ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлеріЗаттық құқықтар жүйесінде өз мүлкін және мүліктік құқықтарын иелену, пайдалану және билік ету құқығы ретінде басты орынды меншік құқығы алады. Аталған үш құқық - иелену, пайдалану және билік ету құқығы – ол меншік құқығының мазмұнын құрайды және заттық құқықтарды зерттеуде негізге алынады. Меншік құқығы иесінде аталған құқықтардың барлығы толық мөлшерде болады. Меншік құқығының және оның үш элементінің ұғымы ҚР АК 188-бабында келтірілген. Меншік құқығы – ол субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену (иемдену), пайдалану және оған билік ету құқығы. Осыған байланысты объективтік мағынадағымен субъективтік мағынадағы меншік құқықтарын бір бірінен айыра білген жөн (188-б.), оған қоса «меншік» атауын экономикалық санат ретінде, ал «меншік құқығы» – құқықтық санат ретінде қолданатындығын да ескере білген жөн. Меншік құқығының нысандары ҚР Конституциясында және Азаматтық кодексте бекітілген: олар мемлекеттік және жеке меншік болып танылады (АК 191-б., 192-б.). Өзге саралаудың барлығы меншік құқығының түрлеріне арналған (К сызбасын қараңыз). Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншікке бөлінеді (Н сызбасы), ал жеке меншікке - азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі жатады. Меншік құқығы түрлері ішінде басты орындардың бірін ортақ меншік құқығы алады, ол: ортақ үлестік және ортақ бірлескен меншік құқығы болып бөлінеді (АК 209-б.). Ортақ меншік құқығы дегеніміз – ол екі немесе бірнеше тұлғалардың меншігінде болатын мүлікке деген құқығы. Ортақ үлестік меншік құқығы азаматтық өріске қатысушылардың барлығында болуы мүмкін, ал ортақ бірлескен меншік қатысушылардың үлестері алдын-ала белгіленбеген жағдайда туындайды. Ортақ бірлескен меншікте болатын мүлік түрлері заңмен көзделеді (ҚР АК 219-б.): жекешелендірілген тұрғын үйге деген ортақ бірлескен меншік, ерлі зайптылардың ортақ бірлескен меншігі және шаруа қожалығының мүлкіне ортақ бірлескен меншігі. Ортақ үлестік меншік құқығының бір түрі - кондоминиумға кіретін пәтерлердегі ортақ пайдаланудағы орындарға деген пәтер иелерінің ортақ меншігі. Ортақ меншік заңды тұлға құрмастан жай серіктестік шартын жасау негізінде де пайда болуы мүмкін. Заңды тұлға құрмастан ортақ меншік негізінде әрекет ету мысалы: ол консорциум және шаруа қожалығын құру (ҚР АК 12-тарауы). Ортақ меншік қатысушыларының ортақ меншік объектісін пайдалану және басқару құқықтары тең болып танылады және қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК 213-б.). Ортақ меншік иелерінің бірі өз үлесін бөліп алып, оны сатуға немесе айырбастауға ниет білдірген жағдайда, өзге меншік иелерінің сатылатын үлесті сатып алуға басым құқығы бар екенін умытпау қажет (АК 216-б.). Меншік иелерінің және өзге де заттық құқықтар иелерінің құқықтарын бекітумен қоса, заңда олардың міндеттері де, ауыртпалықтары да бекітіледі, соның ішінде: мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну каупі, меншік ауыртпалығын көтеру міндеті (АК 189-б., 190-б.). Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|