ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
сыйға тарту келісім шартыКелісім шарттың түсінігі. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi, не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi. Осыған орай, келісім шарттың пәні ретінде тек қана зат емес, сонымен қатар жоғарыда аталған әрекеттер де танылады: сый алушыға нақты бір мүліктік құқықтар беру, сый алушыны нақты бір мүліктік міндеттерден босату, оның ішінде сый берушіге қатысты, немесе өзге тұлғаларға қатысты. Мысалы, азамат Омаров азамат Иісбаевты өзінің алдындағы қарызын төлеуден босатады, немесе Омаров борышкер Иісбаевтың азамат Жапаровқа қарызын өтейді. Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттен босату жарамсыз болады. Сыйға тарту келісім шарты ақысыз шарттарға жатады. Сондықтан, егер келісім шартта сыйға берілген нәрсенің орнына өзге затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндет жүктеу қарастылырылған болса, бұл келісім шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Тараптар сый беруші (сыйға тартушы) мен сый (сыйды) алушы деп аталады. Олар ретінде азаматтық құқықтың кез келген субъектілері бола алады, бірақта сый беруші жеке тұлғалар тиісті дәрежедегі әрекет қабілетті болу қажет. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады. Мұндай сыйға тарту түрiне мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады. Шарт нақтылы (реалды) болады, яғни, сыйға тартылатын зат сый алушыға берілгеннен бастап күшіне енеді. Алайда сый тартуға уәде беру туралы келісім шарт консенсуалды болады. Заң бойынша сыйға тартуға тыйым салу мен шектеу қою да бекітілген (509, 510-баптар).
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|