Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






МУТАГЕНЕЗДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚОЛДАНЫЛАТЫН АТАУЛАР




Мутагенез (лат. "мутацио" -өзгеру, грек. "генезис" -тегі) — әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсерінен организмде тұқым қуатын өзгерістің (мутацияның) пайда болу процесі. Мутация — клеткадағы геннің табиғи не жасанды жолмен өзгеруі. Тірі табиғаттағы вирустар, микроорганизмдерден бастап жоғарғы сатыдағы өсімдік, жануар, адам — барлығы да мутацияға ұшырайды. Жыныс клеткалары мен спораларда пайда болған (генеративтік) мутациялар тұқым куады. Денс клеткаларында болатын (сомалық) мутациялар тұқым қумайды. Дене клеткаларында мутантты ткані бар өкілдсрді мозаиктер немесе химерлср деп атайды (ХИ-тарау). Вегетативтік жолмен (бір түйнегінен) көбейетін организмге сомалық мутацияның үлкен маңызы бар.

Организмиің табиғи не әр түрлі факторлар әсерінен тұқым қуатын өзгеріске бейімділігі мутабильдік деп аталады. Мутацияға бейім болу көптеген себептерге -организмнің жас мөлшеріне, даму сатысына, температураға, генотиптің ерекшелігіне байланысты. Гендердің мутацияға бейімділігі бірдей болмайды, оларды стабильді және мутабильды деп бөледі. Жеке гомологты хромосомаларда орналасқан аллель жұптары бір мезгілде ұшырамайды. Генотиптегі гендер мутацияға жиі үшырайды. Жеміс шыбы-нының бір ұрпағында 100 гаметаға бір мутация сәйкес келеді. Тышқанның радиация әсеріне мутабильділігі дрозофиладан жоғары. Маймылдар рентген сәулесіне тышқаннан гөрі 2-3 есе сезімтал келеді. Генетикалық факторларға байланысты болғандықтан мутабильділікті қолдан сұрыптау арқылы арттырып не кемітіп отыруға болады. Қазіргі кезде селекциялық жолмен мутабильділігі жоғары жаңа линиялар шығарылуда.

Мутагендер (мутагсидік факторлар) деп мутацияның жүруіне әсер ететін заттарды атайды. Бұған физикалық әсерлер (ультракүлгін сәуле, рентген сәулесі, нейтрондар б, в, г-бөлшектері т. б.), химиялық заттар (алкидті қосылыс-тар, алколоидтар, нуклеин қышқылдарының аналогтары т.б.) жатады. Мутагендердің әсері, олардың табиғатына, мөлшеріне, әсер ету жағдайына, сондай-ақ организмнің генотипіне, даму сатысына және физиологиялық жағдайына байланысты. Мутагендер орғанизм өзгсргіштігін кенет жеделдетеді, Бұл селекция жүмысының нәтижелі өтуіне жағдай туғызады.

Мутант — организмнің мутация нәтижесінде алғашқы типіне ұқсамайтын, тұқым қуатын өзгеше қасиеттері бар тұлғалары. Мутанттардың селекцияда, микроорганизмдердің биохимиялық мутанттарының генетикалық аппаратын зерттеуде үлкен мәні бар.

Мутациялар табиғи жағдайда немесе лабораториялық жағдайда жануарлармен өсімдіктерде пайда болады, мұндай мутацияларды спонтанды (лат. "спонтанеус" — өздігінен) дейді. Жасанды жолмен әр түрді мутагендік факторлармен әсер ету арқылы адамның тікелей басшылығымен алынған мутацияларды индукциялык, (лат. "индукцио" — қоздыру) деп атайды.

 

МУТАЦИЯНЫ ТОПТАСТЫРУ

Мутацияның түрлерін топтастырудың бірнеше негізі бар.

A. Геномның өзгеруі негізінде:

1. Геномдық мутациялар — клеткадағы хромосома санының өзгеруі.

2. Хромосомалық мутациялар немесе хромосомалық қайта құрулар - хромосомалардың жүйелік өзгеруі.

3. Гендік немесе нүктелік мутациялар - ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруі — геннің өзгеруі.

Б. Гетерозигота күйінде көріну негізінде:

1. Доминантты мутациялар.

2. Рецессивті мутациялар.

B. Қалыпты табиғи тұрысынан ауытқу негізінде:

1. Тура мутациялар.

2. Кері мутациялар (реверсиялар) — тегіне тартпауы.

Г. Туғызу себебі негізінде:

1. Слонтанды, адамның катысуынсыз табиғи жағдайда пайда болатын мутациялар.

2. Индукциялық.

Топтастырудың тек осы төрт әдісі генетикалык материалдың өзгеруін қатал қадағалап, сипаттайды және барлық окиғаларға бірдей маңызы бар. Жоғарыда айтылған топтастыру тәсілдері мутацияның пайда болуын немесе оның фенотиптік көрінісін кез келген организмдерде эукариоттарда, прокариоттарда және олардын вирустарында сипаттайды.

Мутацияны топтастырудын кейбір жеке тереңдеу тәсілдері бар:

Д. Клеткада орналасуына байланысты:

1. Ядролық.

2. Цитоплазмалық. Бұл жағдайларда ядродан тыс гендерді ескереді.

Е. Тұқым қууы жайында:

1. Генеративті, жыныс клеткаларындағы мутациялар.

2. Сомалық, дене клеткалары мутациялары.

 

Топтастырудың соңғы екеуін эукариоттарға ғана қолдануға болады ал олардың жыныс немесе дене клеткаларынан пайда болуы жөніндегі көзқарас тек көп клеткалы эукариоттарға қатысты.

Ақырында мутацияларды өте жиі олардың фенотиптік көрінісіне, яғни өзгерген жағдайларға сәйкес топтастырады: летальды, морфологиялық, биохимиялық, мінездік, сезімталдылық, төзімділік т. с. с. Бұл мутацияларды топтастырудың шұбалаң түрі болғандықтан арнаулы әдебиеттерде жиі кездеседі.

Жалпы түрде мутация дегеніміз генетикалык материалдың тұқым қуатын өзгерісі. Оның әрекетін белгілердің өзгергенінен білуге болады.

Генотип бойынша мутациялардың жалпыға бірдей қабылданған топтастыруы бар:

1. Геномдық;

2. Хромосомалык;

3. Гендік;

4. Цитоплазмалық.

 

Гендік мутация

Мутацияның мұндай түрі жекелеген гендерде болады және жиі кездеседі. Организмнің көптеген морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық белг-қасиеттерінің өзгеруі осыған байланысты.

Гендік мутация организмнің белгілерін көбінесе шамалы ғана өзгертетіндіктен оны «шағын» мутацияға жатқызады. Ол табиғи жағдайда түрлердің эволюциялық тұрғыда икемді болуына мүмкіндік туғызады және селекциялық жұмыста өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тұқымдарын және микроорганизмдердің штаммдарын алу үшін қажетті материал ретінде пайдаланылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных