ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
І. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІЖоспары
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3 І. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ-----------------------------------------------------------------4 1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі-------------------------------------------------------------------------------------------9 1.2 Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу----------------10 1.3 Дебиторлық есеп айырысуды бақылау-------------------------------------------12 1.4 Басқа да дебиторлық борыштар есебі--------------------------------------------13 1.5 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу----------------------------------14 1.6 Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау-------------------------------15 1.7 Дебиторлық берешектің аудиті ---------------------------------------------------16с 1.8 Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі------------------------------19 ІІ. «ҚАЗАҚСТАН - КАСПИЙШЕЛЬФ» ЖШС-Ң ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ------------------------------------------------------19 2.1 АҚ «Қазақстан - Каспийшельф» -ң жалпы сипаттамасы---------------------20 2.2 «Қазақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебінің ұйымдастырылуы--------------------------------------------------------------------------21 ОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------26
Кіріспе Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік. Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде ғана қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады: «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі». «Күмәнді дебиторлық берешектер». «Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі». «Басқадай дебиторлық берешек». «Алдағы кезең шығындары». «Берілген аванстар». Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын. І. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|