ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Міндеттемелерді тоқтату
Міндеттеме тоқтатылған жағдайда оның тараптарының құқықтары мен міндеттері де тоқтатылады. Міндеттемелерді тоқтатудың ең жиі кездесетін негіздері - олардың тиісті дәрежеде орындалуы. Бұдан басқа негіздер - тараптардың келісімі бойынша тоқтату, міндеттемені есепке жатқызу, бас тарту төлемін беру, міндеттемені жаңғырту (бастапқы міндеттемені ауыстыру), борышты кешіру - бұлар міндеттемені тоқтатудың ерікті негіздеріне жатады. Азаматтың қайтыс болуына байланысты немесе заңды тұлғаның таратылуына байланысты, борышкер мен несие беруші бір тұлға болып шыққан жағдайда, мемлекеттік органның актісінің шығуына байланысты, ешкімнің кінәсінсіз міндеттемені орындауға мүмкіншіліктің болмауына байланысты міндеттеме тараптардың еркінсіз тоқтатылады. Жоғарыда аталған міндеттемелерді тоқтату негіздерінің әрқайсысының сипаттамасын беру қажет. Мысалы: қарызды, борышты кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы міндеттемелерді тоқтатудың жаңа негізі болып танылады. Бұл негіз бойынша кредитор борышкерді өзінің алған міндеттерінен босатады, егер ол босату несие берушінің мүлкіне қатыстығы бар өзге тұлғалардың құқығын бұзбайтын болса. Ал мiндеттеменi есепке жатқызу арқылы тоқтату үшін қарсы талаптар біртектес болу қажет, мысалы тек ақшалай борыштар;қарсы талапты есепке жатқызу арқылы міндеттеме толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi. Алайда, заңнамаларда кейбір міндеттемелер есепке жатқызу негізімен тоқтату болмастығы бекітілген, мысалы: алимент өндіріп алу туралы, өмір бойы асырау туралы, азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы, т.б. ( ҚР АК 370-бабының 2 тармағы).
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|