Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мұғалім – коррекциялық-педагогикалық жұмыстың субъектісі




Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі оқыту-тәрбиелеу процесінің шешуші фигурасы болып табылады. Ол бәрін ұйымдастырады, қажетті мазмұнмен толықтырады, оқушылармен түзетімдік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырады. Ол байланыс орнатады, оқушы мен ата-ана арасында контакт орнатады. Ол балалар мен жас өспірімдердің жетілуіндегі ауытқушылықтардың алдын алуда шаралар қолданады. Алайда ғылыми зерттеулер бойынша кез келген мұғалім толық көлемде педагогикалық әсер ете алмайды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша мұғалімдердің 47 пайыздан бастап70 пайызға дейінгі мұғалімдердің тәрбиелік және коррекциялық жұмыстарды әр түрлі категориялы балармен жұмысты ұйымдастыруда қиындыққа кезігетіндіктерін дәлелдеп берді. Ол баламен байланысқа түсе алмайды. Тәрбиелік құрылымға еніп кете алмайды. Мінез-құлқы мен жетілуінде ауытқушылығы бар жас өспірімдермен коррекциялық жұмысты ұйымдастырып, жүргізу қиынға түседі. Мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеті, жұмысы көп аспектілікпен, полифункционалдықпен ерекшелінеді. Мұғалім бірде мемлекеттік қызметші ретінде қызмет атқарады. Ол оқушылардың тәрбиесі мен оқуының нәтижесіне сәйкестікті қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қызметкер тәрбиеші ретінде де қызмет атқарады. Сонымен қоса, мұғалім әр түрлі санаттағы оқушылармен (ауытқушылық мінез-құлықтары бар, психикалық жетілудегі кідірістері бар) жұмыс жасағанда, дефектологжәне педагог-реабилитолог, әлеуметтік педагогтың қызметін де атқарады.

Және педагогикалық іс-әрекеттің тағы да бір маңызды аспектісі бар. Ол педагогикалық жұмыстың әдістілік іс-әрекеті болып табылады. (Ю.Н. Кулюткин). Яғни басқа оқу жұмысын ұйымдастыру.

Осы жағдайда кәсіптік-педагогикалық жұмыс формасы бойынша оқу-тәрбиелеу процесінің мазмұны мен мәніне бағытталған қайта пайда болушы болып табылады.

Осы көзқарас бойынша мұғалімнің коррекциялық-педагогикалық жұмысы педагогикалық процестің бірлігі болып табылады. Мұғалім-тәрбиеші психологиялық, физиологиялық, интеллектуалдық, моральдық, кәсіптік деңгейлерге дайын болуы керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных