ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзуЕрлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың біреуінің ажырауға келісімі болмаған жағдайларда неке (ерлі-зайыптылық)сот тәртібімен бұзылады. Бұл екі жағдайдың арасында маңызды айырмашылықтар бар. Некені (ерлі-зайыптылықты)ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша бұзу кезінде, яғни, ортақ кәмелетке толмаған балалары бар, сот АХАТ органдарының ролін атқарады. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 19-бабы бойынша неке (ерлі-зайыптылық)мынандай жағдайларда сот тәртібімен бұзылады:
Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Әрине бұл ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайға байланысты айтылған жайт. Сонымен қатар Кодекс бойынша ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін 6 ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 21 бабында аталған ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі болған жағдайда сот некені айырылысу себептерін анықтамай-ақ бұзады. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі. Заң бойынша ерекше жағдайларда сот бұл мерзімді азайтуы мүмкін. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбеккке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады. Егер ерлі-зайыптылардың арасында бұл аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот: 1) неке бұзылғанан кейін кәмелетке толмаған балалар ата- анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға; 2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріп алынатынын белгілеуге; 3) ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге; 4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сол мүлікті бөлу туралы жеке іс жүргізіліп, талапты жеке істе қозғауға құқылы. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған жағдайда – соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай-ақ неке (ерлі-зайыптылықты) қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға құқығы жоқ.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-11 (7 п.)
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|