Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тауар жеткізілімі келісім шарты




Тауар жеткізілімі шарты сатып алу-сату шарттарының бір түрі ретінде қарастырылады. Ол тек кәсіпкерлік саласында жасалатын болғандықтан оның тараптары тек кәсіпкерлер, яғни коммерциялық ұйымдар мен дара кәсіпкерлер болады (АК 458-б.).

Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік, шаруашылық қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге де мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді, ал сатып алушы сол тауарларды қабылдап, тиесілі төлем ақысын төлеуге/төлеп туруға міндеттенеді.

Тауарлар жеткiзiлiмi келісім шарты тауар беруші сатып алушыға немесе шартта тауарды алушы ретінде көрсетілген үшінші тұлғаға шартта көзделген көлiкке тиеп жөнелту (беру) жолымен жүзеге асырылады. Осы орайда тауар жеткізілімі шартын тасымалдау шартымен шатастырмау керек.

Шарт нысаны тек жазбаша болады.

ҚР АК–ның 459-бабында тауар жеткізілімі шартын жасау кезінде туындаған келіспеушіліктерді 30 күндік мерзім ішінде шешу қажеттілігі жөніндегі арнайы ережелер бекітілген.

Тауар жеткізілімі келісім шарты сыртқы экономикалық қатынастарды реттеуде кеңінен қолданылады.

Тараптардың міндеттері мен құқықтарын, жауапкершілігін ҚР Азаматтық кодексінің 25-тарауы, 3-параграфының нормаларына негізделе отырып, игеру ұсынылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных