ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Алмасудың мөлшері және гендердің хромосомада тізбектеле орналасуыРекомбинацияға ұшыраған дараларды және олардың жалпы санын ескере отырып, кроссинговер (айқасу) жиілігін мына формуламен есептеп шығаруға болады: кроссинговер жиілігі (%) = х/у х 100 Мұндағы Х-рекомбинацияға ұшыраған даралар саны; У-даралардың жалпы саны. Мысалы, Ғ1 ұрпағында алынған шыбындарды гомозиготалы қос рецессивтілермен қайыра будандастырғанда мынандай нәтижелер алынған: Ата-аналық фенотипті: сұр денелі, қанаты қалыпты (b+vg+) - 965 қара денелі, қанаты жетілмеген (bvg) - 944 Рекомбинатты фенотипті: қараденелі, қанаты қалыпты(bvg +) - 206 сұр денелі, қанаты жетілмеген (b+ vg) - 185 Рекомбинация жиілігі: х 100= х100= 17%. Бұл мән гаметалар түзілуі кезінде пайда болатын рекомбинациялар санына сәйкес келеді. Айқасудың мөлшері хромосомадағы гендердің тіркесу күшін көрсетеді: неғүрлым айқасу мөлшері жоғары болса, тіркесу күші соғұрлым аз болады. Т.Морган кроссинговердің жиілігі хромосомадағы гендердің орналасу сипатын көрсетеді деп тұжырымдады, яғни тіркес гендер бір-бірінен неғүрлым алшақ орналасса, олардың арасында кроссинговердің болу мүмкіндігі соғұрлым көбейіп, рекомбинанттардың жиілігі арта түседі. Біз дрозофила шыбынының денесінің қара түсі мен қанатының жетілмегендігін анықтайтын гендердің рекомбинациялану жиілігі 17% деп көрсеткенде, бұл шама хромосомадағы осы гендердің арасындағы қашықтықты сипаттайтын болады. Мұндай жағдай жүгері хромосомаларында болатын айқасуға да тән, яғни анықталған 3,6% рекомбинация гомологты хромосомалардың екі бөлімшесінің арасындағы болатын жиілікті көрсетеді. Кроссинговер құбылысы, гендер хромосомада бір сызықтың бойында, белгілі бір ретпен орналасады деген тұжырымға әкеледі. Гендер тек сызык бойында орналасса ғана рекомбинанттардың пайызы хромосомадағы гендердің салыстырмалы түрдегі ара-қашықтығын көрсете алады. Екі геннің арасындағы кроссинговердің жиілігіне қарай, хромосомадағы сол гендердің бір-бірінен ара-қашықтығы туралы пікір айтуға болады. Бұл ұғымның дұрыстығын нақты мысалмен тексеріп көруге болады. Айталық дрозофилада j – жоғары қайқайған қанат, р – көздің қара қошқыл түсі және к – көздің қызыл түсі сияқты үш түрлі мутациялар кездеседі. Зерттеудің нәтижесінде бұл мутациялардың бір хромосомада шоғырланғандығы анықталған. Жүргізілген тәжірибелер j және р гендерінің арасында 6% кроссинговер, ал р мен к гендерінің арасында 4% кроссинговер болатындығын көрсетті. Бірақ бұл мәліметтер j, p және к гендерінің қандай ретпен орналасатындығын айтуға мүмкіндік бермейді. Бұл мәселені шешу үшін j мен к гендерінің арасындағы кроссинговердің процентін анықтау керек. Бұл екі ген арасындағы кроссинговер 10%-ке тең, яғни ол сан бұрынғы алынған (j мен р және р мен к) гендерінің арасындағы кроссинговердің қосындысына тең. Осы берілген мәліметтерден шығатын қорытынды, айқасудың пайызы гедердің ара қашықтығы мен олардың хромосомада сызық бойына орналасуының функциясы болып есептелетіндігін көрсетеді, яғни гендер арасындағы кроссинговер жиілігі хромосомадағы оларды бөліп тұратын ара қашықтыққа тура пропорционалды және осы мәліметтердің негізінде хромосомалардың генетикалық картасын жасауға болады. Генетикалық карта деп бір тіркесу тобында болатын гендердің орналасу сызбажобасын айтады. Генетикалық карталар гомологты хромосомалардың әр жұбына жеке-жеке жасалады, онда хромосомадағы гендердің орналасу реті мен бір-бірінен салыстырмалы ара қашықтығы көрсетіледі. Бұл ара шықтықтарды 1% кроссинговерге сәйкес келетін бірліктерде көрсету мақұлданған. Бұл бірліктерді алғаш рет хромосомалардың картасын құрған Морганның құрметіне морганида деп атайды. Генетикалық картаны жасауда әдетте, әр объектіге тән гендерді белгілеудің белгілі бір жүйесі қолданылады. Бірақ карта құрудың жалпы үлгісі бірдей. Онда міндетті де тіркесу топтары, гендердің толық немесе қысқартылған атаулары, хромосоманың бір жақ шетінен басталатын морганидамен белгіленетін ара қашықтық көрсетіледі. Генетикалық тұрғыда біршама жақсы зерттелген организмдердің, мысалы, дрозофила шыбыны, жүгері, бұршақ, нейроспоралардың барлық хромосомаларының карталары жасалған және оларда бүкіл гендердің орналасқан орындары көрсетілген. Қазіргі кезде адамның да барлық хромосомаларының генетикалық картасы жасалынып, гендердің орналасу реті анықталған. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|