Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тең емес кроссинговер




Әдетте хромосомалар айқасқанда екі гомологты хромосоманың бөлім алмастыратын жері бір нүктеде болады. Соған байланысты хромосоманың да айқасқан бөлімдері және оперондағы жиынтығы да сан жағынан бірдей тең келеді. Бірақ кейде, өте сирек жағдайда, мысалы, хромосоманың белгілі бір бөлігі екі еселенгенде олар қатар орналасқанда (тандемдік дупликациялар) айқасу бір нүктеде болмай шығады. Соның нетижесінде хромосомалардың алмасатын бөлімдері және олардағы гендердің саны бір-біріне тең болмайды. Мұндай құбылысты тең емес кроссинговер дейді. Мысалы, дрозофиланың жабайы түрлеріне тән қалыпты көздері хромосомалардың тең айқаспауы салдарынан таспа тәрізді (бұл белгі Bar-деп аталады) болып өзгереді. Дрозофиланың әр түрлі Ваг-мутацияларын көз торшаларының саны арқылы ажыратуға болады. Мысалы, жабайы шыбынның көзінің фасеткасының саны 800-дей болса, гетерозиготалық қос Bar немесе улътра-Ваг мутацияда 45-ақ фасетка болады.

Bar белгісімен сипатталатын шыбындарда Х-хромосоманың белгілі бір бөлігі екі еселенген болатынын цитологиялық талдаулар көрсетті. Ал, ультра-Ваг белгісіндегі шыбындарда бұл бөлік үш рет қайталанған болады. Қалыпты көзді және ультра-Ваг мутациялы шыбындар Bar дупликациясы бар екі Х-хромосоманың арасындағы тең емес кроссинговер нәтижесінде туындайтыны анықталды. Тең емес кроссинговер өсімдіктерде, мысалы жүгеріде де байқалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных