Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастар




Бұл тақырыпты оқу кезінде азаматтық құқық қатынастарының анықтамасын білу қажет. Ол азаматтық құқықтық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар, бұл түсінік мемлекет және құқық жалпы теориясына негізделген екендігі айқын көрінуде. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері: мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және салыстырмалы (қатысты), заттық және міндеттемелік қатынастар.

Азаматтық құқықтық қатынастарының элементтері – ол азаматтық құқық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері. Азаматтық құқықтық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады, және де олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары (субъектілері): құқылы жақ (несие беруші, кредитор) және міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады.

Азаматтық құқық қатынастарының объектісі - олардың пайда болуына себеп болатын және субъектілерінің әрекеттері бағытталатын нәрселер болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Азаматтық құқық объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115-бабында аталған. Аталмыш баптың нормаларына орай, мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды немесе субъектінің өзін дараландырудың өзге де құралдары жатады (Ә сызбасын қараңыз).

Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады (Б сызбасын қараңыз).

ҚР АК 7-бабында аталған құқықтық фактілер азаматтық құқық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқық қатынастары азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа әрекеттерінен туындауы да мүмкін, олар заңда аталмаса да. Құқықтық фактілер, ерікті белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін қатысушылар әрекеттері заңды және заңсыз болады. Құқықтық фактілердің толық жіктелуі «Мемлекет және құқық теориясы» оқулықтарында келтіріледі (В сызбасын қараңыз).

Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, яғни субъектілері:

- жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ жеке тұлғалар;

- заңды тұлғалар: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар (Г сызбасын қараңыз);

- мемлекет, оның атынан унитарлы Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер: облыстар, қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін, қатысушылар құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы қажет. Аталған терминдерді түсіну үшін негізгі ұғымдар ретінде құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болады. Бұл терминдердіңтүсінігін, сипаттамаларын толық білу болашақ заңгерлер үшін абзал.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных