Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Заңды тұлғалардың қызметін тоқтату




 

Заңды тұлғаның қызметін тоқтату екі жолмен өткізіледі: қайта құру және тарату арқылы. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату күні болып ол жөнінде мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізу күні саналады. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, интернет-ресурс арқылы хабарлауға мiндеттi.

Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және тарату тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi. Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк сол комиссияға ауысады.

Қайта құру дегеніміз – ол мирасқорлық негізінде заңды тұлғаның қызметін тоқтату. Қайта құру бес түрде өткізіледі: бөлу, бөліп шығару, қосу, біріктіру және өзгерту. Қосу, біріктіру және өзгерту кезінде мүлкі жөнінде өткізу (тапсыру) актісі жасалады, ал бөлу және бөліп шығару кезінде мүлкі жөнінде бөлу балансы жасалады (ҚР АК 47 б.). Қайта құрудың әрбір түрі туралы ережелерді нақтылап үйрену қажет, себебі булардың құқықтық салдары әртүрлі болып келеді. Айта келсек, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығынан бастап бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер нысанындағы заңды тұлғалардың көбі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, тағы басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда қайта құрылған.

Қайта құруға қарағанда, тарату – ол заңды тұлғаның қызметін мирасқорлық негізінсіз тоқтату. Заңды тұлғаны тарату заңда белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі (ҚР АК 50-51-б., б.). Оның негізгі ұғымдарын білу қажет: «тарату комиссиясы», «тарату балансы», «аралық тарату балансы», «несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру кезегі», «төлемдерді капиталға айналдыру», т.б.

Қазіргі кезде заңды тұлғаны тарату негіздерінің бірі - банкроттыққа ұшырау. Банкрот деп тану тәртібін реттеуде қолданылатын нормативтік құқықтық акт - ол 2014 жылғы 7 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңы. Азаматтық өрістің субъектілері ретінде төлемдерін өтеу қабілеттілігінен айрылған борышкерлерді сақтап қалу мақсатында мемлекет әртүрлі ақтау шараларын қарастырады және сол шаралардың ешбір тиімділігі болмаған жағдайда ғана, сот борышкерді банкрот деп тану жөнінде шешім шығарады. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын дара қәсіпкерлер де банкрот деп танылуы мүмкін (ҚР АК-21 бабы). Банкроттыққа ұшырау ерікті және ықтиярсыз болады, несие берушілер бастамасымен немесе борышкердің өз бастамасымен өткізіледі. Банкроттыққа ұшырау тәртібі толық түрде жоғарыда аталған ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен реттеледі. Банкроттық – ол борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі.

Дәрменсіздік түсінігі Азаматтық кодекстің 52-бабының екінші тармағында берілген: «Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот белгілеген оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi».

Жоғарыда айтылғанмен қоса, заңды тұлға таратылғаннан кейін қалған мүліктің тағдыры жөніндегі ережелерді білу қажет (ҚР АК 50-б. 8-т., 51-б. 5-т.).

Заңды тұлғалардың жіктелуі оларды коммерциялық немесе коммерциялық емес түрлерге жатқызуға байланысты болады (Г сызбасын қараңыз).

       
 
 
   






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных