Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бөлшектеп (жекелеп) сатып алу-сату келісім шарты




Сатып алу-сату келісім шарттарының жалпы ережелерін сипаттап болғаннан кейін шарт ұғымынан бастап, бұл келісім шарттың әр түрінің ерекшеліктеріне тоқтап өту қажет. Сату-сатып алу шарттарының саралану негізі - олардың бір бірінен сату тәсіліне және объектісіне қарай ерекшеленуіне байланысты болады.

Келісімшарттың түсінігі. Бөлшектеп (жекелеп) сату шарты бойынша тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді, ал сатып алушы сол тауарды қабылдап, ол үшін тиесілі ақысын төлеуге міндеттенеді.

Сатып алу-сату келісім шартының осы түрін жетілдіре түсіну үшін «бөлшектеп» сату дегеніміз тұтынушылық мақсаттарда сатуға рұқсат етілетін кез келген заттардың, яғни тауарлардың, бір-бірлеп, жекелеп, аз көлемде, және т.с.с. сатылуы деп білу қажет. «Бөлшектеп» сатудың қарама қарсы түсінігі – ол көптеп сату, көтерме сауда жасау.

Жалпы сату-сатып алу шартына қарағанда бөлшектеп сату келісім шарты жария шарты болып танылады (ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабын қараңыз).

Бөлшектеп сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеттері – сатып алушыға (тұтынушыға) келісімде көзделген тауарды беру, оның керек-жарақтарын, құжаттарын беру және сонымен қатар сатып алушыға тауар жөнінде барлық мәліметтерді/ақпаратты беру болып танылады (АК 448-б.).

Сатып алушының негізгі міндеттері – тауарды қабылдау және оның құнын төлеу. Тараптардың құқықтары жоғарыда келтірілген міндеттерге сәйкес туындайды.

Сатушы сапасы жарамсыз тауарды айырбастап беру немесе қайтару кезінде «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының нормалары мен ҚР АК–ның 454-бабы нормалары қолданылады.

Бөлшектеп сату шарты өз кезегінен әр түрлі негіздер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: сатып алушымен тауарды белгілі бір мерзімде қабылдап алу шартымен жасалатын шарт; үлгілер немесе каталогтар бойынша сату; тауарды автоматтар арқылы сату; сатып алушыға тауарды жеткізіп беру шартымен сату; несиеге сату; өзіне өзі қызмет көрсетумен сатып алу (орысша – «самообслуживание»); электрондық нысанда сатып алу және т. б.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных