ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дебиторлық есеп айырысуды бақылауЕсеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудитті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет. Кассалық ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды. Дебиторлық берешектің функционалды аудитінің негізгі процедураларының үлгі бағдарламасы 1-кестеде ұсынылған. Дебиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді. Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қатысуымен және қатысуынсыз) теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл операцияларды есептік регистрге жазу сипатында болады. Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материалдары бойынша мұндай теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай сызба (схема) бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. 1. Банктен алынған қолма-қол ақшаны иемдену (сіңіріп кету). 2. Түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша операцияларды есепте толық көрсетпеу. 3. Есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу. 4. Анық емес мэтіндегі шоттар негізінде жабдықтаушыларға ақша аудару. 5. Жасанды заңды мен жеке тұлғаларға ақша аудару және т.с.с. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|