Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Отбасы




 

Ата – ана мен баланың арасындағы құқықтық қатынастың пайда болуының заңдық негізі – баланың ата – анадан шығу тегі болып табылады. Әлемде ата – аналар қарым – қатынасы тек қана биологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылатын теория қалыптасқан және де әлеуметтік әкелік немесе ана болу концепциялары пайда болған.

Ата – аналардың құқықтық қатынастарының пайда болуы ҚР ««Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 46-бабы бойынша балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

Әкелікті анықтауды тіркеу АХАТ органдарында жүргізіледі. Бір – бірімен некеде тұратын ата – аналардың баласының шығу тегі ата – аналардың некесі туралы жазумен куәландырылады.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте 47-бабынынң 4-тармағы бойынша баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының АХАТ органына бірлесіп арыз беру жолымен жүргізіледі.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 487-бабы бойынша бір-бірімен некеде тұрмайтын ата- аналардан бала туған жағдайда және ата – ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арызы болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегі ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай – ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 205-бабы бойынша әке болуды анықтауды тіркеу ата – ананың біреуі тұратын жер бойынша АХАТ органдарында, ал сот шешімі бойынша әкелікті анықтау барысында сол шешім шығарған жердегі АХАТ органдарында жүргізіледі.

Кәмелет жасқа толған адамдарға қатысты әкелікті анықтауды тіркеу туралы өтініш, оның келісімімен ғана рұқсат етіледі, ал егер ол әрекет қабілетсіз болса, оның қорғаншысының немесе қамқоршысының келісімімен жол беріледі. Мұндай жағдайларда ата – аналардың өтініштеріне міндетті түрде кәмелетке толған адамның немесе оның қорғаншысының жазбаша келісімі қосылуы қажет.

Әкелікті анықтауды тіркеу туралы өтініш ҚР Әділет министрлігінің бекіткен нысанға сай болу керек. Мұндай нысан болмаған жағдайда өтініште осы нысанда көрсетілген барлық мәліметтер болуы тиіс.

Өтініш түскен күні өтініштерді тіркейтін арнайы журналда тіркелуі қажет.

Әкелікті анықтауды тіркеу, баланың әкесінің некеде болуына байланысты емес. Сондықтан ерінің келісімі әкелікті анықтауды тіркеуге қажет емес.

АХАТ органдары, егер баланың туу туралы актісінде әкесі көрсетілген болатын болса, мұндай өтінішті қабылдай алмайды. Мұндай жағдайда әкелікті анықтауды тіркеу туралы өтініш түскен болса, АХАТ органдары баланың тууы туралы актілерді, яғни әкесі туралы мәліметтерді тексеруге міндетті.

Мұндай тексеріс мынадай жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:

а) егер әкелікті анықталушы баланың шешесі тіркелген некеде тұратын болса;

ә) егер баланың анасы тіркелген некеде тұрмаса, ал баланың тууы туралы куәлігінде анасының фамилиясына сәйкес келмейтін әкесінің фамилиясы көрсетілген жағдайда.

Егер туу туралы басқа АХАТ органдарында тіркелсе, оның көшірмесі АХАТ органымен бір айдың ішінде сұратылуы тиіс. Мұндай жағдайда өтініш журналда түскен күні әдеттегі тәртіппен тіркеледі, ал әкелікті анықтау тууы туралы жазу актісінің көшірмесін алған уақыттан басталады. Сонымен қатар тууы туралы жазба актісінің көшірмесін сұратқандығы жөнінде өтініш берушілерді хабарландырады және оны белгілі бір алу уақытын есептей отырып, әкелікті анықтауды тіркеу күнін белгілейді.

Егер баланың тууы туралы жазба актілерінде баланың әкесі ретінде өтініш берушінің жұбайы немесе басқа адам көрсетілсе (ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 49-бап 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда), әкелікті анықтауды тіркеуден, баланың тууы туралы жазба актілерінен әкелік туралы мәліметтерді алып тастау бойынша соттың шешімінсіз, бас тартылады.

Сот шешімімен психикалық ауруы немесе ақыл – ес кемістігі бойынша әрекет қабілетсіз деп танылған адамның, соынмен қатар оның қорғаншысының өтініші бойынша әкелікті анықтауға жол берілмейді.

Тууды және әкелікті анықтауды бір мезгілде тіркеу кезінде міндетті түрде тууы туралы және әкелікті анықтау туралы жазба актісінде қалыптасады. Сонымен бірге тууы туралы жазба актісінде баланың фамилиясы анасының фамилиясы бойынша көрсетіледі, ал оның әкесінің аты және әкесі туралы мәліметтер ата –аналардың әкелікті анықтау туралы бірлескен өтініші бойынша жазылады. Егер де ата – аналар (әкесі) балаға әкесінің фамилиясын бергісі келетін болса, бұл әкелікті анықтау туралы актінің негізінде өзгертіледі.

Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтiк
әдiстер мен технологияларды қолдану.
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 1 бабына сәйкес суррогат ана болу дегеніміз – сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлi-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күнi жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу. Суррогат ана болу шарты - некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) және балалы болғысы келетiн адамдар мен қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы нотариатта куәландырылған жазбаша келiсiм. Суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және мiндеттi түрде нотариатта куәландыруға жатады.Суррогат ана болу шартының жасалуы қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде туған балаға ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) ата-аналық құқықтары және мiндеттерiнiң болуын әдейi көздейдi. Суррогат ана болу шартымен бiр мезгiлде ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) тиiстi қызметтер көрсететiн, қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 56 бабына сәйкес суррогат анаға келесі талаптар қойылады:

- жиырмадан отыз беске дейiнгi жастағы;

- медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы, сондай-ақ өзiнiң денi сау баласы бар суррогат ана болуға тiлек бiлдiрген әйел.

Егер суррогат ана тiркелген некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) жағдайда, суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде жұбайының нотариат тәртiбiмен куәландырылуға тиiс жазбаша келiсiмi ұсынылуы қажет. Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым балалы болуға тiлек бiлдiрген адамдардың өздерiнiң не донор банктiң биоматериалдарының сол үшiн пайдаланылғаны туралы толық әрi жеткiлiктi ақпаратпен оларды қолдану туралы қорытынды шығаруға мiндеттi. Қорытындының бiр данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса берiледi және мәмiленiң жасалған жерi бойынша сақталады.

Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер):

1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуiмен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
2) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
3) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерiн ұсынуға;
4) суррогат ананың жүктiлiгi, босануы кезеңiнде және босанғаннан кейiн елу алты күн iшiнде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктiлiкпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпiс күн iшiнде шығыстарды төлеуге мiндеттi.

Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:

1) тапсырыс берушiлерге өзiнiң тән саулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;

2) дәрiгердiң үнемi бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерiн қатаң сақтауға;
3) өзiмен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерiлген кезеңдiлiгiмен жүктiлiктiң барысы туралы хабардар етуге;

4) туған баланы өзiмен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге мiндеттi.

Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес. Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметiн жалғастыру мәселесi суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi. Суррогат ана репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылғаннан кейiн суррогат ана болу шартында көзделген жүктiлiк үшiн жауаптылықта болады және табиғи жүктi болу мүмкiндiгiн болғызбауға мiндеттi. Көп құрсақ көтерiп жүктi болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.

Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) суррогат ана болу шарты негiзiнде қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде туған баланың ата-аналары болып танылады.

Мұндай әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде не суррогат ана болу шартына сәйкес екi және одан да көп бала туған жағдайда ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) әрбiр туған бала үшiн тең жауаптылықта болады.

Суррогат ана болу шартын жасасқан жұбай (тапсырыс берушi) бала туғаннан кейiн туу туралы медициналық куәлiкте оның анасы болып жазылады.

Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) баладан бас тартуы оның туылғаны тiркеушi органда тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен ресiмделедi.

Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолдануға өз келiсiмiн берген не суррогат анамен шарт жасасқан ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан жағдайда, суррогат анадан материалдық шығыстарды өтеудi талап етуге құқылы емес.

Суррогат анамен шарт жасасқан ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан жағдайда, ана болу құқығы өз қалауы бойынша суррогат анада қалатын болады, ал ол бас тартқан жағдайда, бала мемлекет қамқорлығына берiледi.
Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан кезде және баланы суррогат ана қабылдап алған кезде бұл адамдар суррогат анаға шартта белгiленген мөлшерде және тәртiппен өтемақы төлеуге мiндеттi. Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзған жағдайда, суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшiн жауапкершiлiк ерлi-зайыптылардың екеуiне де жүктеледi.

Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) бiреуi қайтыс болған жағдайда суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшiн жауапкершiлiк олардың көзi тiрiсiне жүктеледi.Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) екеуi де қайтыс болған және олардың жақын туыстары туған баланы асырап алудан бас тартқан жағдайда, бұл бала суррогат ананың тiлегi бойынша - оған, ал ол бас тартқан жағдайда, мемлекет қамқорлығына берiлуi мүмкiн.
Қорғаншылық нысанында баланың суррогат анаға не мемлекеттiк ұйымдарға берiлуi оның суррогат ана болу шарты бойынша ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) мұрагерi ретiндегi құқықтарын тоқтатпайды.

Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялардың пайдаланылмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейiн суррогат ана табиғи түрде жүктi болған жағдайда шарт бұзылады, ол суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушiлер жұмсаған барлық шығыстарды төлейдi.

 

Баланың дүниеге келуі ата-аналар мен оның арасында құқықтық қатынастардың пайда болуына әкеліп соқтырады. «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» деген жалпы түсінік ата-аналарға отбасы қатынастарының субъектісі ретінде тиесілі болатын белгілі бір мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің топтарын біріктіреді.

В.А.Рясенцевтің пікірі бойынша ата-аналар құқықтарының арнайы белгілері бар:

Біріншіден, олар қысқа мерзімді сипатта болады, өйткені ата-аналарға тек қана балалар кәмелетке толғанға дейін тиісті болады.

Екіншіден, бұл құқықтық қарым – қатынастарда ата-аналар мен балалардың мүдделері бірігеді. Балалар заңмен қоғалуға ие болады.

Заң бойынша ата-аналар өздерінің балаларына қатысты тең құқықтарға ие болып, тең міндеттер атқарады. Бұл құқықтардың көлемі балалардың заңды некеде туылғанына немесе туылмағанына, әкелігі ерікті немесе сот тәртібімен анықталғанына байланысты емес. Сонымен қатар ата-аналардың баламен бірге тұруына немесе тұрмауына байланысты болмайды. Егер ата-аналар бөлек тұратын болса, баланың кіммен тұратыны олардың арасындағы келісім бойынша анықталады.

Егер ата-аналар өзара келісімге келе алмаса, онда кәмелетке толмаған балалардың кіммен тұратыны сотпен анықталады.

Сот мұндай жағдайда баланың пікірін ескереді. Қажеттілік туындаған жағдайда қорғаншы және қамқорша органдар ата-аналардың әрқайсысының өмір сүру жағдайларын тексереді. Материалдық жағдайларымен қатар, баланың ата-аналарының әрқайсысымен арасындағы қарым – қатынасы, баланың ата-аналарымен, ағаларымен және апаларымен, атасы мен әжесіне бауыр басқандығы ескеріледі. Ата-аналардың әрқайсысының жеке және моральдық қасиеттеріне де көп көңіл бөлінеді. Ата-ананың табысының көлемі анықтаушы болып табылмайды, өйткені баланың екінші ата-анадан өтемақы алу құқығы сақталады. Сонымен қатар ата-аналардың отбасы жағдайы да шешуші фактор болып табылуы мүмкін.

Баланы ата-аналардың біреуіне беру кезіндегі мәселелерді шешу барысында заң бойынша олардың бір – бірінен басымдығы болмайды.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларға талдау жасағаннан кейін сот баланы ата – аналардың біреуіне беру туралы шешім шығарады. Бірақ екінші ата – ана өзінің құқықтарын сақтап қалады. Баладан бөлек тұратын ата – ананың баламен араласуына, оның тәрбиесіне қатысуға және баланың білім алуы бойынша мәселелерді шешуге араласу құқығы бар.

Ал өз кезегінде бала қолында тұрып жатқан ата – ана мұндай баланың физикалық немесе психикалық денсаулығына, тәрбиесіне кері әсерін тигізбетін болса, екінші ата – анаға бөгет жасауға болмайды. Әрине баладан бөлек тұратын ата – ана өзінің құқықтарын толық көлемде жүзеге асыра алмайды.

Егер ата – ана бала тәрбиесі туралы өзара шешімге келе алмаған жағдайда, дау қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сотта шешіледі.

Баладан бөлек тұратын ата- ананың өзінің баласы туралы тәрбие беру, емдеу және басқа мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты беруден ата – ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қауіп болған жағдайда бас тартуы мүмкін. Тағы мұндай жағдайда дау сот арқылы шешіледі.

Кәмелетке толмаған ата – аналардың баламен бірге тұруға және оған тәрбие беру ісіне қатысуға құқығы бар. Егер бала 16 жасқа томаған азаматтардан туған болса, онда балаға қорғаншы тағайындалады да, ол баланың тәрбиесін кәмелетке томаған ата – аналар мен баланың қорғаншысы арасындағы қайшылықтар қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шешіледі. Кәмелетке толмаған ата – аналар өздерінің құқықтарын 16 жасқа толғаннан кейін жеке жүзеге асыра алады.

Кәмелетке томаған ата – аналарға, жасына қарамастан, жалпы негіздер бойынша аналығын немесе әкелігін даулауға немесе тануға құқық беріледі, ал 14 жасқа толғаннан кейін өздерінің балаларына қатысты әкелегін анықтауды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

Ата – аналардың құқықтары мен міндеттерінің арасындағы ең маңыздысы – ата – аналардың балаларды тәрбиелеу құқығы болып табылады.

Бұл құқықтарды жүзеге асыру ата – аналарға міндеттер жүктейді.

Тәрбие – бұл балаларға әсер ететін ұзақ процесс. Тәрбие берудің мазмұны заңмен анықталмаған, өйткені заң тәрбие процесін толығымен қамти алмайды. Тәрбиелеуге деген құқық – ата – аналардың өз балаларының денсаулығын жақсарту, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған міндеттері. Бірақ тәрбие жұмыстарын жүргізудің түрін, әдістерін, жолдарын ата – аналар өздері анықтайды. Бірақ сонымен қатар ««Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 64 – бабы бойынша ата – аналарға шектеулер де қойылған.

Ата – аналар басқа адамдармен салыстырғанда өз балаларын тәрбиелеуде басымдықтарға ие болады. Бұл олардың бала тәрбиесіне үшінші жақтарды қатыстырмауға құқығын білдіреді.

Тәрбиелеуге құқық сонымен бірге өз балаларымен бірге тұру құқығын қосып қарастырады.

Ата – аналар өз балаларын заңсыз немесе сот шешімінсіз ұстап отырған адамдардан оларды қайтаруды талап етуге құқылы. Ал дау туған жағдайда өздерінің құқықтарын қорғау туралы сотқа шағымдануға құқықтары бар.

Баланың тәрбие алуға деген құқығының маңызды бір бөлігі болып – оның білім алу құқығы табылады. Ата – аналар балаларына орта білім алуды қамтамасыз етуге міндетті. Ата – аналардың білім алудың нысанын және білім беру мекемесін таңдауға құқылары бар, бірақ баланың ержетуіне қарай оның пікірін де ескеруге міндетті.

Ата – аналарға өз балаларының мүдделерін білдіру мен қорғау құқықтары да берілген. Бұл құқықтарды жүзеге асыруда ата – аналар арнайы өкілеттіліктерді қажет етпейді. Олар өз балаларының барлық жеке және заңды тұлғалармен қарым – қатынасында, сонымен бірге сотта өкілі бола алады. Мұндай жағдайларда ата – аналар өз балаларының заңды өкілі ретінде әрекет етеді.

Егер қорғаншы және қамқоршы органмен ата – ана мен баланың мүдделерінің арсында қайшылықтар анықталған болса, ата – аналадың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқықтары жоқ. Мұндай жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар балаға тәуелсіз өкіл тағайындайды.

Ата – аналар құқықтары мен міндеттерін тиісінше орындамау немесе орындаудан бас тарту мемлекеттің тарапынан санкция қолдануға әкеліп соғады.

Ата – аналарға қатысты қолданылатын тиімді шара болып – ата – аналарды (немесе біреуін) құқықтарынан айыру болып табылады.

Ата – аналардың (немесе біреуінің) ата – аналық құқықтарынан айырудың негіздері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 75 бабында көрсетілген. Жоғарыда атап өтілген тізім ата – аналардың құқықтарынан айыруға бұлтартпайтын негіз болып табылады. Бұл негіздерге мыналар жатады:

- ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;

- өз баласын перзентханадан (оның бөлiмшесiнен), жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсiз себептермен бас тартса;

- өздерiнiң ата-ана құқықтарын терiс пайдаланса; балаға қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиiспеушiлiгiне қастандық жасаса;

- спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды терiс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.

Ата – аналардың құқықтарынан айыру егер сот баланың мүддесін қорғау басқа шаралармен қамтамасыз етілмейді деп санаған жағдайда қолданылады.

Ата – аналардың құқықтарынан айыру туралы талап ету құқығына екінші ата – ана, оның қорғаншысы және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген немесе ұйымдар ие.

Ата – аналар құқықтарынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Сонымен қатар ата – ана құқығынан айыру туралы ішкі істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Сот ата – ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

Ата – ана құқықтарын айыру балалар мен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай – ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар ата – ана құқықтарынан айыру ата – аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды. Бұл міндет баланы асырап алған кезде ғана тоқтатылады.

Ата – ана құқықтарынан айыру, баланы ата – анасынан алып қоюмен ұласады, өйткені бұл шараның мақсаты – баланы оның дамуына қолайлы ортаға ауыстыру. Баланы басқа ата – анаға беру мүмкін болмаған ретте немесе баланың екі ата - анасының даа ата – ана құқықтарынан айырған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Адамгершілік қағидасын негізге ала отырып заң ата – аналарға, қоғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен кездесуге мүмкіндік береді.

Өзіне қатысты ата – ана құқықтарынан айырылған баланың тұрғын үйге деген меншік құқығы немесе оны пайдалану құқығы, сонымен қатар ата – аналармен және басқа негізделген мүліктік құқықтар, оның ішінде мұра алу құқығы да сақталып қалады.

Ата – ана құқықтарынан айырған жағдайда бұл баланы соттың шешімі шыққан күннен бастап алты ай өткенге дейін асырауға беруге болмайды.

Ата – ана құқықтарынан айыру өзгеріссіз қалатын акт емес. Ата – аналар өздерінің іс - әрекетін, өмір салтын және бала тәрбиесіне деген көзқарасын өзгерткен жағдайда олардың құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін.

Ата – ана құқықтарын қалпына келтіру, ата – ана құқығынан айырылған ата – ананың арызы бойынша сотта қаралады. Ата – ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қамқоршы және қорғаншы органның және прокурордың қатысуымен қарастырылады.

Қамқоршы және қорғанушы органы ата – аналардың өздері туралы берген мәліметтердің шынайылығын тексереді.

Ата – ана құқықтарын қалпына келтіру және баланы ата – анаға қайтару, бұл баланың мүддесіне қайшы келмейтін болған жағдайда жүзеге асырылады. Ал он жасқа толған балаға қатысты ата – ана құқықтарын қалпына келтіру оның келісімімен жүзеге асырлады. Баланың асырап алынғаны туралы шешімнің күші жойылмай, ата – ана құқықтары қалпына келтірілмейді.

Ата – ана құқықтарын қалпына келтірген жағдайда бала мен ата – ана арасындағы қарым – қатынастар толық көлемде қалыптастырылады.

Неке-отбасы заңдары ата – ана құқықтарынан айырумен қатар ата – ана құқықтарын шектеуді де қарастырады. Ата – ана құқықтарын шектеу баланы ата – анасынан оларды құқықтарынан айырмай алып қоюды білдіреді.

Балаларға ата – аналарына бағынышты емес жағдайлар бойынша қаіуп төнетін болса, оларды ата – аналарынан алып қоюға болады. Мысалы, ата – аналардың біреуі психикалық аурумен ауыратын немесе басқа да созылмалы аурумен ауыру нәтижесінде баланы тәрбиелей алмайтын болса. Ата – аналардың құқыққа қарсы іс - әркеттері немесе ата – аналардың кінәлі іс - әрекеттері олардың құқықтарын шектеуге, сонымен қатар ата – аналық құқықтарынан айыруға негіз болып табылады. Бірақ бұл негіздер жеткіліксіз болып табылуы мүмкін.

Ата – ана құқықтарын шектеу туралы талапты, баланың жақын туыстары, прокурор және кәмелетке томағандардың құқықтарын қорғау бойынша міндеттер жүктелген органдар қоя алады. Ата – ана құқықтарын шектеу прокурордың және қорғаншы және қамқоршы органның қатысуына сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Баланы ата – ана құқығынан айырмай алып қоюдың құқықтық салдары ата – ана құқығынан айыру салдарынан мүлдем басқаша. Басты айырмашылығы – бірінші жағдай бойынша тек қана ата – ана құқықтары мен міндеттері шектеледі.

Сот тәртібімен ата – аналар құқықтарын шектеуді тоқтатуға болады. Бұл туралы талапты құқығы шектелген ата – ана қоя алады. Сот ата – ана құқықтарын шектеуге негіз болған жағдайлар жойылған кезде баланы ата – анасына қайтару туралы шешім шығарады. Сот баланың мүдделерін ескере отырып талапты қанағаттандырудан бас тартуы мүмкін.

Ата – ана құқықтарын шектеудің күші жойылған жағдайда олардың барлық құқықтары қалпына келтіріледі.

Ата – ана құқықтарын айыру немесе шектеу созылмалы уақытты талап ететін процедура, сондықтан баланың мүддесін жылдам қорғау мүмкін емес.

Сондықтан «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 82 бабының нормалары баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген қорғаншы ата – ана мен басқа да тұлғалардан дереу алып қоюға мүмкіндік береді. Бұндай алып қою жергілікті атқару органының сәйкес актісінің негізінде қамқоршы және қорғаншы органдармен жүзеге асырылады. Баланы алып қойғаннан кейін қамқоршы және қорғаншы орган шұғыл түрде прокурорға мәлімдеуі тиіс. Бала туыстарына беріледі немесе балалар мекемесіне уақытша орналастырылады. Баланы алп қою актісін шығарғаннан кейнгі жеті күннің ішінде қамқоршы және қорғаншы орган, мән – жайларды ескере отырып, сотқа баланың ата – анасын ата – аналық құқықтарын шектеуге немесе айыруға байланысты талап қоя алады.

Бала асырап алудың түсінігі. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне сәйкес қана ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.

Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге аталған балалар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы Кодексінің 118-бабының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға берілуі мүмкін.

Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай-ақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті.

Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.

Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.

Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті.

Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Асырап алынуға тиісті балаларды есепке алу ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алуға белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Бірнеше бала асырап алу жағдайларына тоқталатын болсақ бір адамның ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуына болады.

Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) сияқты құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (қарындастарын) әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді.

Бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дамуы, тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған кезде рұқсат етіледі.

Мыналарды:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;

2) сот бiреуiн әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған ерлi-зайыптыларды;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлген адамдарды;

5) егер сот олардың кiнәсiнен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды; Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкiн болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;

7) тұрақты тұрғылықты жерi жоқ адамдарды;

8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

9) бала асырап алу кезiнде қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдарды;

10) азаматтығы жоқ адамдарды;

11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемiнде үш жыл iс жүзiнде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тiркелген некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiмен қамтамасыз ететiн табысы жоқ адамдарды;

13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкiн.

Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды.

Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға және ол қырық бес жастан аспауға тиiс. Сот дәлелдi деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкiн.Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алған кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.

Баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Жасы он алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронат тәрбиешілерінің келісімі, ал ата-аналары немесе қорғаншылары (қамқоршылары) болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімі қажет.

Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменің басшысы растаған не бала асырап алу жүргізілген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жеріндегі қорғаншы және қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін.

Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы.

Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ баланы асырап алуына келісім беруі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Мұндай қорытынды баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде талап етілмейді.

Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшін олардың қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша түрдегі келісімі қажет.

Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиешілерінің жазбаша түрдегі келісімі қажет.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелердегі балаларды асырап алу үшін осы мекемелер басшыларының жазбаша түрдегі келісімі қажет.

Егер ата-аналар:

1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;

2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;

3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;

4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтiп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асырап алуға келiсiмi талап етiлмейдi.

Некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтiнiшi болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келiсiмiн растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет. Баланың асырап алынуға келісімін сот белгілейді.

Егер бала асырап алу туралы арыз берілгенге дейін бала асырап алушының үйінде тұрып, оны өзінің ата-анасы деп есептейтін болса, асырап алуға баланың келісімі бар деп ұйғарылады.

Егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей асырап алмаса, баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап алған кезде бала асырап алуға ерлі- зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі.

Егер ерлі-зайыптылар отбасылық қатынастарды іс жүзінде тоқтатып, бір жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса және екінші жұбайының тұрғылықты жері белгісіз болса, бала асырап алу үшін екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді.

Асырап алынған баланың өз аты, әкесінің аты және тегі сақталады.Бала асырап алушының өтініші бойынша, егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмейтін болса, асырап алынған балаға бала асырап алушының тегі, сондай-ақ ол ұсынған ат беріледі. Асырап алынған баланың әкесінің аты болып, егер бала асырап алушы еркек болса, асырап алушының аты, ал егер асырап алушы әйел болса, асырап алынған баланың әкесі ретінде сол әйел ұсынған адамның аты танылады. Егер бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың тектері әртүрлі болса, бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың келісімдері бойынша, асырап алынған балаға олардың біреуінің тегі беріледі.

Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған жағдайда, оның өтініші бойынша туу туралы кітапқа асырап алынған бала шешесінің (әкесінің) тегі, аты мен әкесінің аты осы адамның (бала асырап алушының) көрсетуі бойынша жазылады.

Бала асырап алудың құпиялылығы талап еткен жағдайларды қоспағанда, он жасқа жеткен асырап алынған баланың тегі, аты мен әкесінің аты тек сол баланың келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.

Асырап алынған баланың тегі, аты және әкесінің аты өзгертілгені туралы оны асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

Бала асырап алудың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін бала асырап алушының өтініші бойынша асырап алынған баланың туған күні, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жері өзгертілуі мүмкін.

Асырап алынған баланың туған күнін өзгертуге үш жасқа дейінгі бала асырап алынған кезде ғана жол беріледі.

Асырап алынған баланың туған күнінің және (немесе) туған жерінің өзгертілуі жөнінде бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

Бала асырап алушылардың өтініші бойынша сот туу туралы жазбалар кітабына бала асырап алушыларды өздері асырап алған баланың ата-анасы ретінде жазу туралы шешім қабылдай алады.

Он жасқа толған асырап алынған балаға қатысты мұндай жазба жасау үшін оның келісімі қажет.Мұндай жазба жүргізу қажеттілігі жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

Бала асырап алудың нәтижесі келесідей құқықтық салдар туындатуы мүмкін, асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар және олардың туыстары асырап алынған балалар мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер жағынан тегі бір туыстарға теңестіріледі.

Асырап алынған балалар өздерінің ата-аналарына (өздерінің туыстарына) қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады.

Баланы бір адам асырап алған жағдайда, егер бала асырап алушы еркек болса, шешесінің тілегі бойынша, егер бала асырап алушы әйел болса, әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттердің сақталуы мүмкін.

Асырап алынған баланың меншігіндегі мүліктің сақталуы үшін бала асырап алушы жауапты болады. Бала асырап алудан бас тартқан жағдайда бұл мүлікті қайтару жөніндегі міндет те бала асырап алушыға жүктеледі.

Асырап алынған баланың ата-анасының біреуімен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастары сақталуы жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі, баланың туу туралы акт жазбасындағы бала асырап алушылардың ата-анасы ретінде жазылуына қарамастан, құқықтық салдары пайда болады.

Асырап алынар кезінде ата-анасының қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі зейнетақы мен жәрдемақы алуға құқығы бар бала бұл құқықты асырап алынған жағдайда да сақтап қалады.

Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады.

Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті.

Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізіледі.

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы істі сот қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қарайды.

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асырап алынушының ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы орган қоюға құқылы.

Бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады.

Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, асырап алынған баланың және асырап алушылардың (бала асырап алушылар туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер мұны баланың мүдделері қажет етсе, баланың және оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.

Ата-ананың талап етуі бойынша балаға бұрынғы аты, әкесінің аты және тегі беріледі.

Сот бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

Бала асырап алушылар өздеріне жүктелген міндеттерін орындаудан жалтарған, ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, асырап алынған балаға қатал қараған, соның ішінде оған күш қолданып немесе психикалық зорлық- зомбылық етіп, жыныстық пәктігіне қастық жасаған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған жағдайларда, баланы асырап алудың күші жойылуы мүмкін.

Сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, басқа да негіздер бойынша баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.

Бала асырап алудың күшін жою сот тәртібімен жүргізіледі.

Бала асырап алудың күшін жою туралы іс қорғаншы және қамқоршы органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.

Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.

Сот бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге оның ата-аналарының, бала асырап алушылардың, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншы немесе қамқоршы органның, сондай-ақ баланың мүдделеріне сай прокурордың құқығы бар.

Сот бала асырап алудың күшін жойған кезде, асырап алынған баланың және баланы асырап алғандардың, бала асырап алушылар туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер баланың мүдделері талап етсе, бала мен оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.

Бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі бойынша ата- анасына беріледі. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-анасына беру оның мүдделеріне қайшы келсе, бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.

Сот баланың асырап алынуына байланысты оған берілген аты, әкесінің аты және тегі сақталу-сақталмау мәселесін де шешеді.

Он жасқа толған баланың атын, әкесінің атын немесе тегін тек оның келісімімен ғана өзгерту мүмкін болады.

Сот баланың мүдделерін негізге ала отырып, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 145 баптарында белгіленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы асырауға қаражат төлеп тұруға міндеттеуге құқылы.

Егер бала асырап алудың күшін жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, баланы асырап алудың күшін жоюға жол берілмейді, бұған мұндай күшін жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың өзара келісімі, сондай-ақ асырап алынған баланың ата-анасының, егер олары тірі болса, сот ата-ана құқықтарынан айырмаған немесе әрекетке қабілетсіз деп танымаған болса, олардың да келісімі болған жағдайлар қосылмайды.

Шет елге бала беру кейінгі кездегі шешімін таппай жүрген өзекті мәселелердің бірі. Шет елге бала беруге көптеген мемлекеттер мүлдем қарсы болмаса да көптеген шектеулер қояды. Еліміздегі қарайтын туысы, іздейтін қамқоршысы жоқ балғын бөбектер тағдыры шешіле қойған жоқ, қайта даудамай шиленісіп тұрған шағы. өйткені теледидар ақпараттары бойынша ТМД елдерінен бала асырап алу, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда арзан, әрі рәсімдеу шаралар жеңіл, талаптарының жұмсақтығына байланысты тиімдң.

Қазақсатанның екі мыңға жуық сәбилері шетелде өсіп жатыр. Бүгін олардың тағдырына қалың елдің алаңдап отырғаны белгілі. Бір ғана Ирландия мемлекетің өзінде соңғы жылдары шамасы1403 (мыңтөрт жүз үш) сәби оның 56 – сы Қазақстаннан асырап алынған.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға беру ережесінде мына жағдайлар қарастырылған. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібін белгілейді. Асырап алуға рұқсат кәмелетке толмаған балаға қатты және солардың мүдделері үшін ғана беріледі.Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, егер оларды ҚазақстанРеспубликасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына, не туысына осы туысқандарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, асырап алуға, беруге мүмкіндік болмаса, шетелдіктерге асырап алуға берілуі мүмкін. Балалар шетелдіктерге асырап алуға олар орталықтандырылған есепке алынған күннен бастап үш ай өткен соң ғана берілуі мүмкін.

Бала асырап алуға үміткер шетелдің бала туралы егжей- тегжейлі ақпарат алуға және оның туысқандарының бар –жоғы туралы мәліметтерді шщетелдіктер Қазақстан Республикасына келе алады. Кіру Рұқсатнамаларын немесе соларға сәйкес басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық өкілеттіктерді немесе жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының осыған арнайы уәкілетті өкілдері береді

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы және Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті органдарының рққсаты рұқсатнамаларын беру үшін негіз болып табылады.

Бала асырап алуға үміткер шетелдіктер асырап алынатын баланың құжаттары мен өзі танысуға, бала денсаулығының жай –күйі туралы медициналық қорытындымен танысқаны фактісін жазбаша нысанды растауға міндетті.

Бала асырап алуға үміткер шетелдіктердің бала туралы егжей-тегжейлі ақпарат және оның туыстарының бар-жоғы туралы мәліметтер алуға құқығы бар. Бала асырап алуға үміткер шетелдіктер бала тұрақты тұратын жерде тиісті тәрбие, емдеу-алдын алу мекемесінің ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органы өкілінің және қажет болған жағдайда аудармашының қатысуымен баламен тікелей қарым қатынаста, баламен жеке танысу, оның дағдыларын, талғамын мінез ерекшеліктерін білу, қыдырту, ойнату кемінде төрт апта болуға міндетті. Асырауға берілген балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында олардың өмірі мен тәрбиелену жағдайын бақылауды Қазақстан Республикасының ерекшеліктері немесе консулдық мекемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Асырап алуға берілген бала кәмелетке толғанға дейін асырап алған ата- анасы оның өмірі, тәрбиесі және денсаулық жай-күйітуралы баланың бұрыңғы тұрған жеріндегі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жыл сайын фотосуретін қосып, ақпарат жіберіп отырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных