Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Азаматтық хал актілері.




 

Осы тақырыпты оқыту барысында азаматтық хал актілерін тіркеудің маңызы туралы мәселені, сонымен бірге осындай тіркеуді жүргізетін органдардың құзыретін, құқықтық жағдайын қарастырған жөн. Некені, баланы асырап алуды, тууды тіркеуді жекеше қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылы) және отбасы туралы» Кодексінің Ерекше бөлімімен реттеледі.

Азаматтық хал актiлерi – адамды дараландыратын және оның құқықтары мен мiндеттерiнiң туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресiмделген мән-жайлар.

Ааматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi (бұдан әрi – тiркеушi орган) - азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы аумақтық әдiлет органы.

Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлi-зайыпты болу), некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгерту тiркеушi органдарда осы Кодексте белгiленген мерзiмде мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге жатады.

Басқа мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеуiне тыйым салынады және ол танылмайды.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетіулер енгізуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау туындаған жағдайда азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі.

Азаматтық хал актілері жазбасының:

1) сот шешімінің негізінде;

2) мүдделі адамдардың арызы бойынша;

3) жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін.

Балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі (187 бап). Туу туралы арыз АХАТ органдарына бала туған күннен бастап екі айдан, ал бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей жасалуға тиіс.

Әке болуды анықтауды тіркеу заңда көзделген жағдайларда ата-ананың біреуі тұратын жер бойынша АХАТ органдарында, ал сот арқылы анықталған жағдайда әке болуды анықтау туралы сот шешімі шығарылған жердегі АХАТ органдарында жүргізіледі (204 –бап)

Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі АХАТ органдарына арыз береді (220-бап).

Некенің тоқтатылуын сотың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеу сот шешімі шығарылған жердегі АХАТ органында некенің бұзылғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі және сот шешімі бойынша өндіріп алынуға тиісті соманың төленгені туралы түбіршектің негізінде жүргізіледі (238-бап).

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некенің бұзылуын тіркеу ерлі-зайыптылардың екеуі немесе біреуі тұратын жердегі АХАТ органына некені бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлесіп берген арызы негізінде жүргізіледі (239-бап).

Бала асырап алу соттың заңды күшіне енген бала асырап алу туралы шешімі негізінде бала асырап алу АХАТ органдарында жүргізіледі.

ҚР азаматтарының тегін, атын, әкесінің атын өзгертуіне олар 16 жасқа толғаннан кейін рұқсат беріледі. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді және оны тіркеуді арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі АХАТ органдары жүргізеді (257-бап).

Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлді деп жариялау туралы және өлу фактісін анықтау туралы сот шешімдері АХАТ органдарында тіркеледі. Қайтыс болу фактісі дәрігердің куәлігімен, ал оны беру мүмкін болмаған жағдайда екі куәнің айғағымен куәландырылады (268 – бап).

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-11 (7 п.)

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных