Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Митоздық кроссинговер




Жоғарыда қарастырылған мейоздық кроссинговермен қатар сомалық (дене) клеткаларының бөлінуі кезінде пайда болатын кроссинговер де кездеседі, оны соматикалық немесе митоздық кроссинговер деп атайды. Митоздық кроссинговер алғаш рет дрозофила шыбынынан табылған, бірақ кейіннен оның кең тараған құбылыс екендігі анықталды. 1936 жылы К.Штерн сұр түсті +) денесіндегі қылшығы ұзын (sn+) дрозофила шыбынын рецессивті сары денелі (у) қылшығы қысқа (sn, singed) шыбынымен будандастырып тәжірибе жүргізді. Сонда олардан алынған дигетерозиготаның екі белгісі де жабайы доминантты фенотипке тән, яғни сұр денелі ұзын қылшықты болды, бірақта ішінара кейбір шыбындардың денесінде сары дақтар байқалған. Мұндай аналықтардың денесінде теңбіл дақтар пайда болған, олардың денесінің кейбір жерлерінің түсі сары қылшықтары тік, ал соған көршілес басқа жерінің түсі сұр бұйра қылшықты болған. Осыған ұқсас дақтар sn локусы мен центромераның арасында болуы мүмкін. Соның нәтижесінде y+sn гендері орналасқан екі хромосома да бір полюске кетіп қалады, олай болса бір клеткаға барады, aл y sn+ гендері бар екінші хромосома басқа полюске, яғни басқа клеткаға кетеді. Егер кроссинговер кезінде алмасу орны sn гені мен центромера арасында болса және егер митоздың анафазасында екі хромосома y sn+ кездейсоқ бір полюске, ал екінші хромосома y+ sn екінші полюске кетсе, онда митоздық кроссинговер қос қабат (мозаикалық) дақ түрінде болады. Олар рецессивті белгілер береді, өйткені у және sn гендері айқасу нәтижесінде гомозиготалы жағдайға келеді: және .






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных