Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу




Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.

Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген).

Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.

Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынанбіртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.

Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік көрсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы тәленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.

Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде өтеледі.

Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық қүжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейінде және тиісті кұжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады.

Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.

Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін-конверттелетін валюта беріледі.

Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек. Мысал. "Цемент" ААҚ-ның бұйрығы бойынша бас бухгалтердің көмекшісі Москваға, содан соң Ұлыбританияға 15 күнге, яғни 5 каңтар мен 19 каңтар аралығына 2006 ж. іс-сапарға жіберді делік. АҚШ долларының бағамы бойынша ұлттык валютаға шаққанда қаңтардың 15 күні ол (15.01.2006 ж.) 150,6 тенгені құраған, ал 19 күні (19.01.2006 ж.) ол 151,2 теңгеге жеткен, сондай-ақ фунт стерлингтін бағамы да 19 күні 217,91 теңге болған (1 фунт стерлинг үшін).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных