ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Өкілдік және сенімхатАзаматтық құқықтарды жүзеге асыру, міндеттерді атқару және азаматтық құқықтарды қорғау, азаматтық құқық қатынастары субъектілерінің өз бетінше немесе олардың өкілдері арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда заң азаматтық құқық қатынастарына тек өкілдер арқылы қатысуды талап етеді. Бұл – міндетті, заңды өкілдік деп аталады. Мысалы, кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз тұлғалар атынан азаматтық айналымға олардың заңды өкілдері қатысуы тиіс – ата-аналары, қамқоршылары немесе қорғаншылары. Міндетті өкілдік заң негізінде, сот шешімі, немесе әкімшілік актісі негізінде туындайды. Ерікті, келісім шарттық өкілдік - тапсырма шарты негізінде немесе сенімхат бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Шарттық өкілдіктің ерекше түрі - ол коммерциялық өкілдік (ҚР АК 166-б.) «Өкілдік» құқық институтын заңды тұлғаның өкілдігімен шатастыруға болмайды. Заңды тұлғаның өкілдігі – ол оның орналасқан жерінен тыс жерлерде кызмет ететін, заңды тұлғаның мүдделерін қорғап жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттерді жасайтын, құрамды бөлімшесі. Ал өкілдік институты – ол сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген құзіретімен бір тұлғаның (өкілдің) екінші тұлғаның (өкілдік берушінің) атынан жасаған мәмілесі негізінде өкілдік берушіде азаматтық құқықтар мен міндеттердің тікелей туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелдіретін құқықтық қатынас. Азаматтық құқықтағы өкілдік институтының тараптары: өкіл және өкілдік беруші (сенім беруші) деп аталады (ҚР АК 163 б.). Өз сипатына қарай өкіл арқылы емес, тұлғаның өзімен ғана жасалатын мәмілелер де заңда көзделеді (өсиет және т.б.). Сонымен бірге күнделікті өмірде ешбір заңды негізсіз, бір тұлға екінші тұлғаның атынан және оның мүддесі үшін оның заңды өкілі болмастан мәміле жасайтын өмірлік жағдайлар да болады. Бұл жағдайлар азаматтық құқық саласында өкілеттілігі жоқ өкілдік деп аталады (ҚР АК 165-б.). Сенімхат Сенімхат дегеніміз – ол бір тұлға (сенім білдіруші) өз атынан екінші тұлғаға (сенім білдірілген өз өкіліне) беретін және оның құзіретін растайтын жазбаша құжат – үәкілдік, өкілдік (ҚР АК 167-б., 1 т.), ол біржақты мәмілелерге жатады. Азаматтық айналымдағы сенімхаттың ерекше маңыздылығына қарай, оның ұғымын, нысандарын, түрлерін және реквизиттерін білу қажет. Манызды реквизиттерінің бірі - ол сенімхаттың берілген күні, сондықтан берілген күні көрсетілмеген жағдайда сенімхат жарамсыз болып танылады. ҚР Азаматтық кодексі бойынша сенімхаттың ен ұзақ әрекет ету мерзімі – 3 жыл. Егер сенімхатта оның жарамды мерзімі көрсетілмесе, ол берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Келесі сенімхаттар нотариалдық куаландыруды кажет етеді: 1) мүлікті басқаруға берілген сенімхат; 2) нотариалдық күаландыруды қажет ететін әрекеттерді жасауға берілген сенімхат; 3) қайта сенім арту мақсатында берілген сенімхат (АК 167 б. 2 т., 169 б. 2 т.). Сонымен бірге, нотариалдық куаландырылатын сенімхаттарға АК 167-б. 3-тармағына сәйкес, келесі сенімхаттар теңестіріледі: - әскери-емдеу мекемелерінде емдеуде жатқан әскери кызметкерлердің сол мекемелердің басшыларымен, емдеу бөлімшелерінің орынбасарларымен, бас немесе кезекші дәрігерлерімен күәландырылған сенімхаттары; - әскери қызметкерлердің әскери бөлімшелерінің, бірлестіктерінің, мекемелерінің басшыларымен (командирлерімен) күаландырылған сенімхаттары (нотариустар жоқ жерлерде); - бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының басшыларымен күаландырылған сенімхаттары; - халықты әлеуметтік қоргау мекемелерінде тұрып жатқан кәмелетке толган әрекетке қабілетті азаматтардың сол мекемелердің бастықтарымен немесе халықты әлеуметтік қорғау органдарымен күаландырылган сенімхаттары. Өзге сенімхаттар жай жазбаша нысанда орындалуы мүмкін. Сенім ауысуы заң шегінде және заңда көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады (ҚР АК 169-б.) Сенімхатты берген кезде өкілдің құзіретінің мөлшеріне ерекше назар аудару қажет. Мәмілелердің саралануына қарай, сенімхат бір жақты және мерзімді мәмілелерге жатады. Сенімхаттар: басты, арнайы және бір мәрте берілетін болып бөлінеді. Сенімхаттың тоқтатылу негіздері заңда көзделеді (ҚР Азаматтық кодексінің 170-бабы).
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|