Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Айыппұл, кепіл




Міндеттемелердің тиісті дәрежеде орындалуын қамтамасыз ету үшін заңда борышкерді өз міндеттерін орындауға ынталандыратын және кредитордың мүдделерін қорғауды жеңілдететін арнайы мүліктік шаралардың қолданылуы көзделеді (ҚР АК 292-б.). Бұл шаралар шығындарды өтеуге қосымша ретінде қолданылады, олар міндеттеменің орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар. Нақтылы міндеттеменің орындалуы нақтылы тәсілдердің бірімен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі мен заңдардың арнайы нұсқаулары қажет.

ҚР Азаматтық кодексінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің келесі тәсілдері көзделеді: айып төлеу, кепіл, кепіл болушылық (аманат), кепілдік, кепілпұл, борышкердің мүлкін алып (ұстап) қалу, кепілдік жарна. Аталған тәсілдердің ішінен тек қана борышкердін мүлкін ұстап қалу үшін тараптардың алдын ала келісуі және оның жазбаша нысанының сақталуы қажет етілмейді. Кейбір жағдайларда кепіл құқығы да шартта бекітілмей заңмен көзделеді (рента шартында, құрылыс мердігерлігі шартында, тауар жеткізілімі шартында және т.б.). Барлық өзге жағдайларда орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірінің қолданылуының міндетті шарты ретінде жазбаша нысанда жасалған тараптардың келісімі қажет етіледі. Қамтамасыз ету тәсілдерінің әр қайсысының ұғымы мен сипаттамасы ҚР АК 18-Тарауында келтірілген.

Мысалы, айып төлеу (тұрақсыздық айыбы) – ол міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған ретте борышкер кредиторға төлеп беруге міндетті болатын ақшалай сома. Айып төлеу нысандары – айыппұл және өсім. Айып төлеу түрлері – заңда көзделген, шартпен белгіленген (ҚР АК 293б., 295б.), есепті, айыппұлдық, балама, ерекше (АК 351-б.) болып танылады. Заңда көзделген айып төлеу қазіргі кезде өте сирек кездеседі (мысалы, ҚР АК 353-б.). Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.

Кепіл бойынша кепіл ұстаушы болатын несие беруші борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан осы мүлік тиесілі тұлғаның (кепіл берушінің) басқа несие берушілерінің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар (АК 299-б.). Кепiл кредитордың талабын оның нақты қанағаттандырылатын кезiндегi көлемдi сыйақыны (мүдденi) қоса алғанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрiлген шығындардың өтелуiн, айып (айыппұл, өсiм) салуды, кепiлге салынған мүлiктi ұстау жөнiндегi қажеттi шығындарды, сондай-ақ өндiрiп алу жөнiндегi шығындарды өтеудi қамтамасыз етедi. Борышкер өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.

Кепіл түрлері: ипотека, кепілзат, құқықтарды кепілге беру, айналымдағы тауарларды кепілге беру, ломбардқа заттарды кепілге беру.

Кепіл тараптары – кепіл беруші және кепіл ұстаушы болады және де, кепіл беруші борышкердін өзі, немесе үшінші жақ болуы мүмкін.

Негізгі міндеттеме орындалып болғанда, кепіл жөніндегі міндеттеме де тоқтатылады. Негізгі міндеттеме орындалмаған жағдайда, кепілге берілген мүлік заңда көзделген тәртіп бойынша ашық сауда өткізу арқылы сатылуы мүмкін. Кепілге салынған мүлік жария сауда өткізу арқылы сот шешімімен немесе соттан тыс мәжбүр ету тәртібімен жүргізіледі және әртүрлі жағдайларда қолданылады: кәсіпорынды тарату кезінде оның несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыру үшін, борышкердің міндеттемелері бойынша қарызды оның мүлкінен өндіріп алу үшін (АК 319, 320 б. б.).

Ломбардта заттарды кепілге салу ерекшеліктері ҚР Азаматтық кодексінің 328-бабымен ретеледі.

Кепiл келесі жағдайларда тоқтатылады;

1) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер тоқтатылғанда;

2) кепiл берушiнiң талабы бойынша - кепiлге салынған мүлiктiң жоғалу немесе бүлiну қаупi туып, немесе кепiл ұстаушы мiндеттерiн өрескел бұзған жағдайда;

3) егер кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ақылға қонымды мерзiмде қалпына келтiруге немесе оны басқа бiр сондай мүлiкпен алмастыруды талап етпеген, кепiлге салынған зат құрыған немесе кепiлге салынған құқық тоқтатылған ретте;

4) кепiлге салынған мүлiктi жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкiн болмаған ретте.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных