ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретіндеЖеке тұлғалардың (азаматтардың) құқыққа қабілеттілігі мен әрекет жасауға қабілеттілігі әртүрлі уақытта пайда болады. Азаматтардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігінің анықтамасы Азаматтық кодексте бекітілген. Жеке тұлғаның құқыққабілеттілігі дегеніміз – ол оның азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттерді атқару қабілеті. Бұл қабілет барлық жеке тұлғаларда (азаматтарда) бірдей болады, адам туғанында пайда болып, қайтыс болғанда тоқтатылады (ҚР АК 13-б.). Бірде бір жеке тұлғаны құқық қабілеттілігінен айыруға немесе шектеуге болмайды, тек қана кейбір жағдайларда құқық бұзушылық (қылмыс) жасағаны үшін сот үкімімен (шешімімен) азаматтың құқық қабілеттілігі шектелуі мүмкін. Жеке тұлғаны құқық қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер жарамсыз болып танылады. Азаматтарға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды. Және де азаматтардың өздерінің өз құқықтарынан бас тартуы олардың тоқтатылуына әкелдірмейді (ҚР АК 8, 18-баптары). Азаматтың құқық қабілеттілігінің мазмұны – ол мүлікке, меншік құқығына ие болу, тұрғылықты жерін таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу, заңды тұлғалар құру, заң тыйым салмаған кез келген мәмілелерді жасау, мүлікке өсиет қалдыру, мұрагер болу, өз міндеттемелері бойынша жауапкершілік көтеру және т. б. құқықтар мен міндеттерден тұрады (ҚР АК 14-б.). Құқық қабілеттілігін жүзеге асыру, яғни азаматтық құқық қатынастарына қатысу қабілеті, ол азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты болады. Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігі – ол өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу, оларды жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеті. Бұл қабілет азаматтарда толық мөлшерде кәмелетке толғанда ғана пайда болады (ҚР АК 17-б.). 18 жасқа толған азаматтар өз бетімен заң тыйым салмаған кез келген мәмілелерді жасауға, өз міндеттемелері бойынша мүліктік жауаптылық шегуге қабілетті болады. Бұл әрекетқабілеттілігінің мазмұны болып танылады. Бірақта, егер жеке тұлға жүйке ауруымен ауыратын болса, немесе оның ес-ақылы кем болса, сол себептен өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмай, не істегенін білмесе, өз әрекеттеріне жауапты бола алмаса, онда ол мүдделі тұлғалардың өтінішімен, сот шешімі арқылы әрекетқабілеттілігі жоқ деп танылады, оған қамқоршы тағайындалады (ҚР АК 26-б.). Ал 14 жасқа толмаған жасөспірімдер сот шешімімен емес, заң бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылады (ҚР АК 23-б.). Олар өз бетінше тек қана жасай салып орындалатын өздерінің жасына лайықты орындалатын, ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы болады. Ал олардың әрекеттері үшін мүліктік жауаптылық ата-аналары мен қорғаншыларына жүктеледі. 14 пен 18 жас аралығындағылар сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке жартылай қабілетті деп танылады. Олар өз бетімен өз жастарына сай, кішігірім тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы болады, ал қалған мәмілелерді тек өз табыстарының (кірістерінің) мөлшерінде ғана жасай алады. Өзге мәмілелерді олар ата аналарының, қамқоршыларының келісімімен жасайды. Ол келісімнің нысаны мәміленің нысанына байланысты болады. Бұл жасөспірімдер мүліктік жауапкершілікті өз бетімен табыстары (кірістері) мөлшерінде ғана атқаратын болады, ол болмаған жағдайда, немесе жеткіліксіз болган жағдайда, олармен бірге ата-аналары, қамқоршылары атқаратын болады, егер зиян келтірілуде олардың кінәсі жоқ екендігін дәлелдей алмайтын болса (ҚР АК 22-б.). Отбасылық құқық саласында кәмелетке толмағандарды толық әрекет қабілетті деп тану туралы жағдайлар да көрсетілген. Сонымен қатар, ҚР Азаматтық кодексінің 22-1-бабында кәмелетке толмаған жасөспірімді толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) туралы ережелер бекітілген. Осыған орай, жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|