ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Мәмілелердің түсінігі, нысандары және түрлері
Мәмілелер - азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелдіретін негізгі және өте жиі кездесетін құқықтық фактілердің бірі болып танылады. Азаматтық құқықтағы мәмілелер ұғымы тұрақтандырылған және әдетті болады: мәмілелер – ол азаматтық құқықтар мен міндеттерді (құқықтық қатынастарды) белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттері (ҚР АК 147 б.). Мәміле санатына тек қана заңды әрекеттер жатады. Мәмілелердің саралануы оларды әр түрлі негіздер бойынша нысандар мен түрлерге бөлуден тұрады. Мәмілелердің нысандары ауызша және жазбаша болуға мүмкін. Жалпы ереже бойынша, заңдарда арнаулы көзделмеген жағдайда, әрбір мәмілелерді ауызша жасауға болады, әсіресе жасалған кезде орындалатын (атқарылатын) мәмілелерді. Мәмілелерді ауызша жасау дегеніміз - ол мәмілелерді сөзбен немесе қонклюденттік әрекеттер арқылы жасау. Жазбаша нысандағы мәмілелер жай жазбаша және нотариалдық куәландыруды және (немесе) құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізуді талап ететін мәмілелер (Л сызбасын қараңыз). Мәмілелердің заңда талап еткен жай жазбаша нысанын сақтамау екі қолайсыз жағдайға әкелдіреді: біріншісі – мәміленің жасалу фактісі, оның мазмұны, бағасы және т.б. жөнінде мәліметтер жөнінде дау туындаған жағдайда куәгерлік айғақтармен дәлелдеу, растау мүмкіншілігінің болмауы. Бұл шаралар кәсіпкерлік саласында жасалған және жүз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын сомаға жасалған азаматтар арасындағы мәмілелерге қолданылады, егер ол мәмілелер жасау кезінде орындалмайтын болса, орындалуы кейін көзделсе (ҚР АК 152, 153 б., б.). Мәміленің жай жазбаша және мамандандырылған нысанын сақтамау нәтижесінде туындайтын екінші қолайсыз жағдай - ол оның жарамсыз деп танылуы. Мысалы: кәсіпорынды сату, кепіл туралы келісім, сыртқы экономикалық мәмілелер және т.б., заң талабы бойынша жай жазбаша нысанда жасалуы қажет; өсиет, рента шарты және т. б. нотариалдық куаландырылуы, ал жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер - жылжымайтын мүлік реестрінде тіркеуден өткізілуі қажет. Бұл мәмілелер үшін заң талап еткен нысанды орындамау олардың жарамсыз деп танылуына әкелдіреді. Мәмілелердің әр түрін сипаттап өту кажет. Мәселен, қатысушыларының санына қарай мәмілелер бір тарапты, екі тарапты және көп тарапты болады. Бір тарапты мәмілелер (ҚР АК-148 бабы) – ол бір тұлғаның еркіне байланысты жасалатын және басқа біреумен келісімге келуді қажет етпейтін мәмілелер (өсиет, қарызды кешіру, мұраны қабылдап алу, жариялы түрде сыйақы төлеу жөнінде үәде беру, конкурс өткізу туралы хабарландыру, тендер жариялау және т. б.). Екі және көп тарапты мәмілелер келісім шарт (шарт) деп аталады. Олардың жасалуы екі немесе одан да көп тұлғалардың келісімге келуіне байланысты болады. Мәмілелердің көбі келісім шарт болады. Мәмілелердің басқа түрлері: реалды, консенсуалды, мерзімді, мерзімсіз, шартты, шартсыз, биржалық, сенімгерлік, каузалдық, абстрактілік, т.б. (Л сызбасын қараңыз). Әрбір түр-түрінің ұғымдарын білу абзал.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|