Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Келісім шарт туралы жалпы ережелер




Келісім шарт – ол азаматтық құқықтың негізгі институттарының бірі. Азаматтық құқықта келісім шарттың мәміле ретіндегі және құқықтық қатынас ретіндегі ұғымдары беріледі. Келісім шарт мәміле ретінде – ол азаматтық құқықтар мен міндеттерді тағайындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, екі немесе одан да көп тұлғалардың келісімі. Шарт - мәміле түрі болғандықтан оған екі және көптарапты мәмілелер жөніндегі барлық ережелер қолданылады (АК 378-б. 2-т.). Бұл жерде «бір тарапты және екі тарапты мәмілелер» деген ұғымды «бір тарапты және екі тарапты шарттар» деген ұғымнан айыру қажет. Біртарапты мәміле - ол келісім шарт емес. Ал біртарапты шарттар – ол мысалы, заем шарты. Бұл шарт бойынша, ол жасалғаннан кейін, заем берушіде тек қана талап ету құқығы пайда болады, ал заем алушыда – тараптар келісімімен белгіленген уақытта тек қарызды қайтару міндеті пайда болады. Бірақта заем шарты – ол екі тарапты мәміле. Көп тарапты мәмілелерге бірлесіп қызмет ету шарты, үш және одан да көп қатысушылармен жасалған құрылтай шарты жатуы мүмкін.

Келісім шарт нысандары толық түрде мәміле нысандары сияқты болады. Шарт түрлері де мәміле түрлері сияқты болады (мәмілелердің түрлерін қараңыз).

Шарттардың қосымша түрлері:

- негізгі және алдын ала шарттары (390-б.);

- бір жақты және екі жақты міндеттейтін шарттар;

- бір типті (388-б.) және аралас шарттар (381-б);

- өзінің қатысушылары пайдасына және үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар (391-б.);

- ерікті және міндетті шарттар, оның ішінде жария шарттары (387-б.);

- екі жақтың өзара келісіп жасалатын және қосылу шарттары (389-б.);

- атауы бар және заңда аталмаған келісім шарттар, т.б.

Кейбір ғалымдар қатерлі (алеаторлық) шарттар түрлерін де атайды, оларға, мысалы, сақтандыру шарттарын жатқызады. Кәсіпкерлік келісім шарттарын да жеке топқа бөліп шығаруға болады.

Шарт мазмұны – ол жасау кезінде тараптар өзара келіскен шарт ережелерінің, жағдайларының жиынтығы. Шарт келісім болғандықтан, тараптар болашақ шарттың елеулі жағдайлары жөнінде келісімге келуі қажет.

Әр келісім шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінде шарттың елеулі ережелерін бөліп алу қажет. Шарттың елеулі ережелері – ол тараптармен келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтын ежерелер, яғни, ол ережелер жөнінде тараптар келісімге келе алмаған жағдайда шарт жасалмады дегенге әкелдіретін жағдайлар (ҚР АК 393-б.). Заң келесі төрт жағдайды елеулі ережелерге жатқызады:

- шарттың мәні (заты) жөніндегі ережелер;

- заңда елеулі деп танылған ережелер;

- шарттардың осы түрлері үшін қажетті ережелер;

- бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті ережелер.

Барлық өзге ережелерді дағдылы және кездейсоқ ережелерге бөлуге болады.

«Міндетті» (мысалы, жария) шарттарда оның елеулі ережелері бойынша тараптар келісімге келе алмауы міндетті тарапқа шарт жасасудан жалтаруға негіз бермейді. Бұл шарттар бойынша тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, шарт жасасу алдындағы дауды шешу үшін сотқа жүгіну қажет және сот шешімі тараптар үшін міндетті болады, яғни, келісім шарт сот белгілеген ережелермен жасалатын болады (399-бап).

Сонымен бірге, тараптар ерікті келісім шарттар жасау кезеңінде де өзара келісімі бойынша шартты жасау алдындағы дауды шешу үшін сотқа жүгінуі мүмкін.

 

31-тақырып. Келісім шартты жасасу, өзгерту және тоқтату

 

Шарт жасасу келесі тәртіпке бағынады: мүдделі тарап бірнеше нақты тұлғаларға шартты жасау жөнінде жеткілікті дәрежеде айқын ұсыныс жасайды, ол ұсыныс оферта деп аталады (АК 395-б.). Болашақ шарттың нысанына қарай, оферта ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Офертаны алған тарап оны қарастырып келесі әрекеттердің бірін жасауы қажет: оферта шарттарын толық әрі бұлтарыссыз қабылдау; өз өзгерістері мен қосымшаларын еңгізе отырып, ұсынылған шартты жартылай қабылдау; офертаны қабылдаудан бас тарту. Офертаны толық және бұлтарыссыз қабылдау азаматтық құқықта акцепт деп аталады. Офертаны өзгерістер мен қосымшалар еңгізу арқылы қабылдау акцепт болмайды, ол жаңа оферта болып табылады.

Офертаға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу ұсыныстары жөнінде келіспеушіліктер хаттамасы толтырылады. Келісімге келмеген жағдайлар келіссөз жүргізу арқылы шешіледі. Ал елеулі ережелер бойынша келісімге келмеген жағдайда еркін түрде жасалатын шарттар жасалмаған деп саналады.

Азаматтық қатынастарды жария оферта арқылы шарт жасасу кең тараған, сондықтан оның ерекшеліктерін де білу жөн.

Шарттарды міндетті жасасу тәртібі мен мерзімі ҚР АК-ның 399-бабында бекітіледі. Бұл тәртіпті азаматтық құқықты оқушылар нақты біліп, тәжірибеде қолдануды үйренгені жөн болады.

Жасалған шартты оның орындалуының кез келген кезеңінде тараптардың келісімі бойынша өзгертуге және тоқтатуға болады (ҚР АК 24-Тарауы). Өзге негіздер бойынша шартты АК-пен, өзге заңдармен немесе шартпен көзделген жағдайларда ғана өзгерту немесе бұзуға болады. Шартты өзгерту және бұзу салдары ҚР АК 403-бабында көзделген. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту заң тәжірибесінде пролонгация деп аталады (ҚР АК 404-б.).

Тәжірибеде қалыптасқан дәстүр бойынша келісім шарттың жазбаша жобасы шартты орындаудың негізгі міндеті жүктелетін тараппен жасалады. Тәжірибеде шарт жобасын жасау көптеген тұлғалар үшін қиын болып келеді. Сондықтан шарт жасасуды жеңілдетіп, шарт ережелерін толықтыра енгізуге мүмкіншілік беретін шарт реквизиттерінің тізімін білген жөн. Олар:

- келісім шарт атауы;

- жасалған жері мен орны;

- тараптардың, олардың өкілдерінің атаулары және өкілеттілігінің негіздері;

- тараптардың құқықтары мен міндеттері;

- тауар (заттар, жұмыстар, қызметтер) бағасы және шарттың тұтас бағасы;

- есеп айырысу тәртібі мен тәсілі, төлем валютасы;

- міндеттерді орындау мерзімі (оны шарттың әрекет ету мерзімімен шатастыруға болмайды).

Қазіргі кезде жазбаша нысандағы шартта тараптардың мүліктік жауаптылығы туралы ережелер енгізу міндетті болып танылады. Сонымен бірге шартқа қолданылатын құқық жөнінде, арбитраж жөнінде (әсіресе тараптардың бірі ТМД мемлекеттерінен немесе алыс шетелдік болса) ережелерді енгізу қажет болады. Тараптардың мекенжайы, банк реквизиттері және тиеп атқару реквизиттері де міндетті ережелерге жатады. Шарт жасасу тараптардың немесе олардың өкілдерінің қолын қоюмен, егер олар заңды тұлғалар, кәсіпкерлер болса мөрін басумен, келісім шарт данасының санын көрсетумен аяқталады.

Келісім шартты келесі кезеңге ұзарту/жасасу екі жолмен жүзеге асырылады: пролонгация жасау арқылы немесе 397-баптың ережелері бойынша қайтадан оферта мен акцепт жасасу арқылы (405-бап).

 

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы

(ерекше бөлім)

 

Оқу-әдістемелік нұсқаулар

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных