Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың жекелеген түрлері




Коммерциялық емес ұйымдарға заң шығарушы келесілерді жатқызған: қоғамдық бірлестіктер (саяси партиялар, қозғалыстар, орталықтар және т.б.), қорлар (зейнетақы, қайрымдылық), діни бірлестіктер, мекемелер (мемлекеттік және мемлекеттік емес) және тұтыну кооперативтер (пәтер иелерінің кооперативы, гараж кооперативы, саяжай кооперативы және т.б.), ассоциациялар (одақ) түрінде құрылған заңды тұлғалар бірлестіктерін. Коммерциялық заңды тұлғалармен салыстырсақ, коммерциялық емесұйымдардың тізілімі шектелмеген, сондықтан Қазақстанде өзге де коммерциялық емес заңды тұлғалар құрылуына жол беріледі. Сондықтан коммерциялық емес заңды тұлғалардың кейбір түрлері коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде де құрылуы мүмкін; автономды білім беру ұйымы ретінде, түрлі палаталар нысанында, т.б. (И сызбасын қараңыз). Әрбір коммерциялық емес заңды тұлғалар туралы арнайы заңнамалар қабылданған, мысалы: «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңы; «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы; «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңы, т.б.

Қоммерциялық емес заңды тұлғалар - өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйымдар. Оларға заң шегінде кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілсе де, таза кіріс табу негізгі мақсатына жатпайды. Коммерциялық емес ұйымдардың негізгі мақсаттары: әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, басқару, қайырымдылық, заңды мүдделерді қорғау, жанжалдарды шешу, денсаулық сақтау, өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз ету, саяси, т.б.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных