т.б. Студенттерді оқытылған сұрақтарды не мәселелерді тек қана теоретикалық ойлауға ғана емес, сонымен қатар оларды практикада, нақты істерді шешу процесінде қолдануға, отбасылық-некелік заңдылықтардың бұзылуын тез және дұрыс байқауға және заң талаптарын сақтай отырып олардың алдын алуға үйрету. Сондай-ақ студенттерді арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға, ғалымдардың көзқарастары бойынша өздерінің пікірлерін еркін айтуға, анализ жасауға, осы көзқарастар негізінде келтірілген заңдардағы өзгертулердің қандай құқықтық салдарға әкелетінін бағдарлауға үйрету қажет. Курсты оқыту заң мамандығынан білім алып жатқан студентке қазіргі құқық пен мемлекеттің қызметтерінде маңызды роль атқаратын ең қажетті құқықтық тарихи аспектілерді меңгеруге көмектеседі. Азаматтық құқық пәнін жетік түсінуде мына пәндерді терең зерделеген жөн: “Мемлекет және құқық теориясы”, “Жалпы мемлекет және құқық тарихы”, “Рим құқығы”. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|