ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуАзаматтық хал актілерін жазу органдарында некені (ерлі-зайыптылықты)бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 17-бабының 2-тармағы бойынша ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін: 1. сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 2. сот әрекетке қабiлетсiз деп таныса; 3. сот әрекет қабiлетi шектеулi деп таныса; 4. қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлi-зайыптылық) ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша тiркеушi органдарда бұзылады. Некенің (ерлі-зайыптылықтың)бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтық зал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені (ерлі-зайыптылықты)ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені(ерлі-зайыптылықты)қалпына келтіруге болмайды. Ал неке (ерлі-зайыптылықты)қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса бұл ереже қолданылмайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|