Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу, кепілдік жарна




 

Кепілдік бойынша кепілдік беруші борышкердің кредиторы (несие берушісі) алдында осы тараптың міндеттерін орындауына толық немесе борышкермен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Ал кепіл болушылық (аманат) бойынша кепіл болушы басқа тараптың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді (АК-тің 330-б.). Яғни, кепіл болушыға қарағанда, кепілдік етушінің құқықтық жағдайы бірталай күрделі болады (АК 329 – 336 б., б.).

Кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына әкелiп соқтырады. Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышкердің мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.

Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышкерден несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышкер үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы. Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышкерге қойылған талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi.

Кепілпұл – ол болашақ міндеттеменің уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен және шарт жасау мен орындауды қамтамсыз етуге екінші тарапқа берілетін ақшалай сома. Сонымен, кепілпұл қамтамасыз ету, төлеу және күәландыру қызметін атқарады. Кепілпұл жөніндегі келісім міндетті түрде жазбаша жасалады және онда «кепілпұл» деп аталуы қажет. Егер міндеттеме тараптардың келісімімен орындалмай тұрып тоқтатылатын болса немесе ешкімнің кінәсінсіз оның орындалуы мүмкін емес болса, кепілпұл қайтарылады. Егер міндеттеме кепілпұл берген жақтың кінәсімен орындалмаған болса, онда кепілпұл екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұлды алған тарап кінәлі болса, онда ол кепілпұлдың екі еселенген сомасын қайтаруға міндетті (337 – 338 б.,б.).

Борышкердің мүлкін ұстап қалу тәсілі тек борышкердің қайсыбір мүлкі несие берушінің заңды иеленуінде болса ғана қолданылады. Бұл мүлікті несие беруші борышкер онын алдындағы өз міндеттерін орындағанға дейін ұстап қалуға құқылы болады. Кредитор өзiндегi зат иелiгiне түскеннен кейiн де оны иелену құқығын үшiншi тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады. Затты ұстап қалушы кредитордың талаптары кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандыру үшiн көзделген көлемде және тәртiппен заттың құнынан қанағаттандырылады.

Кепілдік жарна дегеніміз сауда-саттық немесе өзге де міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін төлеушінің кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы. Кепілдік жарнаны төлеу жөніндегі міндеттеме заңнамаларда көзделген жағдайларда да, тараптардың келісіміне байланысты да туындайды. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме төлеушінің кінәсінен орындалмаған жағдайда кепілдік жарна екінші тарапта қалады. Ал кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме кепілдік жарнаны алушының кінәсінен орындалмаған не тараптардың келісімі бойынша, немесе олардың кінәсінсіз орындаудың мүмкін болмауы салдарынан осы міндеттеме тоқтатылған кезде кепілдік жарна төлеушіге қайтарылуға жатады.

 

28-тақырып. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық

 

Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық - азаматтық–құқықтық жауаптылықтың бір түрі болып танылады және құқық бұзушыға мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген, қосымша азаматтық–құқықтық жауаптылық немесе оны мүліктік құқығынан айыру түрінде, қосымша мүліктік жауаптылық ауыртпалығын салу арқылы жүзеге асырылады.

Міндеттемені бұзу дегеніміз – ол міндеттемені мүлдем орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау, яғни, мезгiлiнде орындамау, қызметтер мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышкер бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.

Азаматтық құқықтық жауаптылық нысандары – ол шығындарды/залалдарды өтеу (АК 9 б.), айып төлеу, кепілпұлдан айыру, мәміле бойынша алғанды тәркілеу, кепілге берілген мүлікке деген меншік құқығынан айыру, моральдық зиянды өтеу және т. б. Бұл нысандар және де жауаптылық түрлері болып табылады. Жауаптылыктың өзге түрлеріне: толық және шектеулі, шарттық және шарттан тыс, үлестік, ортақтасқан немесе қосалқы және т. б. жауаптылық жатады.

Келтірілген шығындар/залалдар және тұрақсыздық айыбын төлеудің арақатынасы Азаматтық кодексінің 351-бабының нормаларымен реттеледі. Яғни, егер мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн айып төлеу белгiленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлiгiнде өтеледi. Ал заңдарда немесе келісім шартта залалдарды емес, айып төлеудi өндiрiп алуға жол берiлетiн болса, залал толық сомасында айып төлеуден тыс өндiрiп алынуы мүмкiн; сонымен қатар кредитордың таңдауы бойынша не айып төлеу, не шығын өндiрiп алынуы мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi мүмкін.

Ақшалай мiндеттемелерді орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны, не ақшаны төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оны негiзсiз алғаны, немесе басқа тұлғаның есебiнен сақтап қалғаны үшiн Азаматтық кодекстің 353-бабында көзделген тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың туындауының жалпы шарттары: шығындар мен зиянның болуы; құқық бұзушының құқыққа қарсы әрекеті; келтірілген зиян мен құқық бұзушының құқыққа қарсы әрекеті арасындағы себепті байланыстың болуы, құқық бұзушының кінәсінің болуы. Жалпы ережелер бойынша кінә қасақана (әдейі) және абайсыздық нысанында болады. Бірақта азаматтық құқықта кінәнің нысанының ешбір мағынасы жоқ, керісінше, азаматтық–құқықтық жауаптылықтың туындауы кінәсіз болуы да мүмкін; мысалы: кәсіпкерлік қызмет саласында немесе аса қауіпті болып саналатын қайнар көздерімен зиян келтірілгенде.

Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышкерді мiндеттеменi орындаудан босатпайды.

Азаматтық кодекстің 359-бабына сәйкес, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған тұлға, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (зілзала, дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, мысалы, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң айналымда (нарықта) болмауы жатпайды.

Жеке тұлғалардың борыштары бойынша залалдарды олардың мүлкі есебінен өндіріп алуда Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 61-бабында өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiктер тізілімі келтірілген.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных