Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Айырбастау келісім шарты




 

Айырбастау шарты, сатып алу сату шартына қарағанда, адамзат тарихында неғұрлым бұрын пайда болған, өйткені сатып алу-сату шартында мүлік орнына ақша беріледі, ал акша мүлікті мүлікке айырбастаудан кейін пайда болған.

Айырбастау келісім шарттың ұғымы: айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе оралымды басқаруына бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi (501-бап).

Айырбастау шартының екі тарапы да бір уақытта сатушы да, сатып алушы да болады (АК 501-505 баптары). Ақылы болып танылатын айырбастау шартының мақсаты – тараптардың келісімі бойынша берілетін бір мүліктің орнына басқа мүлікті беру. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады. Қосымша төлем ретінде бұл шартта ақша да төленуі мүмкін, егер айырбасталатын мүліктің бірінің бағасы екіншісінің бағасынан төмен болса. Бірақта айырбастау шартының сатып алу сату шартынан негізгі айырмашылығы – бір мүліктің орнына басқа мүліктің берілуі. Сондықтан да айырбастау шарты әрқашанда ақылы шарт болады.

Айырбастау шартының нысаны шарт объектісіне байланысты ауызша немесе жазбаша болады. Мысалы, үйді, пәтерді айырбастау шарты жазбаша нысанда жасалады және жылжымайтын мүлік бойынша орталығында тіркеуден өткізіледі. Заттармен қатар бұл шарттың объектісі ретінде жұмыстар мен қызметтер де болуы мүмкін.

Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады. Тараптардың құқықтары мен міндеттері сатып алушы мен сатушынікі сияқты болады. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных