ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ГЕНЕТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІМутациялық өзгергіштік көп өзгергіштіктің бір түрі ғана болып табылады. Тірі организмдердің маңызды қасиеттерінің ең елеулісінің бірі ұрпақтан ұрпаққа таралатын өзгергіштіктің (мутацияның) пайда болуы. Мутация сонымен қатар көптеген апаттың себебі болып табылады: әр түрлі аурулардың қоздырғыштарының эпидемиясы, қатерлі ісіктер, тұқым қуатын аурулардың пайда болуы т. б.. Сонымен қатар мутация өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясында қолданылатын кептеген пайдалы өзгерістер де береді. "Мутация" деген атауды, Мендель заңдарын қайта ашушылардын, бірі голландиялық ботаник Гуго де Фриз (] 848-1935) кенеттен пайда болған тұқым қуатын өзгерістерді сипаттау үшін қолданды. Негізінде бұл сөздің шығу тегі әріректе жатыр. Көне Рим империясында Август патшаның билік ету заманында (біздің жыл санауымызға дейінгі 63-64 ж.) сауда орталықтары мен қалалардың арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін жаяу және атты шабармандар, ал жүк үшін пар атты көлік қолданылған. Жол бойында қалалар мен елді пункттерде (бекеттерде) жолаушыларға арналған демалатын "мансио" деп аталатын сарайлар болған. Бұл мансиолардың ерекше аттары болмағандықтан олардың орналасқан нүктелері мен бағыттары ғана көрсстілген ("мансио позито ин"). Осыдан барлық европалық тілдерде "почта" деген сөз шыққан. Осы мансиолардың араларында "мутацио" деп аталатын шаршаған аттарды ауыстыратын бекеттер болған. Міне "мутацио" деген сөздің шығу тегі осындай (ауыстыру, өзгерту). Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|