Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Жас өспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылықтардың психологиялық – педагогикалық мәні.




Жоспар:

1. Девиантты мінез – құлық.

2. Девиантты мінез – құлықтың категориялары.

3. Девианттық мінез – құлықтың әлеуметтік ауытқуының жіктелуі.

4. Балалар мен жас өспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық тудыратын ерекшеліктері.

Психологиялық –педагогикалық әдебиетте жалпы қабылданған нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін жас өспірімдер мен балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерінің мінездемесінде «құқық бұзушылық», «құқыққа қарсы іс-әрекет», «адамгершіліксіз қылық», «девиантты мінез-құлық» ұғымдары пайдаланады.

Ауытқушы (девианттық) мінез – құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді.(психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық). Девиантық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – бұл анық немесе жасырын пихопотологияның (потологиялық) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі – бұл әлеутеттік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр. Яғни қоғамда жалпы қабылданған құқықтық немесе адамгершілік нормаларға қарсы болатын жеке қылықтар мен қылықтар жүйесі.

Философия мен этикада қылық адамгершілік іс-әрекеттің торы ретінде айтылады.

Психологияда қылық саналы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Адамның адамгершілік өзін-өзі анықтауының актісі ретінде жұмсалады. Ол өзін басқа адамдарға қарағанда тұлға ретінде санайды.

Құқықтық көзқарас бойынша қылық – азаматтардың құқығы мен бостандығына, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпке қол сұғушылық.

Ауытқушылық мінез-құлықтағы қылық адамның әрекетінде және әрекетсіз болуында пайда болады.

Адамның мінез-құлқында оның әлеуметтік іс-әрекетінің түрлерінің қиын комплексі орын алады. Мінез-құлықтың қандай болмасын деңгейінде өзара байланыс болады: а) адамдар туралы мәлімет пен тұлға аралық қарым-қатынастар;

б) коммуникация мен қарым-қатынас процесінде адамның қылығын өздігін реттеу;

в) тұлғаның өзінің ішкі әлемінің қайта құрылуы. Бұл жас өспірімнің мінез-құлқыдағы ауытқушылықтарға баға беруге көмектеседі.(Б.Г. Ананьев).

Балалар мен жас өспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың арнайы – педагогикалық параметрлері, оның ғылыми әдебиеттегі құрылымы мен мазмұны бір мәнді емес бағаланады және мінезделеді. Кейбір ғалымдар ауытқушылық мінез-құлықты бала қылығының сәйкессіздігімен түсіндіреді. Оған әлеуметтік, адамгершілік нормалардың, этикалық ережелердің талаптарын ұсынады.

 

Тақырып: Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының себептері мен шарттары. Оқыту – тәрбиелеу процесінде жас өспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын педагогикалық коррекциялау.

Жоспар:

  1. Жас өспірімдік жас - «дауыл мен құмарлықтың кезеңі».
  2. Жас өспірімдердің мінезінің акцентуациясы.
  3. Жас өспірімдердің ауытқушылық мінез-құлқындағы әлеуметтік-педагогикалық себептер.
  4. Жас өспірімнің тұлғасын қалыптастырудағы стихиялық-топтық қарым-қатынастың ролі.
  5. Жас өспірімдердің девиантты мінез-құлықтарына оқыту процесінде педагогикалық коррекция жасау.
  6. Жас өспірімдермен сабақтан тыс тәрбиелік коррекциялық жұмыстар.

Жас өспірімдік жас - «дауыл мен құмарлықтың кезеңі»

Ауытқушылық мінез-құлықтың маңызды белгісі мораль мен құқық нормаларының арасындағы қарама-қарсы жанжал болып табылады. Неге осы қарама-қайшылықтар пайда болады. Жас өспірімдердің девиантты мінез-құлқының себептерінің негізінде не жатыр? Бір жағынан, әлеуметтік-педагогикалық мінезіндегі себептермен негізделетін бұл қылықтар қоршаған ортадағы адамдар үшін көбіне түсінікті болып келеді. Мысалы, өзін қоғамдық орындарда ұстай алмауы, өзінің құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынаста қиындықтың болмауы, мұғалімдер мен тәрбиешілердің талабын орындағысы келмеуі. Олар отбасылық қарым - қатынастағы жалпы мәдениеттің төмен деңгейімен, отбасылық тәрбиемен негізделуі мүмкін. Бір жағынан, баланың психикалық және физикалық дамуындағы қандайда бір бұзушылықтардың салдарынан немесе жастық даму кезеңінде пайда болатын психобиологиялық немесе психофизиологиялық мінездегі себептер жататын қылықтар болуы мүмкін. Көптеген зерттеулер (Л.И. Божович, Т.В. Драгунова, А.И. Краковский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, Д.И. Фельдштейн және т.б.) бала психикасының дамуын анықтайтын психобиологиялық факторлардың жасөспірім мінезіне жекелей-психологиялық ерекшеліктерімен өзара байланыстылығын дәлелдейді. Оларға өз кезегінде әлеуметтік-педагогикалық факторлар: отбасы, оқушылардың жақын маңдағы қоршаған ортасына әсер етеді. Сондықтан да жас өспірімдердің девиантты мінез-құлқы және де жас өспірімдердің нормадағы мінез-құлқы психобиологиялық, әлеуметтік-педагогикалық себептерге байланысты. Жас өспірімдік кезең адам тұлғасының құрылуы мен дамуында үлкен мәнге ие. Бұл кезеңде баланың іс-әрекетінің көлемі кеңейеді, мінезі сапалы түрде өзгереді, тұлға құрылымында көзге көрінерлік өзгерістер байқалады. Осының бәрі жас өспірімнің физиологиялық және психикалық дамуындағы қайшылықтардың аясында көрінеді. Осыдан жас өспірімдік жас ауыспалы, күрделі, қиын, сынды болып бөлінеді. Бұл екінші рет туылған сияқты деп жазады. В.А. Сухомлинский: «Көзі де басқаша, даусы да басқаша, бұның ең бастысы – қоршаған ортаны басқаша қабылдау, адамдарға, талаптарға, сұраныстарға, қызығушылықтарға қарым-қатынасы – бәрі де сапалы түрде басқаша». Осыдан келіп қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасының реакцияларының барабарсыздығы, ерексектермен аномалия ретінде қабылданатын қылықтар мен іс-әрекеттегі қайшылықтар, жалпықабылданған ережелерден ауытқушылық шығады. В.А. Сухомлинский жасөспірімнің рухани дамудағы осындай қайшылықтарын бөле отырып, оларды бала дамуындағы жас кезеңдікке сәйкес келетін табиғилық деп ойлады. Бұл жақсы болуға, идеалға ұмтылу. Бұл кеңеске, көмекке мұқтаждық. Осындай мінез-құлық және оған деген қарым-қатынас күшейеді. Ал кей жағдайда жастық өзгерістермен негізделген психофизиологиялық себептермен қатар асқынады. Жасөспірімдік кезең үшін сүйек-ми жүйесінің біркелкі емес дамуы, сүйек жүйесінің өсу темпінен ойлау массасының өсуінің қалып қоюы тән. Зерттеушілер он екі жастағы жасөспірімнің 143-158 см. бойының болуына қарамастан дене массасының 33-46,6 кг.болатынын көрсетеді. Ал үш-төрт жылдан кейін (қазіргі жағдайда бір жылдан кейін) 159-175 см. өседі. 15 жасқа келгенде дене массасы 47,9-64,8 кг. болады. Мысалыға келтірілген мәліметтерден біркелкі жастағы балалар үшін бой мен дене массасының маңызды түрде айырмасы бар екендігі белгілі болды. Бұған акселерация процесі – баланың физикалық және жыныстық даму темпінің жылдамдауы әсер етеді. Жасөспірімдердің өсу мен дамуының біркелкі еместігіне байланысты қозғалыс координациясында уақытша үйлесімсіздік пайда болады. Олар кейін өздігінен жойылады. Бірақ дененің тез арада өзгеруі оларда психологиялық дискомфорт туғызады. Оларды жасөспірімдер көрсетпеуге тырысады. Комплекс пайда болады. Жүрек қантамыр жүйесінің дамуындағы сәйкессіздік баланың физикалық және психикалық көңіл-күйінің бұзылушылығына әкеп соғады. Бұл процесс қан қысымымен, бас айналумен болады. Өзінің жағдайын түсінбей, өзінің көңіл-күйінен ұялып жасөспірім осы қылықтардан құтылуға тырысады. Жасөспірімнің рухани өміріне, өзіндік көңіл күйіне және жалпы жағдайына жыныстық жетілу процесі әсер етеді. Жасөспірімнің өміріндегі бумератты кезең физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан да маңызды. Ағзаның ішкі өзгерістерімен, ішкі секреция темірінің дамуымен бірге дене конституциясының сыртқы өзгерістері де бірге жүреді. Осыған байланысты өзіне деген, қарама-қарсы жынысқа деген қызығушылық пайда болады. Мамандардың (медиктер, психологтар, педагогтар) бекітуі бойынша жыныстық жетілу процесі жүйке жүйесінің қозуымен, көңілшектікпен ілесіп жүреді. Жасөспірімдік жастағы жоғарыда аталған барлық физиологиялық ерекшеліктер бір-бірімен, психиканың дамуымен тығыз байланысты. Біреулерінде олар біркелкі түрде өтсе, басқа біреулерінде олар тіптен басқаша өтеді. Бұл жасөспірімнің өзіне де байланысты. Көбіне әрине ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілерге де байланысты. Осының бәрі баланың мінез-құлқын, оның ересектерге деген қарым-қатынасын анықтайды. Жас өспірімдік кезеңдегі психикалық жаңалықтардың пайда болуы балалықтан ересек өмірге ену жағдайына қиындықпен көшумен байқалады. Жасөспірім бала емес, әрине ересекте емес, және осының бәрі көп проблеманы тудырады.

Лекция. Тақырып: Кәмелетік жасқа толмағандар мен алдын алу және педагогикалық коррекциялық жұмыстарын әлеуметтік педагогикаға бағыттау.

Жоспар:

  1. Кәмелетік жасқа толмағандармен алдын алу жұмыстың маңызы.
  2. Жас өспірімдер мен ата аналардың отбасылық өзара қарым қатынасында және қарым қатынасындағы коррекция.
  3. Жас өспірімдердің топтық қарым қатынасының бағыттануын қайта бағдарлау.

 

Бала тұлғасының қалыптасуына әсер ететін көптеген факторлардың арасында ең алдымен биологиялық факторларды, әлеуметтік ортаның факторларын бөліп қарастыру керек. Егер тұлғаның туа біткен сапалары, оның индивидтік құрамдары тұлғаның қалыптасуы ретінде роль атқарады. Ал әлеуметтік факторлар индивидтің әлеуметтік тәжірибені игеруіне көмек көрсетеді (Л.С. Выготский). Әлеуметтік факторлардың арасында жетекші рольге ата-аналық отбасы, балалық әр жастағы ұжымдар, ерікті қарым-қатынас топтары, балалық бірлестіктер ие. Индивидтің әлеуметтік жетілуінің көрсеткішіне оның қоғамының белсенді мүшесі болуына дайын екендігі жатады. Сонымен бірге берекесіз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың болуы әлеуметтік дезадаптацияға әкеліп соғады. Әлеуметтік дезадаптациямен бірге десоциализация процесі – индивидтің әлеуметтану институттарынан (отбасы, топтар, оқушы ұжымдар) жатырқау қоса жүреді. Олар мораль мен құқық нормалары болып табылады. Сондықтан педагогтардың, тәрбиешілердің, ата-аналардың алдында жас өспірімнің әлеуметтік институттардан жатырқауының алдын алуды дер кезде жасау мәселесі тұрады. “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және қорғансыз қалуының алдын-алу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылдың мамыр айындағы қаулысымен бекітілген комиссияның бірінші отырысы.Қазіргі уақытта елімізде 5 млн.-нан астам бала бар. Оның 1 млн. 600 мыңнан астамы мектеп жасындағылар болса, 3 млн.-нан астамы мектепте оқитын оқушылар. Соңғы кездері мемлекет саясатында әлеуметтік реформаларды іске асыруға айрықша көңіл аударылуда. Бұл бірінші кезекте оқыту, тәрбиелеу, денсаулық сақтау, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт, отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету саласын қаржыландыруды арттыру болып табылады. Елдің экономикалық өсуімен байланысты мұның бәрі кедейшілікті азайту, демографиялық өсімді арттыру және балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты ұлттық үрдісті жүзеге асыруға бағытталып отыр. Бұл күндері елімізде балалар мәселесімен 9 министрік пен ведомстволар, 275 үкіметтік емес ұйымдар айналысады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі бойынша мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жұмысты жүйелі жүргізу мәселесі біздің министрлікке жүктелген, – деді. Ол бұдан кейін қол жеткен жетістіктермен қатар, әттеген-айлардың да бар екенін, әсіресе адамгершілік тәрбиесіндегі келеңсіз жағдайлар әлі күнге сақталып отырғанын, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың саны туралы нақты мысалдар келтірді. Мәселен, ішкі істер полициясының деректеріне жүгінер болсақ, үстіміздегі жылдың 9 айында 4072 қылмыс жасалған. Кіші жастағы балалар мен қыздар арасында да қылмыс жасау белсенділігінің артып отырғаны ойлантпай қоймайды. Есірткі және психотроптық заттарды қолдану алаңдататыны жасырын емес. Айталық, осы кезең аралығында кәмелетке толмаған жасөспірімдерді уақытша оқшаулау және оңалту орталығына 6885 панасыз қалған балалар жеткізілген. 13796 жасөспірім девианттық мінез-құлқымен ішкі істер бөлімінің есебіне алынған. Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жетімдік азаймай отыр екен. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне тастанды, ата-анасы бас тартқан, ата-ана құқығынан айырылған адамдардың балалары аз жеткізілмейтін көрінеді. Ішкі істер органдарының мәліметіне көз жүгіртер болсақ, үстіміздегі жылдың 9 айында 7415 жағдайы жоқ отбасы есепке алынып, 815 адам ата-аналық құқығынан аластатылған. Мұнымен бірге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны жылдан-жылға көбею үстінде екеніне нақты дәлелдер кел­ті­ріл­ді. Олардың жалпы саны еліміз бойынша 48 мың­нан асып кеткен. Жетім балаларға арналған меке­ме­лер­де тәрбиеленіп жатқан 17486 баланың тек қана 2885-і нағыз жетімдер болса, қалған 14601-і ата-ана­сы­н­ың қамқорлығынсыз қалған балалар.

Жалпы осындай балаларға мемлекет 2007 жылы 4 млрд. теңге бюджеттен қаржы бөліпті. Отбасының көптеген проблемалары шешілмей отыр екен. Оларды тез арада жөнге келтіру мәселесі де комиссия отырысында негізгі әңгіме арқауына айналды. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сенсек, респуб­ли­ка­мыз­да 2007 жылдың 1 қаңтарына дейінгі дерек бой­ынша 13 мыңнан астам жағдайы жоқ отбасылар бар екен. Дәл осындай отбасыларында балалардың ар-намысына тиіп, ішімдік ішкенде балаларына зорлық-зомбылық көрсету орын алғаны дәлелденген. Олар үшін есірткі пайдалану, қылмыс жасау “кәдімгі іс” болып кеткен.

Тақырып: Коррекциялық педагогика әректінің ұйымдастырушылық негіздері. Мұғалім коррекциялық педагогика әрекетінің субъектісі. Білім беру мектептеріндегі коррекциялық педагогика үрдісінің нормативті-құқықтық базасы.

Жоспар:

  1. Педагогикалық коррекция әректінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері.
  2. Мұғалім коррекциялық педагогика әрекетінің субъектісі.
  3. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық коррекциялық үрдісінің нормативті-құқылық базасы.

Девиантты жас өспірімдердің топтық қарым- қатынасына коррекциялық- педагогикалық әсер етудің ұйымдасқан формасын, жолын және тәсілін таңдау кезінде аумақтың жағдайын қолданудың мақсаттылығын, ауытқушылық мінез -құлқы бар жас өспірімнің тұлғасын қайта бағыттаудың тиімділігін ескеру қажет. Ұйымдасқан формаларды таңдау көбіне мектептің дәстүріне, ықшам ауданның әлеуметтік- педагогикалық жағдайларына, педагогикалық артта қалған жас өспірімдердің сабақтан тыс қарым-қатынасының кеңістіктік және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. Жас өспірімдермен коррекциялық-педагогикалық іс-әрекетінің ұымдасқан формасының бірі мектептің педагогикалық әсер ету аймағын құру болуы мүмкін. Бұл мектепке жақын ықшам ауданының аумағы болып табылады. Мектептің педагогикалық ұжымның басшылығы егер ықшам ауданды педагогикалық назарсыз қалдырса, онда жас өспірімнің санасы мен мінез-құлқына негативті түрде әсер ету тез өседі. Сондықтан да педагогикалық әсер етудің аймағы мектепте көп мәселені шешуге көмек береді. Әр түрлі үйірмелер мен клубтарды ашуға, сайыстар, көрме, экскурсияларды өткізуге, балалар мен зейнеткерлерді қамқорлыққа алуға көмектеседі. Қарым-қатынастың қоғамдық нейтралды типінің тобы педагогикалық артта қалудың бастапқы сатысында болады. Олардың асоциалды іс-әрекеттері болмайды. Осы типтегі топ үшін қарым-қатынас шеңберінің құрылымын өзгерту керек. Оны жақсы мазмұнымен толықтыру керек. Бұл өзгеріс жас өспірімдерді басқа жақтан аша түседі. Өз мәртебесін өзгертуге ықпалын тигізеді. Осының бәрін педагогикалық артта қалған жас өспірімдерге сыныптастарының қарым-қатынасын өзгерту арқылы мектепте жасауға болады.Алайда бұл жол әр кезде жақсы нәтиже бере бермейді. Көбінесе осындай балалар туралы қоғамдық пікір сынып ішінде қалыптасқан, оны қайта құру белгілі бір ықпал жасауды керек етеді. Сондықтан да жас өспірімдердің өздерін ерікті, табиғи түрде сезіне алатын жағдайлар керек. Оған мектептің педагогикалық әсер ету аймағындағы олардың іс әрекеттері жақсы нәтиже береді. Олар сыныптық ұжымның әсер етуін сыныптан тыс кезде сақтайды. Жас өспірім сыныптастарының ортасында болады, олардың қарамағында болады. Сонымен қатар ықшам ауданның жағдайын оның сыныптастары білмейтін қырларын ашады. Бұл кішкентай балаларға басшылық жасау, ардагерлерге көмек, ықшам ауданды жасылдандыруға көмек болуы мүмкін. Мектеп ықшам ауданындағы топтық жұмыстың жүйелілігі сыныптық ұжымның оған деген қарым-қатынасын өзгертеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных