Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Өзгергіштік.




Әрбір организм өз ата-аналарынан алған дайын гендер жиынтығымен туатыны белгілі. Бірақ тұқым қуу қасиетімен қоса организмде өзгергіштік қасиет те болады. Өзгергіштік барлық тіршілік өкілдеріне тән қасиет. Организмдердің өзгергіштік қасиеті негізінде жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің жаңа тұқымдарын алуға болады.

Өзгергіштік деп жаңа белгілерге ие болу немесе бұрыңғы белгілерінен айырылу қасиетін түсінеді. Ол бір тұқымның алуан түрлілігінен көрінеді. Өзгергіштік тірі организмдердің тұқым қуалаушылық касиетімен тендес басты ерекшеліктерінің бірі. Ол тірі табиғаттың эволюциясы барысындағы бүкіл көп тұрлілігіне негіз болғандықтан эволгацияның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады.

Өзгергіштіктің үлкен биологиялық маңызы туралы алғашқы жүйелі ғылыми пікір айтқан Ч. Дарвин болды. Ол тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау (табиғи немесе қолдан сұрыптау) органикалық дүние эволюциясының негізгі үш қозғаушы күші екенін толық дәлелдеді. Ол өзгергіштіктің екі түрін айырды - а й қ ы н өзгергіштік — жеке организмдердің (индивидтердің) бір тобы екіншісінен белгілі бір айқын себептердің әсер етуінің салдарынан пайда болады. Б е л г і с і з өзгергіштік — тек қана жекеленген индивидтерге тән бір-бірінен айырмашылықтар болатыны.

Дарвиннің пікірі бойынша осындай жеке организмдердің арасындағы ұсақ айырмашылықтар табиғи және жасанды сұрыптауға материал береді. Сонымен қатар Дарвин өзара байланысты (коррелятивті) өзгергіштікке үлкен мән берген. Бұл байланыстар организмдегі белгілердің өсіп-өну барысындағы өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

Дегенмен, егер популяция аралық айырмашылық олардың тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты болса, онда ол келешек ұрпаққа тарайды, яғни тұқым қуалайды. Егер айырмашылық сыртқы ортаның әсерінен (азықтандыру, күту т.б.) болса, онда осы себептердің әсері тоқталғаннан кейін ол айырмашылықтар да тоқталады, яғни тұқым кумайды. Сондықтан қазіргі көзқарас бойынша өзгергіштікті тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын деп екі жікке бөледі.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік деп нәсілдік қасиеттердің әсерінен (күшінен) туған, ұрпаққа берілетін, малдар мен өсімдіктердің жеке өмірімен ғана шектелген өзгергіштікті айтады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных