Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Міндеттемені орындау




 

Міндеттемелерді орындау дегеніміз – ол борышкердің кредитор өзінен талап етуге құқылы болатын әрекеттерді жасауы. Бұл әрекеттердің мазмұны міндеттемелердің түрлеріне байланысты болады (мүлікті беру, белгілі бір жұмысты орындау, шартта аталған қызметті көрсету). Міндеттемені орындаудың қағидаттары – ол тиісті дәрежеде (тиісінше) орындау және нақтылы орындау (АК 272-б.).

Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау - ол тиісті борышкермен тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде (277, 278 б.б.), тиісті орында (281-б.), тиісті тәсілді қолдана отырып және тиісті нысанда орындау болып танылады (120-б., 274-б.). Нақтылы орындау қағидасы АК 354-бабында бекітілген. Аталған талаптардың әр қайсысының сипаттамасын білу қажет. Мысалы, міндеттемені орындау нысаны – ол борышкер несие берушіге беретін тиісті мүлік, орындайтын тиісті жұмыс немесе көрсететін тиісті қызмет болып саналады. Қазіргі кезде міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындау жағдайлары тараптардың өзара келісімімен немесе іскерлік өрістің әдеттерімен белгіленеді.

Ақшалай міндеттемелерді орындауда заң олардың затына арнайы талаптар қояды (АК 282-б.). Мәселен, бұл міндеттемелер Қазақстан Республикасының аумағында теңгемен жүргізілуге тиіс. Тиісті жерде орындау талабына келсек, ақшалай міндеттемелер несие берушінің тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса - оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс. Егер несие беруші тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін өзгертіп, бұл туралы борышкерге хабарласа - оның жаңа тұрғылықты жерінде немесе тұрған жерінде орындалу тиіс. Ақшалай міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда (тиіссіз жерде, тиіссіз мерзімде, т.б.) ҚР АК 353-бабында көзделген өсім түрінде айып төлеу қолданылады. Сонымен бірге, заңда көзделген жағдайларда ақшалай міндеттемелер арнайы тәсілдермен - ақшаны депозитқе салу арқылы орындалуы да мүмкін (ҚР АК 291-б.).

Азаматтық кодексінің 290-бабы бойынша міндеттеменің орындалғанын қабылдай отырып, несие беруші борышкердің талап еткен жағдайында оның толық немесе бір бөлігі орындалғаны жөнінде қолхат беру немесе өзге де растау құжаттарына қол қоюға, өзгеше растауға міндетті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных