Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дебиторлық берешектің аудиті




Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде – 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.

1. «Ұзақ мерзімді активтер» бөліміне тексеру жүргізген кезінде аудитор талап ету мерзімі біткен борыштарға және уақтылы өндірілмеген сомаларға назар аударуға тиіс.

Баланста «Ұзақ мерзімді активтер» жатқызылған дебиторлық борыштар мынандай баптар бойынша көрсетіледі:

• алынуға тиісті шоттар;

• алынған вексельдер;

• негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;

• акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;

• басқа да дебиторлық борыштар.

Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек ғана «Аванстық төлемдер» бабы қосылады.

Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтері бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтарымен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді.

Дебиторлық борыштардың жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек. Әдетте, субектінің ішінде дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің сапасының талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінін ескерсек, бұл жұмысты аудитордың өзі ұйымдастырғаны тиімді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты аланатынын (яғни, дебиторлар өздерінің борыштарын мойнына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының бар екендігі); талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін (3жыл); қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.

Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталауы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша есеп айрысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгенлеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқұларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті.

Дебиторлық борыштардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетіні – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі үлесі жағынан ең қомақтысы. Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан–жақты қамтып, айқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет:

• өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын;

• түгендеу (салыстыру) актілерімен есеп айырысу қүжаттаымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын;

• «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын»

• Бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық есептің дұрыстығын.

Бұндай жағдайда аналитикалық есеп мынандай мәселерді қамтамасыз етуге міндетті:

• Вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттараның мерзімінде түспегендігінде қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді:

• «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын» бөлімшенің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін; «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің бораштарын» бөлімінің шоттары бойынша аналитикалық есеп жазуларының Бас кітаптағы және баланстағы жазулар мен сәйкестігін;

• Талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын. Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шығарылады.

Аудитор «алынуға тиісті борыштар» шотының дебетінде көрсетілген артылып жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтердің құнын таалп ету құжаттарының уақтылы банк мекемелерінде қабылданғандығын және оларды төлеу мерзімінің сақталғандығын банк көшірмелеріндегі жазуларымен салыстырып тексереді. Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің алдын ала сатушының есеп айырысу шотына аударған аванстарының жабылып, айдын аяғында 301 шоттың дебетіндегі құны өтелген өнімдердің құнының дұрыс анықталғандығына көз жеткізуі тиіс.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың жедел дамып келе жатқан түрі – алынған вексельдер бойынша есеп айырысу. Вексельмен төленген операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізу үшін аудитордан бұндай операцияларға баса назар аудару талап етіледі.

Сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден есеп айырысу ушін алынған вексельдермен қамтамасыз етілген борыштарын «Алынған вексельдер» шотында жүргізеді. Вексель бойынша өтелген қарыздарын шоттың кредитінен «Ақша қаражаттар» бөлімінің сәйкес шоттарының дебетінде көрсетеді. Вексельмен есеп айырысқан кезде қарапайым және аудармалы вексельдер қолданылуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных