Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау




 

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру – ол субъективтік азаматтық құқық мазмұнын құрайтын әрекеттерді жасау. Мысалы, меншік құқығын жүзеге асыру, ол – мүлікке ие болу, пайдалану, сақтау, оны сату, сыйға тарту, айырбастау және т.б. әрекет арқылы жүзеге асыру, және өзге тұлғалардан меншік иесінің құқықтарын сақтауды талап ету болып танылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын, өз қалауынша пайдаланады.

Азаматтық құқықтың нормативтік қағидаттарының бірі - субъектілердің ерікті түрде, өз мүдделері үшін құқықтарын кедергісіз жүзеге асыру. Тұлға өз құқығынан бас тартуға құқылы, бірақта ол заңда көзделген жағдайда субъективтік құқықтың тоқтатылуына әкелдірмейді. Субъективтік азаматтық құқық – құқылы тұлғаның әрекет етуінің мүмкіншілігі, ал субъективтік азаматтық міндет – ол міндетті тұлғаның кажетті әрекет ету міндеті.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шексіз болуы мүмкін емес, яғни оларды жүзеге асыруда заңды түрде талаптар қойлады. Ол үшін: әділдікті, іскерлік этика, іскерлік өрістің әдеттерін бағалау санаттары, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау мерзімдерін анықтау қолданылады. Өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде әр тұлға өзгелердің және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы қажет. Заттық құқықтар құқылы субъектісі заң тыйым салмаған кез келген әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік міндет міндетті тұлғамен белгілі бір әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, заң азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың белгілі шектерін де бекітеді. Мысалы: азамат өз субъективтік құқықтарын жүзеге асыру кезінде қоғамның адамгершілік қағидаларын және басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін бұзбауы қажет. Соған байланысты, кәсіпкерлік саласында болатын теріс пиғылды бәсекелестікке тыйым салынады. Заң құқықты асыра пайдалануға да тыйым салады (АК 11-б.).

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру азаматтық міндеттерді орындаумен тығыз байланысты болады. Ол тиісті бір әрекетті жасау немесе оны жасаудан бас тарту міндетінен тұрады.

Азаматтық құқықтарды қорғау дегеніміз – ол заңда көзделген құқыққа қолсұқпаушылықты қамтамасыз етуге, нұқсан келген құқықтарды қалпына келтіруге және азаматтық құқықтарды бұзатын әрекеттерді тоқтатуға бағытталатын шаралар жүйесінен тұрады. Нақтылы қорғау тәсілдері ҚР АК 9-шы бабында бекітілген: құқықты мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу каупін төндіретін әрекеттерді тоқтату; міндетті заттай орындатуды ұйғару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету, және т.б.

Бұл жерде осы бапта келтірілген залалдар түсінігіне назар аудару қажет, ол нақты нұқсан және айырылып қалған пайдадан құралады (Д сызбасын қараңыз). Мүліктік құқықтарды қорғаумен қоса заң шығарушы жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді азаматтық құқықтық құралдарымен қорғауды да көздейді, мысалы: моральдық зиянды ақшалай түрде өтеу.

Заң шығарушы кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқығын қорғауға ерекше назар аударады (ҚР АК 10-11-баптары). Кәсіпкерлердің құқықтарымен қатар оларға міндеттер де жүктеледі: мемлекеттік тіркеуден өту, мүліктік жауапкершілік көтеру, салық төлеу, т.б.

Және де азаматтық құқықтарды қорғаудың үш нысанын атап өту қажет: өзін өзі қорғау, сот тәртібімен қорғау және әкімшілік тәртібімен қорғау. Оның көне түріне өзін өзі қорғау жатады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных