ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Таным процестері115. Айналадағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің мида бейнеленуі, бұл: А) Түйсік. В) Ес. С) Қабылдау. Д) Ойлау. Е) Қиял.
116. Айналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы миымызда тұтастай бейнеленуі, бұл: А) Қабылдау. В) Ес. С) Түйсік. Д) Ойлау. Е) Қиял.
117. Сенсибилизация қай процестің заңдылығының бірі болып табылады: А) Түйсіктің. В) Естің. С) Қабылдаудың. Д) Ойлаудың. Е) Қиялдың.
118. Тітіркендіргіштің ең аз күші: А) Абсолютті төменгі табалдырық. В) Абсолютті табалдырық. С) Жоғарғы табалдырық. Д) Көру түйсігі. Е) Есту түйсігі.
119. Тері түйсігіне: А) Ауырсыну сезімі. В) Ашығу. С) Дәм түйсігі. Д) Көру түйсігі. Е) Есту түйсігі жатады.
120. Тітіркендіргіштерді қабылдайтын мүшелер: А) Рецептор. В) Анализатор. С) Нейрон. Д) Аксон. Е) Жүйке талшықтары.
121. Жоғарғы сезімталдық-бұл: А) Сензитивтілік. В) Сенсибилизация. С) Сенсорлық депривация. Д) Сенсуализм. Е) Аккомодация.
122. Адамның сенсорлық көзқарасының толық жойылуы: А) Сенсорлық депривация. В) Сенсоматорлы психосинтез. С) Ассимиляция. Д) Әдеттену. Е) Синтез.
123. Қосарланған сезім тудыратын құбылыс, бұл: А) Синестезия. В) Өзін-өзі қадағалау. С) Синтез. Д) Сензитивтілік. Е) Сенсуализм.
124. Қандай таным процесінде фигура мен фон қарастырылады: А) Қабылдауда В) Есте. С) Түйсікте. Д) Ойлауда. Е) Қиялда.
125. Арақашықтық немесе қашықтықтағыны қабылдау, бұл: А) Кеңістікті қабылдау. В) Уақытты қабылдау. С) Қозғалысты қабылдау. Д) Фон және фигура. Е) Иллюзия.
126. Заттар мен құбылыстарды қате қабылдау, бұл: А) Иллюзия. В) Фон және фигура. С) Қозғалысты қабылдау. Д) Кеңістікті қабылдау. Е) Уақытты қабылдау.
127. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін қабылдауда белгілі мән беру, бұл: А) Қабылдаудың мағыналығы. В) Қабылдаудың константтылығы. С) Қабылдаудың тұтастылығы. Д) Қабылдаудың тарихилығы. Е) Қабылдаудың таңдамалығы.
128. Өткен тәжірибені есте сақтау процесі, бұл: А) Ес. В) Түйсік. С) Сөйлеу. Д) Елестету. Е) Қиял.
129. Білімдерді ұзақ уақыт есте сақтау, бұл: А) Ұзақ мерзімдік есте сақтау. В) Қысқа мерзімдік есте сақтау. С) Сенсорлық ес. Д) Оперативтік ес. Е) Генетикалық ес.
130. Білімдерді аз уақытқа есте қалдыру, бұл: А) Қысқа мерзімдік есте сақтау. В) Ұзақ мерзімдік есте сақтау. С) Сенсорлық ес. Д) Оперативтік ес. Е) Генетикалық ес.
131. Естің процестері, бұл: А) Еске түсіру, ұмыту, есте жаңғырту, есте қалдыру, тану. В) Еске түсіру, еске түсіре алмау, есте жаңғырту, есте сақтау, тану. С) Еске түсіру, ұмыту, есте жаңғырту, есте сақтау, сақтау. Д) Қабылдау, ұмыту, есте жаңғырту, есте сақтау, тану. Е) Қабылдау, ұмыту, ескерту, есте сақтау, тану.
132. Қысқа мерзімдік есте сақтау көлемі, бұл: А) 5-9 бірлік. В) 1-3 бірлік С) 10-20 бірлік. Д) 50-55 бірлік. Е) 30-40 бірлік.
133. Өзгермелі динамикалық бірлік, бұл: А) Елестету. В) Алғашқы әсер С) Пікір. Д) Қорытынды. Е) Талдау.
134. Л. С. Выготский бойынша ойлаудың типологиясы: А) Көрнекті-әрекеттік, көрнекті – бейнелік, сөздік-логикалық. В) Практикалық, теориялық, шығармашылық. С) Интуитивтік, критикалық, креативтік. Д) Бейнелік, логикалық, эмпирикалық. Е) Реалистік, аутистік, интуитивтік.
135. Айналадағы заттар мен құбылыстарды мида жалпылай және салыстырмалы сөз арқылы бейнелеу, бұл: А) Ойлау. В) Қиял. С) Ес. Д) Сөйлеу. Е) Зейін.
136. Ойша бүтінді бөлшектеу, бұл: А) Талдау. В) Синтез. С) Жалпылау. Д) Ой қорытындысы. Е) Нақтылау
137.Ойша бөлшектерді біріктіру, бұл: А) Синтез. В) Талдау. С) Жалпылау. Д) Ой қорытындысы. Е) Нақтылау.
138. Обьектілер арасындағы қатынастардың ұқсастығы: А) Аналогия. В) Синтез. С) Жалпылау. Д) Ой қорытындысы. Е) Талдау.
139. Басқаның пайда болуына себептілігінен, психикалық құбылыстар арасындағы байланыс,бұл: А) Ассоциация. В) Елестету. С) Интуиция. Д) Иллюзия. Е) Әсер.
140. Тілдің бірлігі болып: А) Сөз. В) Ой. С) Дыбыс. Д) Буын. Е) Сөйлем.
141. Іс-әрекетті тіл арқылы қайта құратын адамдардың қарым-қатынас формасы, бұл: А) Сөйлеу. В) Қиял. С) Ес. Д) Ойлау. Е) Зейін.
142. Тілді коммуникация процесінен тыс қолдану, бұл: А) Іштей сөйлеу. В) Дактильді сөйлеу. С) Жазбаша сөйлеу. Д) Жестпен сөйлеу. Е) Ауызша сөйлеу.
143. Өзіне-өзі бағытталған сөйлеу: А) Эгоцентрлік. В) Ауызша сөйлеу. С) Ішкі сөйлеу. Д) Активті сөйлеу. Е) Пассивті сөйлеу.
144. Активті сөйлеуге тиісті: А) Ауызша сөйлеу. В) Жазбаша сөйлеу. С) Ішкі сөйлеу. Д) Жестпен сөйлеу. Е) Пассивті сөйлеу.
145. Пассивті сөйлеуге қатысты: А) Жазбаша сөйлеу. В) Ауызша сөйлеу. С) Ішкі сөйлеу. Д) Жестпен сөйлеу. Е) Дактильді сөйлеу.
146. Зейінді зерттеу әдісі: А) Корректуралық байқау. В) Пиктограмма. С) Төртіншісі артық. Д) ММРІ. Е) Лири тесті.
147. Сананың белгілі бір затқа, обьектіге бағытталып тұрақталуы, бұл: А) Зейін. В) Түйсік. С) Қабылдау. Д) Ойлау. Е) Сөйлеу.
148. Өткен тәжірибенің қабылдауға әсері, бұл: А) Апперцепция. В) Перцепция. С) Уақытты қабылдау. Д) Кеңістікті қабылдау. Е) Қозғалысты қабылдау.
149. Қабылданған ақпараттарды ұзақ уақыт жасырын түрде есте сақтау фазасы: А) Есте сақтау. В) Ұмыту. С) Тану. Д) Есте қалдыру. Е) Есте жаңғырту.
150. Заттар мен құбылыстардың елеулі мәнді белгілері туралы ой: А) Ұғым. В) Жалпылау. С) Мазмұны. Д) Интуиция. Е) Ой қорытындысы.
151. Репродуктивті ойлау, бұл: А) Шығармашылық. В) Практикалық. С) Логикалық. Д) Теориялық. Е) Интуитивтік.
152. Шындықтағы құбылыстардың жалпы белгілері мен қасиеттерінің бейнелеу формасы, ойлау әрекетінің өнімі, бұл: А) Жалпылау. В) Ой қорытындысы. С) Мазмұны. Д) Интуиция. Е) Ұғым.
153. Ойлаудың зерттеу әдісі, бұл: А) Заттардың жіктелуі. В) Корректуралық байқау. С) Томас тесті. Д) Аяқталмаған сөйлем. Е) Гилфорд тесті.
154. Обьектіге шоғырлану, бұл: А) Концентрация В) Ырықты. С) Ырықсыз. Д) Үйреншікті. Е) Тұрақты.
155. Зейіннің түрлері, бұл: А) Ырықты, ырықсыз, үйреншікті. В) Тұрақты, ұзақ, шоғырлану. С) Көлемді, біріккен, таңдамалы. Д) Ырықсыз, ұзақ, уақытша. Е) Нақты, көлемді, ұзақ.
156. Адамның есінде сақталған бейнелерді қайтадан өңдеп, мида жаңа бейне жасау, бұл: А) Қиял. В) Ес. С) Қабылдау. Д) Ойлау. Е) Елестету.
157. Активті қиял бұл: А) Қайта жасау және шығармашылық. В) Мәнді және алғашқы. С) Пәрменді және шығармашылық. Д) Пәрменсіз және қозғаушы. Е) Қозғаушы және мәнді.
158. Адамның барлық рухани әрекеттермен байланысты аса қажетті туындылар жасап отыруы, бұл: А) Шығармашылық. В) Қарым-қатынас. С) Тәрбиелеу. Д) Даму. Е) Белсенділік
159. Сезгіштік табалдырығын зерттеу әдісі, бұл: А) Вебер-Фехнер. В) Бине-Симон. С) Гальтон. Д) Джейкобс. Е) Зинченко.
160. Берілген ақпаратты есте қалдыру, есте сақтау және есте жаңғырту процестері көмегімен мақсатқа жету, бұл: А) Оперативтік ес. В) Қысқа мерзімдік ес. С) Ұзақ мерзімдік ес. Д) Эхоникалық ес. Е) Генетикалық ес.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|