Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер




Мерзімдер дегеніміз – ол оқиғаларға жататын құқықтық фактілердің бір түрі. Басқаша айтқанда, басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі, мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады. Мерзімнің маңыздылығы келесіде болады: ол азаматтық айналымды (өрістікті) тәртіпке келтіреді, құқықтық қатынастарды анықтайды, азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларын тәртіпке шақырады. Яғни, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, міндеттерді атқару және азаматтық құқықтарды қорғау белгілі бір уақыт кезеңінде, мезеттерінде жасалуы қажет. Заңдарда «мерзім» деген терминнің анықтамасы берілген жоқ, ол доктриналдық (ғылыми) анықтамалардың бірі.

Азаматтық айналымда мерзімнің басталу мезетін, мерзімді есептеу тәртібін және мерзімнің аяқталуын білген аса маңызды болады. ҚР АК 172 б. сәйкес, заңдармен бекітілген, мәмілемен немесе сотпен тағайындаған мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғаға нұсқау арқылы белгіленеді. ҚР АК 173-б. бойынша, уақыт мезетімен белгіленген мерзімнің өтуі оның басталуын белгілейтін оқиға болған кезден немесе күнтізбелік күннің келесі күні басталады.

Мерзімнің аяқталуы туралы ережелер АК 174-ші бабында келтірілген. Мерзімнің соңғы күні жасалатын әрекеттерді жасау тәртібін заң арнайы белгілейді (ҚР АК 176-б.). Мерзімдер түрлері: азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі, міндеттерді атқару мерзімдері, субъективтік құқықтарды қолдану мерзімі, азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі (талап қою), кепілдік мерзімі, наразылық жасау мерзімі, жарамдылық мерзімі, кызмет ету мерзімі; заңды, шарттық, соттық және т. б. мерзімдер (М сызбасын қараңыз).

Азаматтық құқықтарды қорғау үшін бекітілген аса маңызды мерзімдердің бірі - ол талап қою мерзімі. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін жалпы талап қою мерзімі - үш жыл (АК 178-б.) Заңдарда қысқартылған немесе ұзартылған арнаулы талап қою мерзімдері бекітілген. Мысалы: жүк тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзімі – бір жыл, ал жолаушылар тасымалдау шарты бойынша – алты ай болады (2001 жылы 8 желтоқсанда қабылданған ҚР «Темір жол көлігі туралы» Заңының 93-б.). Бұл мерзімді өткізіп алу - нұқсан келген немесе дау туғызған құқықты қорғау құқығынан айрылуға әкелдіреді. Азаматтық кодекс бойынша, жоғарыда аталған ережені сот шешім шығарғанға дейін жасалған дауға қатысушы мүдделі жақтың мәлімдемесі бойынша ғана қолданады (ҚР АК 179-б., 2 т.).

Себепті негіздер болған жағдайда талап қою мерзімін қалпына келтіру (қайта жаңғырту) (185-б.), тоқтата тұру (182-б.) және үзу (183-б.) мүмкіншіліктері көзделеді. Талап қою мерзімінің есептелуі тұлғаға оның құқығының бұзылғаны туралы белгілі болған күннен, немесе білуге тиіс болған күннен бастап есептеледі (АК 180-б.).

Талап қою мерзімінің өтіп кетуі қолданылмайтын құқықтық қатынастардың тізімі АК 187-бабында бекітілген, яғни осы бапта көзделген талаптар бойынша бес, он, жиырма және т. б. жылдар өткеннен кейін де талап қоя беруге болады, бұл құқықтар едәуір мерзім өткеніне қарамастан қорғалуға жатады: материалдық емес игiлiктер мен мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау туралы талаптар; салымшылардың банкiге банктiк салымдарды қайтарып беру туралы талаптары; азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар; негаторлық талаптар.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных