ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Азаматтың есімі, тұрғылықты жері. Дара кәсіпкерлік
Азаматтың есімі оны басқа тұлғалардан дараландыру құралы болып танылады, бала тұғанда тіркеуді қажет етеді (ҚР АК 15-б.). Азаматтық құқықта адамның есімі ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, оның есімінен, әкесінің атынан және тегінен тұрады. Азаматтың есімін өзгерту де, қайтыс болуы сияқты, мемлекеттік тіркеуден өткізуді қажет етеді. Бұл жағдайда маңызды рөльды Азаматтық жағдайлар жөніндегі актілерді тіркеу органдары атқарады (АХАТ). Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы « Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарының болуы міндетті.Жеке басты куәландыратын құжаттарға келесілер жатқызылады: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат; азаматтығы жоқ адамның куәлігі; Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты; Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты; босқын куәлігі; Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі; шетелдік паспорт; қайтып оралуға арналған куәлік; туу туралы куәлік. Осылардың арасынан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ішкі айналымда қолдануда тек паспорт, жеке куәлік, ал кәмелетке толмағандар үшін туу туралы күәлік жарамды болады. Паспортқа иелену біздің азаматтардың құқығы болып танылады, ал жеке куәлік алу – міндет ретінде бекітілген. Азаматтың тұрғылықты жері де азаматтық өрісте, әсіресе кәсіпкерлік саласында, аса маңызды рөль атқаратынын білу абзал. Азаматтың тұрғылықты жері болып, ол тұрақты немесе көбінде тұратын мекенжай саналады (ҚР АК 16-б.). Егер азамат азаматтық айналымнан шығып қалған болса, онда ол заңда көзделген негіздер болған жағдайда сот шешімімен хабар ошарсыз кеткен (ҚР АК 28-б.) немесе өлген деп танылуы мүмкін (ҚР АК 31-б.). Азаматтар тіркеуді қажет ететін кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы болады (ҚР Конституциясының 26-б. 4 т., ҚР АК 19-б.). Кәсіпкерліктің ұғымы мен түрлері ҚР АК 10-бабында және 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабында келтірілген: кәсіпкерлік дегеніміз - азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік), немесе мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу, жедел/оралымды басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашылық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен занды тұлға құру арқылы және заңды тұлға құрмастан айналысуға болады (З сызбасын қараңыз). Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысу дара кәсіпкерлік санатына жатқызылады, ол үшін Күәлік, патент алу, немесе бір мәрте төлем төлеу қажет болады. Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері ҚР АК 10-бабында және 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік кодексінде, өзге заңнамаларда бекітілген. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік кодексінің 31-бабына сәйкес, өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады. Өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн жеке тұлға ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда мұндай пайдалануға жұбайының нотариус куәландырған келiсiмi қажет. Өзiндiк кәсiпкерлiк шаруа, фермер қожалығы нысанын пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы да мүмкін. Бiрлескен кәсiпкерлiк туралы жалпы ережелер Кәсіпкерлік кодексінің 32-бабында жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырылады деп бекітілген. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандарына келесілер жатқызылған: 1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi; 2) шаруа қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғынжайға ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк; 3) жай серiктестiк нысанында ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жеке кәсiпкерлiк; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де нысандар. Жұмыскерлерінің жылдық орташа санына және жылдық орташа кірістеріне қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады: шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері.Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|