Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Азаматтық құқықтың объектiлерi




Азаматтық құқықта объекті ұғымы өте даулы. Жалпыға таныс анықтамасы келесі: азаматтық құқық объектісі дегеніміз - ол азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталатын (ықпал ететін) нәрселер. Рим құқығынан бастап азаматтық құқық объектілеріне материалдық игіліктер: мүлік (мүліктік құқықтар мен игіліктер), жұмыстар мен қызметтер жатады. Азаматтық кодекс жоғарыдағы аталғанға қосымша объектілерге шығармашылық қызмет нәтижелерін және материалдық емес, яғни мүліктік емес жеке құқықтар мен игіліктерді де жатқызады.

Сонымен, заттар (мүлік) азаматтық құқық объектілерінің тек бір түрі ғана болып табылады. Дегенмен, заттар басқа объектілермен салыстырғанда ең кең тараған түрі болады. Заттардың жіктелуі өз бастамасын рим құқығынан алады және де ол заманның өзгеруіне байланысты жаңа түрлерімен толықтырылған (Е сызбасын қараңыз). Заттардың жіктелуінің тәжірибелік маңызы өте зор, мәселен, АК ерекше бөлімінде келтірілген келісім шарттардың жеке түрлерін бөлуде. Мысалы: жалға алу шартының объектісі - дара белгілермен анықталған, тұтынуға жатпайтын зат болса; ал несие шартының объектісі – ол тектік белгілерімен анықталған, тұтынылатын заттар болады. Жылжымайтын мүлік әрқашан дара белгілермен анықталған зат болып танылады.

Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктердің жіктелуі бірнеше негіздер бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясының екінші бөлімінде адам мен азаматтың айырылмас құқықтары белгіленген. Олар: өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау, жеке өміріне қол сұқпаушылық, өзіндік және отбасы құпиясын сақтау, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, ар-ождан бостандығы, және т.б. құқықтар (Ж сызбасын қараңыз). Бұлардың сипаттамасына: экономикалық мазмұны жоқ, иесінің жеке басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын игіліктер ме бостандықтар жатады. Аталмыш объектілерді қорғау құралдарының бірі болып моральдық зиянды өтеу, онын ішінде ақшалай өтеу көзделген.

Азаматтық құқық қатынастарының ерекше объектілеріне заң шығарушы интеллектуалдық меншік объектілерін (ҚР АК 125-б.), қызметтік және коммерциялық құпияны (126-б.), ақшаны (127-б.) және валюталық құндылықтарды (128-б.), бағалы қағаздарды да (129-139 б., б.) жатқызады. Қазақстан заң шығарушысы ҚР АК 130-бабында келтірілген бағалы қағаздар тізімінен вексель мен чекты шығарып тастаған болса да, азаматтық құқық теориясында бұлар жалпыға танымал бағалы қағаздар болып танылады. Құжатсыз бағалы қағаздармен қоса, заңда және тәжірибеде құжатты бағалы қағаздардың басқа жаңа түрлері пайда болды: ипотекалық күәліктер, қойма күәліктері (варрант), дәнді-дақылдар қолхаты және т.б. Құнды қағаздардың құқықтық мәртебесі, олармен мәміле жасау тәртібі, арнайы заңдармен мен белгіленген (2003 ж. қабылданған ҚР-ның «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы және т.б.). Азаматтық құқықтың ерекше объектілеріне энергия (жылу энергиясы, электр энергиясы – ҚР АК 25-ші тарауы, 5-параграфы) және газ, су, мұнай да жатады.

Жұмыстар, қызметтер, шығармашылық қызмет нәтижелері азаматтық құқықтың объектілері ретінде және олар жөнінде құқықтық қатынастар Азаматтық құқықтың ерекше бөлімінде қарастырылады.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ (СУБЪЕКТІЛЕРІ)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных