Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Қазақстан Республикасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) құқықтық реттелуі.




Некенің (ерлі-зайыптылықтың)құқықтық табиғатын түсіндіретін бірнеше құқықтық теориялар бар. Бұл теориялардың барлығын жалпы некені шарт ретінде, қасиетті одақ және ерекше институт ретінде қарастыру бойынша бөлуге болады. Некені шарт ретінде қарастыратын теория Ежелгі Римнен бастау алады.

Рим құқығының кезеңінде некеге тұрудың негізгі түрі жай азаматтық мәміле ретінде болған. Бұндай пікірлер Римде құқықтық реттеуге некелік қарым-қатынастардың белгілі бір топтары ғана тиісті болғанымен байланысты, олардың цивилистикалық, адамгершілік жақтары әділетті түрде құқықтық реттеуден тыс болады.

Одан әрі Канондық нормалар неке институтына құпиялық, қасиеттілік сипат беріп, оның рухани жағын атап өтеді.

Некенің классикалық Канондық түсінігі деп, әйел мен еркектің толық қарым – қатынасын, яғни физикалық, адамгершілік, экономикалық заңдық, діни қарым – қатынастарын айтамыз. Отбасы қатынастары діни нормаларымен реттелген кезеңде жоғарыдағы пікірді ақтауға болатын еді, бірақ канондық нормалардың орнына зайырлық тұжырымдардың келуі, жағдайды өзгертіп жіберді. Зайырлылық құқықтың діннен айырмашылығы, оның рухани, этикалық қатынастарды реттей алмайтынында.

Некені шартты түрде әр түрлі қарым-қатынастарға бөлуге болады: рухани, физикалық және материалдық. Некенің рухани және физикалық элементтері құқықпен реттелмейді, бұнымен барлық қазіргі және төңкеріске дейінгі ғалымдар келіседі. Бірақ некелік одақты қалыптастыратын мұндай қатынастарды бөлу бастапқы кезінен таныла кеткен жоқ.

И.Канттың «Метафизика нравов» деген еңбегінде, неке екі адамның бостандықтары мен қасиеттерін сақтай отырып қосылуы делінген. Сонымен қатар Кант, некені шарт деп қарастыратын көзқараспен келіспеді. Өйткені шарт белгілі бір мақсатқа жеткеннен кейін тоқтатылады, ал неке адамның өмірін қамтиды, тек қана адам қайтыс болған жағдайда ғана тоқтатылады.

Қазіргі қоғамда неке туралы біртұтас ұғым қалыптастыру қиын. Сондықтан құқық, рухани нормаларға негізделе отырып, некелік қатынастардың, біріншіден құқықтық реттеуге болатын, екіншіден, оны қажет ететін бөлігін қамтуы қажет.

Неке концепциясы ерекше институт ретінде ертеден қалыптасқан қатынастарда жақтастары некелік құқықтық қатынастарды шарттардың кейбір элементтері барлығын таниды, бірақ оны шарттық деп қарастырудан бас тартады.

И.А.Зогоровскийдің пікірінше, неке шығу тегі бойынша шарттық келісімге келу, бірақ мазмұны мен тоқтатылуы бойынша шарт, табиғатынан бөлек, өйткені некенің мазмұны мен оны бұзу ерлі-зайыптылардың еркінен тыс. Сондықтан неке институтын шарттық құқық емес ерекше институт деп қарастырған жөн. Г.Ф.Шершеневич И.Канттың пікіріне қосылады, яғни ол некелік құқықтық қатынастарды тудыратын заңдық деректі шарт деп таниды да, оның негізінде пайда болатын қатынастарды ерекше институт деп қарастырады.

Қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі неке (ерлі-зайыптылықты)қию туралы келісімді азаматтық шарт деп танудан бас тартады. Олардың негізгі дәлелдемелері: біріншіден, некеге отырудың мақсаты – некелік қатынастардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар махаббат, құрметке негізделген одақ құру болып табылады. Ал екіншіден, ерлі-зайыптылар неке (ерлі-зайыптылықты)қия отырып, өздері үшін некелік (ерлі-зайыптылық)құқықтық қатынастардың мазмұнын, құқықтар мен міндеттерін анықтай алмайды, өйткені бұлар заңның императивті нормаларымен анықталған және шарттық құқықтық қатынастарға тән емес.

Қазіргі отбасы заңнамасы тек қана тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа)заңдық мағына береді. Ал тіркелмеген неке (ерлі-зайыптылық)ешқандай құқықтық салдар туындатпайды.

Діни ғұрып немесе белгілі бір халықтың дәстүрі бойынша тіркелген некенің құқықтық мәні болмайды. Ал некені діни ғұрып бойынша мемлекеттік тіркеуге дейін немесе кейін қиюға болады.

Некеге (ерлі-зайыптылыққа)тұру тәртібі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 13-бабымен реттеледі. Неке (ерлі-зайыптылық)- некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Сонымен қатар некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.

Некені (ерлі-зайыптылықты)қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАТ органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Дәлелді себептер болған жағдайда неке (ерлі-зайыптылықты)қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАТ органы бір ай өткенге дейін, сондай –ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.

Ерекше мән – жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Некеге (ерлі-зайыптылыққа)тұрудың шарттары – бұл неке (ерлі-зайыптылық)тіркелуі тиіс және жарамды деп тануға болатын жағдайлары.

Неке (ерлі-зайыптылық)құру шарттары: некеге тұрушылардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 10-бабы бойынша неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАТ органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 11-бабы бойынша мынадай адамдардың арасында неке (ерлі-зайыптылықты)қиылуға жол берілмейді:

1. бiр жынысты адамдардың

2. олардың бiреуi болса да басқа тiркелген некеде (ерлi-зайыптылықта) тұратын адамдардың

3. жақын туыстардың

4. бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың

5. соттың заңдық күшiне енген шешiмi бойынша олардың бiреуi болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есi кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың арасында.

Неке (ерлі-зайыптылықты)қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. АХАТ органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

Азаматтық хал актілері туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 24-тарауында қарастырылған. Ал некені (ерлі-зайыптылықты)тіркеу осы Кодекстің 27-тарауда қарастырған. Яғни некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі АХАТ органына арыз береді.

Некеге (ерлі-зайыптылыққа)тұратын адамдар:

1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;

2) белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын, осы Заңның 10-бабында аталған құжаттарды;

3) бұрынғы некелері туралы мәліметтерді;

4) балалары туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

5) бiр-бiрiнiң денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) кедергiнiң жоқтығы туралы хабардар екендiгi туралы қолхатты ұсыну қажет.

Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану дегеніміз некенің және оның тіркелген сәттен туындаған құқықтық салдарының күшін жою.

Неке (ерлі-зайыптылық), некеге тұру шарттары болмаған жағдайда жарамсыз деп танылады, яғни ерлі-зайыптылардың ерікті келісімдері және олар неке жасына толған болуы керек. Некені (ерлі-зайыптылықты)тіркеуге бөгеттердің болуы да оны жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Сонымен қатар мынадай жағдайларда некені жарамсыз деп тануға болады:

1) егер некеге тұрушылардың біреуі сол сәтте некеде тұрған болса;

2) егер олардың арасында заңмен тиым салынған дәрежедегі туыстық болатын болса;

3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың арасындағы неке;

4) әрекет қабілетсіз деп танылған адамдармен тіркелген неке.

Сонымен бірге ерлі-зайыптылардың бір-бірінен оларда ВИЧ – инфекциясының немесе жұқпалы тері ауруларының бар екендігін жасырулары да некені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Отбасын құруды көздемейтін неке де, яғни жалған неке жарамсыз деп танылады.

Некені (ерлі-зайыптылықты)жарамсыз деп тану отбасы заңнамасын бұзғаны үшін санкция болып табылады. Ерлі-зайыптылардың екеуі де немесе олардың бірі кінәлі әрекет жасаған жағдайларда некені жарамсыз деп тануды – жауапкершілік шарасы ретінде қарастыруға болады. Бірақ ерлі-зайыптылардың кінәлі болмайтын кездері де болады. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бірі зайыбының қайтыс болуына байланысты неке жарамсыз деп санаса, бірақ зайыбы тірі болса, сонымен қатар некеге тұрушылар өздерінің арасындағы жақын туыстықты білмеген болса. Бұндай жағдайларда екі жақтың кінәсіз болғанына қарамастан неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылады.

Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп танудың кері күші болады, яғни, неке тіркелген сәттен жарамсыз деп танылады. Некені (ерлі-зайыптылықты)жарамсыз деп тану өзінің құқықтық табиғаты бойынша даулы мәмілені жарамсыз деп тануға ұқсас. Даулы мәміле жасағанда да, некені (ерлі-зайыптылықты)жарамсыз деп таныған жағдайда да құқықтық қатынастар сотпен шешім шығарылғанға дейін қалыптасады. Бұл сәтке дейін некенің жарамдылық презумпциясы әрекет етеді. М.В.Антокольскаяның пікірі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты)жарамсыз деп жариялау даулы мәмілені жарамсыз деп танудың шарттарының бірі. Бірақ отбасылық-құқықтық әдебиеттерде қалыптасқан басым көзқарастарға сәйкес неке – шарт болып табылмайды, ал некені жарамсыз деп тану туралы нормалар қолданылмайды. Некені жарамсыз деп тануда Азаматтық кодекстің нормалары емес «Неке және отбасы туралы» Заңның 5-тарауы қолданылады. Бірақ мәмілелерді жарамсыз деп танудың барлық негіздерін неке қатысты да қолдануға болады. Сонымен қатар неке заңнамасында некені жарамсыз деп танудың арнайы негіздері де анықталған, яғни жақын туыстықтың болуы, басқа бұзылмаған некеде тұруы және т.б., ал бұлар азаматтық заңнамада көрсетілмеген. Сондықтан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы азаматтық заңнаманы және некені (ерлі-зайыптылықты)жарамсыз деп тану туралы неке заңнамасын, жалпы және арнайы заңнаманың өзара байланысы ретінде қарастыруға болады.

Некені (ерлі-зайыптылықты)жарамсыз деп тану үшін некеге тұрушылардың еріктерінің маңызы өте зор. Неке заңнамасындағы барлық ерік кемшіліктері, азаматтық заңдылықта даулы мәмілелердің жекелеген құрамдарын қалыптастырады және некеге тұруға ерікті келісімнің болмауы ретінде қарастырылады.

Ерікті келісімнің болмауы – күштеу, қорқыту, жаңылыстыру жағдайларында және өзінің әрекеттерінің мағынасын түсіне алмайтын немесе онымен басшылық ете алмайтын жағдайларда болуы мүмкін.

Некеге (ерлі-зайыптылыққа)отыруға ерікті келісімнің болмауының бар жағдайларында некені жарамсыз деп тану бастамасы, ерлі-зайыптылардың келісім беруге құқығы бұзылған жағына беріледі.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің неке жасына толмауы, яғни неке жасы кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылар үшін заңмен көрсетілген тәртіпте төмендетілмеген жағдайларда, некені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

Кәмелетке томағандармен тіркелген некені (ерлі-зайыптылықты)жарамсыз деп тану, талап ету кезінде кәмелетке толмаған зайыбының жасы келді ме, жоқ па соған байланысты ажыратылады.

Неке (ерлі-зайыптылық)жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.

Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп танудан белгілі бір салдар туындайды. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 28-бабы бойынша некес (ерлі-зайыптылық)і жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі ҚР Азаматтық Кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі.

Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты (осы Кодекстің 28-43-баптары) жарамсыз деп танылады.

Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені жарамсыз деп тану үшін негізгі алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан осы Кодекстің 134, 135 – баптарында белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.

Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Сонымен бір адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таныған кезде өзі неке қиады мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.

Некені (ерлі-зайыптылықты)тоқтатудың некені жарамсыз деп танудан айырмашылығы; ажырасу кезінде неке кері уақытқа тоқтатылады, ал некені жарамсыз деп танудың кері күші болады және некенің құқықтық салдарын оның тіркелген сәтінен бастап тоқтатады.

Ерлі-зайыптылардың ажырасуы туралы түсінік тарихтың әрбір кезеңінде өзгеріп отырған.

Егер ежелгі Римде ажырасу азаматтық мәміле болып саналса, ортағасырлық Еуропада ажырасуға тыйым салынған және тек шіркеудің шешімі бойынша ғана жол берілген.

Жаңа заңнамадағы ажырасуға талдау жасай отырып, некені тоқтатуға ерлі-зайыптылардың өзара келісімі қажет болып табылады деуге болады. Некелік қатынастардың негізіндегі шарт жатқандықтан, оның қай уақытта болмасын тараптардың өзара келісімі арқылы тоқтатуға болатынын жоққа шығармау керек. Осыған орай ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасқысы келетін болса, мемлекеттік органдар олардың некені тоқтату туралы келісімдерін тіркеуге тиіс.

Некенi (ерлi-зайыптылықты) тоқтату. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 14-бабы бойынша некенi (ерлi-зайыптылықты) тоқтату өздерiне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың бiреуiн қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгiленген тәртiппен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де не бiреуiнiң өз еркi бойынша iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде е рлi-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу. Неке (ерлi-зайыптылық) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң немесе екеуiнiң өтiнiшi бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтiнiшi бойынша тоқтатылуы мүмкiн. Некенi (ерлi-зайыптылықты) зайыбының жүктiлiгi кезеңiнде және бала туғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде оның келiсiмiнсiз бұзуға болмайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных