Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кроссинговердің цитологиялық дәлелдері




Кроссинговер құбылысы алғашында генетикалық әдіспен дрозофила шыбынында анықталып, кейіннен жүгеріде және тетрадалық талдау жүргізу арқылы нейроспорада цитологиялық тұрғыда дәлелденді. Мейоз кезіндегі хромосомалардың айқасуынан хиазмалардың пайда болуын кроссинговерді тудыратын механизм деп қарастыруға болар еді, бірақ ондай болжам түбегейлі дәлелді қажет етеді.

Айқасу процесінде гомологты хромосомалардың бөлімдер алмастыратындығын түңғыш рет 30-шы жылдардың бас кезінде цитологиялық тұрғыда дрозофила шыбынымен жүргізген зерттеулерінің негізінде К.Штерн делелдеді. Одан кейін Г.Крейтон мен Б.Мак-Клинток дәл сондай заңдылықты жүгері өсімдігінен байқады. Енді Штерннің дрозофила шыбынымен жүргізген тәжірибесін қарастырайық. Әдетте екі гомологты хромосома морфологиялық жағынан айнымастай ұқсас болып келеді. Ал К.Штерн морфологиялық жағынан айырмашылығы бар, яғни толық гомологты емес Х-хромосомаларды алып зерттеді. Дегенмен олардың көпшілік бөлігінде ұқсастық (гомология) бар, сондықтан да мейоз кезінде бір-біріне жақындасып жұптаса алады. Аналықтарда X-хромосомалардың ерекше болу себебі, сол Х-хромосоманың біреуіне У-хромосома үзіндісінің келіп қосылуына байланысты. Соның негізінде дрозофиланың жабайы түріне тән сг+В+ гендері бар Г-тәрізді Х-хромосома пайда болған. Басқа Х-хромосома негізін құраушы ретінде болған, оның центромераны алып жүретін бір үзіндісінде рецессивті ген сг және доминантты В+ гені болады (сr гені көздің қызыл түсін, ал жабайы түріне доминантты болып келетін В+ (Bar) гені - таспа тәрізді көзді, анықтайды). Х-хромосоманың центромерасыз үзіндісінің жоғалмау себебі, ол IV-ші кішкене хромосомаға бекиді. Генетикалық тұрғыда белсенділігі шамалы У-хромосома үзіндісінің қосылуы зиготаның хромосомдық балансын өзгерткен жоқ және осы гендер бойынша гетерозиготалы аналықтың толық тіршілік қабілеті болды.

Талдаушы будандастыруға қалыпты X және У-хромосомалары бар аталықтар алынды, бірақ олардың жыныс хромосомаларында гемизиготтық жағдайда сг және В+ гендері болды. Осы будандастырудың ұрғашы дара ұрпақтарына цитологиялық талдау жасағанда хромосомалары кроссоверлі емес шыбындардың екі класы: және , осылармен қатар басқа тағы екі класс: және пайда болғаны анықталды. Шыбындардың соңғы екі класы сr және В - гендерінің хромосомада айқасуы нәтижесінде алынған деп болжау айтылды.

Бұл төрт кластың бір-бірінен айырмашылығы тек көздері жағынан ғана емес, жыныстық белгілердің морфологиясы тұрғысында да болады. Шыбындардың жаңа екі класын беретін кроссинговер Х-хромосома бөлімшелерінің алмасуымен қоса жүрген. Сонымен, гендердің рекомбинациясы ұқсас хромосомалардың бөлімшелер алмасуымен қоса жүретіндігі цитологиялық тұрғыда дәлелденді. Осы тәріздес тәжірибе жүгерімен де жүргізілген, онда кроссинговер құбылысы бір мезгілде генетикалық әрі цитологиялық тұрғыда дәлелденді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных