ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Міндеттемелік құқық. Міндеттемелердің түсінігі және пайда болу негіздеріМіндеттемелік құқық – азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі. Ол өз кезегінен жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі азаматтық құқықтың жалпы бөлімінде қарастырылады және міндеттемелер мен келісім шарттар жөніндегі жалпы ережелерден тұрады. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі міндеттемелердің жекелеген түрлерін реттейтін Азаматтық кодекстің және өзге заңнамалардың сан-алуан нормалар мен институттарынан құралады. Оларды екі топқа жіктеуге болады: 1) шарттық міндеттемелер; 2) шарттан тыс (деликтілік) міндеттемелер. Шарттық міндеттемелерді азаматтық құқық ғылымында бірнеше топқа бөледі, олар: мүлікті меншікке не болмаса пайдалануға беру туралы міндеттемелер, жұмысты орындау туралы міндеттемелер, қызмет көрсету туралы, т.б. міндеттемелер. Шарттан тыс міндеттемелердің түрлері: 1) біржақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелер; 2) зиян келтіру салдарынан туындайтын (қорғаушылық) міндеттемелер. Сонымен қоса, міндеттемелер бір тарапты міндеттейтін және өзара - екі тарапты міндеттейтін (оларды бір жақты және екі жақты мәмілелермен шатастыруға болмайды); балама (альтернативтік) және факультативтік; басты және қосымша (акцессорлық); бөлінетін және бөлінбейтін; үлестік, бірлескен (ортақтасқан) және қосымша, субсидиарлық (288-бап); регресстік (289-бап), ақшалай (282-бап) және т. б. болады (Р, С сызбаларын қараңыз). Міндеттеме – ол ҚР АК 268-бабына сәйкес мүліктік құқықтық қатынас. Яғни, міндеттеме бойынша бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитордың, несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал екінші тарап - кредитор (Азаматтық кодексте «несие беруші» деп аталған) борышкерден өз міндеттерін орындауды талап етуге құқылы болады, және борышкерден оның орындағанын қабылдап алуға міндетті болады (ҚР АК 268-б.). Міндеттеменің тараптары тек қана екеу болады: борышкер және кредитор (несие беруші). Азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін қазақ тіліндегі заңнамаларда және оқұлықтарда міндеттеменің екінші тарабы бірде «борышқор», ал бірде «борышкер» деп аталыпты. Біздің пайымдауымызша, «борышкер» деп қолдану дұрыс болады. Міндеттемелердің пайда болу негіздері бойынша азаматтық құқық қатынастарының туындау негіздері туралы ережелер толығымен қолданылады (ҚР АК 7-б.). Бұл тақырыпты меңгеру үшін «Мемлекет және құқық» пәнінен құқықтық фактілер түсінігін және түрлерін еске алған жөн (В сызбасын қараңыз).
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|