Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кроссинговерге әсер етуші факторлар




Хромосомалардың айқасуының өзі күрделі биохимиялық және физиологиялық процесс болғандықтан, кроссинговер сыртқы ортаның, жалпы организм мен жеке клетканың функциональдық жағдайымен және өзінің ішкі құрылымына, яғни генотипіне тығыз байланысты. Көптеген жануарлар мен өсімдіктерде кроссинговер аталық және аналық жыныс клеткаларының мейоздық бөлінуі кезінде пайда болады. Мейоздық кроссинговер жануарлардың кейбір түрлерінде тек гомогаметалы жыныстыларда ғана кездеседі, ал гетерогаметалы жыныстыларда қалыпты жағдайда ол болмайды. Мысалы, дрозофиланың гетерогаметалы аталық организмдерінде және түт жібек кебелегінің аналықтарының жыныс хромосомаларында да, аутосомалық хромосомаларда да мейоздық кросинговер болмайды, басқаша айтқанда әр хромосомада орналасқан барлық гендерде толық тіркесу жүреді. Бірақ та митоздық кроссинговер дрозофиланың аталықтарында да, аналықтарында да байқалады.

Мутациялар нәтижесінде пайда болатын әр түрлі хромосомалық қайта құрылулар мейоздың қалыпты жағдайда өтуіне кедергі келтіріп, кроссинговер жиілігін төмендетеді немесе мүлде болдырмай тастайды. Кейбір организмдерде кроссинговерді тежейтін гендер табылған және осыған керісінше, кроссинговер жиілігін арттыратын гендер де белгілі.

Кроссинговердің мөлшері организмнің жасына да байланысты. Жас организмдерде ол жоғары болады, ал жасы ұлғайған сайын мөлшері кемиді. Сонымен қатар кроссинговерді организмге әр түрлі факторлармен әсер ету арқылы қолдан жасауға да болады. Сонымен қатар кроссинговерді организмге әртүрлі факторлармен әсер ету арқылы да қолдан жасауға болады. Бұны индукциялық кроссинговер деп атайды.

Мысалы, радиоактивті сәулелермен, химиялық агенттермен немесе жоғары және төменгі температурамен әсер ету арқылы кроссинговер жиілігін өзгертуге болады. Осы факторлар және басқа да кроссинговерге әсер ететін кейбір химиялық заттар хроматидтің бөліктерінің арасындагы алмасуларға мүмкіндік жасап, олардың ажырауын жеңілдетеді. Келтірілген факторлардың көпшілігі центромераға жақын орналасқан бөліктердегі кроссинговер жиіліктерін одан алысырақ орналасқан бөліктеріне қарағанда күштірек өзгертеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных