Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЗГЕРГІШТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ




Тұқым қуалайтын өзгергіштік ұрпақта ата-аналарының ерекшеліктерінің әртүрлі қисындасуына, яғни олардың жаңа комбинация құруынан немесе клетканың генетикалық аппаратының, геннің басқа да элементтерінің өзгеруінен кенеттен пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты тұқым қуудың екі түрлі өзгергіштігі болады - ол комбинативтік (қисындасу), мутациялық (кенеттен пайда болған) және (модификациялық) тұқым қуаламайтын сыртқы ортаның әсерінен туған өзгергіштік. Сонымен қатар коррелятивті өзгергіштік (өзара байланысты) маңызды орын алады.

Комбинативтік (лат. "комбинацис" - үйлесу, қисындасу) өзгергіштік әр түрлі шағылыстыру, будандастыру арқылы алынған малдың, өсімдіктің ұрпақтарында байқалады. Бұл өзгергіштіктің салдарынан жаңа тұқым қуалау белгілері пайда болмайды, тек қана ата-анасының гендерінің алмасуы арқасында жаңа белгілер үйлесімі пайда болады.

Комбинативтік өзгергіштіктің практикалық маңызы өте зор. Оның зандылығын пайдаланып малдың, өсімдіктің жаңа тұқымдарын шығаруға болады. Шығарылған мал тұқымын одан әрі асылдандыру, оларды дұрыс жұптау арқылы алатын өнімді арттыру осыған негізделген. Комбинативтік өзгергіштіктің негізінде көптеген мал тұқымдары шығарылды: жылқының желгір орлов тұқымы, қара малдан кострома тұқымы, алтайдың биязы жүнді қойлары т. б. зебу мен ірі қараның европалық түрлерін будандастырып австралияның сүтті зебу тұкымы алынды. Жаңа тұқым зебулар секілді ыс-тыққа, кенеге төзімді және европалық малдарға ұқсас сүтті болып шықты. Архар мен прекос тұқымды қойды будандастыру архармеринос қой тұқымы алынды.

Коррелятивтік өзгергіштік (өзара байланысты). Тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерінің ықпалымен организм біртұтас өсіп, дамиды. Сондықтан бір органның немесе тканьдердің өзгеруі басқа органдар, тканьдерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Мысалы гипофиздің (мидың қосымша бөлігі) алдыңғы бөлігінің жетілмеуі бойының және жыныс-тың өсуін тоқтатады.

Зоотехникалық мал дәрігерлік жұмыс үшін корреляциялық өзгергіштікті оқып білудің маңызы зор. Мысалы жоғары сүттілік пен бордақылауға бейімділік қайшы өзара байланыста. Сондықтан әрі сүтті, әрі етті бір тұқым шығарылған жоқ. Ауруға төтеп беретін қасиетпен кейбір өнім беретін қасиеттер дұрыс не теріс байланыста болуы мүмкін.

Мутациялық өзгергіштік ата тегінде болмаған кейбір жаңа ерекшеліктердің кенеттен ұрпақтың жекелеген организмінде пайда болуы. Мутация тұқым қуалайтын материалдың өзгеруіне байланысты, яғни тұқым қуалайтын информацияның өзгеруі арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Олар табиғатта, лабораториялық жағдайда және үй жануарларында да кездеседі. Егер табиғи жағдайда олардың тіршілікке қабілеті азайса табиғи сұрыптаудың сарабына түсіп көп сақталмайды, керісінше бұрынғы формаларға қарағанда күштірек болса оларды сұрыптау іліп әкетеді.

Мутациялар жануарлар мен өсімдіктер эволюциясында өте маңызды орын алады. олар комбинативтік өзгергіштікпен біріге отырып табиғи және қолдан сұрыптауға көп материал береді.

Модификациялык өзгергіштік жануарлар мен өсімдіктерде қоршаған ортаның тікелей әсерінен пайда болады. Көбінде бейімделушілік немесе адаптацияның маңызы бар.

Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайтын, генотипті өзгертпейтін фенотиптік өзгергіштік. Ол топтық сипаттама көрсетеді, яғни адаптациялық мәні бар әрбір белгі популяция мүшелерінің бәрінде де ұқсас өзгереді де белгілер корсеткіші өзара тығыз байланыста болады. Модификациялық өзгергіштік табиғатта кеңінен таралган, себебі организмнің белгісінің дамуына қоршаған орта әсер етеді. Бір апалық клеткадан пайда болған ұқсас егіздер, генотиптің бірдейлігіне қарамастан әртүрлі ортада өсірілсе белгілерінде айырмашылық болады. Сандык белгілерге (сүт мөлшері, тірі салмағы, жүннің салмағы т.б.) ортаның әсері өте күшті болғандықтан оларда модификациялық өзгергіштік көбірек болады. Сапалық белгілер (қанның тобы, түсі т.б.) негізінен тұқым қуалаушылық қасиетпен бақыланады.

Жануарлардың арасында қоршаған ортаның әсері кейде олардың генетикалық айырмашылығын жоққа шығарады. Онда генотипі жағынан жақсысы да, жаманы да бірдей өнім беруі мүмкін. Сондықтан ортаның жағдайы нашар болса, фенотипі бойынша сұрыптау ешқандай нәтиже бермейді. Мысалы нашар азықтандыру бірінші ұрпаққа ғана емес сонан кейінгі қатардағы ұрпақтарға әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда созылган (ұзақ) модификацияны байқауға болады.

Модификациялық өзгергіштік шектеулі (реакция ережесі), яғни генотипте қатаң түрде жоспарланған. Бірақ бұл қоршаған ортаның жақсы әсерінен пайда болған белгілері бар индивидтерді таңдап алғанмен, болашақ ұрпақтың осыған сәйкес жақсаруына себеп бола бермейді.

Реализациялык (іске асыру) өзгергіштік. 1989 жылы академик В.А. Струнников модификациялық өзгергіштіктен өзгеше генотипті іске асыру кезінде фенотиптен жіберілген қателерден пайда болған өзгергіштікті реализациялық өзгергіштік немесс "үшінші өзгергіштік" деп атады. Басқа сөзбен айтқанда айырмашылықтар популяциялар арасында емес, олардың жеке мүшелерінде байқалады.

Реализациялық өзгергіштіктің басты ерекшелігі, оның өте жоғары көрсеткіштері бар индивидтері жоғалып, төменгі көрсеткішті өкілдердің көбеюінде. Осының салдарынан таралу қисығы және арифметикалық орта көрсеткіші төменге ауытқиды. Ал генетикалық немесе модификациялық өзгергіштерде сандық белгілер көрсеткіштері арифметикалық орташадан не төмен, не жоғары бола береді, осының есебінен олар өзгермейді.

Реализациялық өзгергіштікпен анықталатын онтогенез барысында пайда болган сандық белгілер көрсеткіші, модификацияларға қарағанда ешқашан да ұрпақтан көрінбейді, тіпті ата-аналардыц генотипі мен онтогенез жағдайы қайталансада. Реализациялық өзгергіштіктің көмегімен гетерозис құбылысын түсіндіруге болады. Егер мұндай өзгергіштік сандық белгілерде жоғарыласа, онда осыдан бұрын айтылғандай, олардың орташа арифметикалық мәні азаяды және керісінше өзгергіштік төмендесе орташа көлемі көбейеді. Сондықтан өмірсүргіштігі жоғары будандардың генотипі толық жүзеге асырылудың нәтижесінде тек кана өмірсүргіштік қабілеті емес, сандық көрсеткіштерінің орташа мәні де жоғарылайды, ал жақын туыстық шағылыстыру жүргізгенде олар өте төмен болады.

Тұқым қуалаушылық көбінде генотиптің жүзеге асырылу дәрежесіне байланысты. Неғұрлым кейбір белгілер бойынша генотип фенотипке іске асса, солғұрлым бұл белгілердің болашақ ұрпақтан көріну ықтималдығы артады. Осыған байланысты реализациялық өзгергіштіктің табиғатын білу. Бұл өзгергіштік білінбейтін селекциялык популяцияларды бағытталған түрде жасауға көмектеседі, сондай-ақ тұқымға жақсы касиеттерін өзінің келесі ұрпақтарына бере алатын особьтерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұл нәтижелер жібек кұртымен жүргізілген жұмыстарда толық дәлелденген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных