ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлеріКоммерциялық ұйымдар – ол қызметінің негізгі мақсаты ретінде таза табыс табуды қөздейтін заңды тұлғалар. 1995 жылы 1 наурызда күшіне енген ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі), заңды тұлғалардың тек белгілі бір құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарын қарастырған және бұрынғы барлық заңды тұлғаларды осы талапқа сай қайта тіркеуге міндеттеген. ҚР АК-не сәйкес (өзгерістерімен, қосымшаларымен қоса) коммерциялық заңды тұлғаларға келесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар жатады: мемлекеттік кәсіпорындар (шаруашылық жүргізу құқығындағы және жедел басқару құқығындағы (қазыналық) кәсіпорындар); шаруашылық серіктестіктер (толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар); өндірістік кооперативтер мен акционерлік қоғамдар. Әр заңды тұлғалар жөнінде Азаматтық құқықтың жалпы нормаларына қосымша ретінде арнайы нормативтік құқықтық актілер қабылданған. Мысалы: 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы, 1998 жылдың 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы, 2001 жылдың 16 қаңтарындағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, 2001 жылдың 8 мамырындағы «Тұтыну кооперативі туралы» ҚР Заңы және т.б. Заңды тулғаларды жіктеудің өзге негіздері: заңды тұлғалардың міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың жауапкершілігінің шегі мен мөлшері; құрылтайшылардың ең аз және ең көп мөлшері; олардың субъектілік құрамы; заңды тұлға таратылған жағдайда оның мүлкіне деген құрылтайшылардың құқығы және т. б. Мысалы: өндірістік кооперативтің құрылтайшыларының (қатысушылары) саны екі адамнан кем емес, тек қана жеке тұлғалар болады. Олар жарғылық капиталына өз мүліктік үлестерін қосып қана қоймай, кооператив қызметіне де өз еңбегімен қатысады. Сондықтан, казіргі кезде ондай заңды тұлғалар аса көп емес. Ал ЖШС бір және одан да көп тұлғалармен және жеке тұлғалармен де, заңды тұлғалармен де құрылуы мүмкін. ЖШС қызметіне құрылтайшылар өз еңбегімен қатысуға міндетті емес, жарғылық капиталына өз үлестерін қосса да жеткілікті болады. Осы себептерден қазіргі таңда ЖШС нысанындағы заңды тұлғалар кең тараған. Заңды тұлғалардың құрылтайшылары өздері құрған заңды тұлғалар мүлкіне міндеттемелік және заттық құқықтарға ие болады. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары олардың тапқан таза пайдасын өзара бөлісе алмайды. Бұл тақырыпты толық меңгеру үшін заңды тұлғалардың әр түрі жөніндегі Азаматтық кодекс нормаларына және арнайы заңдар нормаларына сүйене отырып, жоғарыда аталған әр заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық сипаттамасын толық білу қажет.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|