Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебінің ұйымдастырылуы




«Қазақстанкаспийшельф» ЖШС компанияның инвестициялық бағдарламасы бойынша келесідей шараларды орындауға алдын ала қарастыруда:

■ Каспий теңізінің бойынша және жерде де жоғары перспективті құрылымды барлау және бағалау жұмыстарды бақылау;

■ Мұнайгаз өнімдерін өндеуді сату желісін дамыту, Шығыс Қазақстанда мульти қызметтік желілерді құру және ВОЛС құрылысында қаржылық үлесін қосу Атырау-Теңіз- Ақтау, Шымкент-Құмкөл.

Компания өз дамуын аяғына дейін жеткізу үшін келесідей мақсаттарға сүйенеді:

■ Шикізатты тауып, шикізат базасын дамыту;

■ Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану,

■ Мұнай операцияларына көмек көрсету үшін инфрақұрылым мен мұнайгазтранспорт жүйесі, мұнайгазөндіру саласын дамыту;

■ Солтүстік-Каспий жобасын кеңейтуге компанияның көмегі қамтамасыз ету керек;

■ Каспий теңізінің Мемлекеттік бағдарлама бойынша шаралар мен функцияларды орындау керек;

■ Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық стратегиясы бойынша шараларды жүзеге асыру;

■ Мұнайгаз саласына ұлттық кадрларды дамыту;

■ Қоршаған ортаны қорғау және өндірісте қауіпсіздік қамтамасыз ету;

«Қазақстанкаспийшельф» ЖШС көптеген халықаралық және ішкі мұнай-газ жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа түрлеріне ауысгырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.

Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мемлекеттік пакеттерін бір орталықтан басқарады және оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметіне басшылық етеді.

Компания:

■ мұнай-газ саласында мұнай-газ ресурстарын тиімді әрі ұтымды игеруге және олардың орнын толтыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат пен сгратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

«Қазақстанкаспийшельф» ЖШС –ң өткізу көлеміне байланысты процент тәсілі- үмітсіз борыштардың проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше есепті кезең ішінде (ең азы үш жыл) тауар өткізу (жұмыс, қызмет) көлемін және күмәнді борыштар бойынша резерв пайда болуы үшін процентті белгілеуге арналған төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.

Мысалы. «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС мекемесінде Жыл ішіндегі өткізу көлемі 1390 мың теңгені құрады. Күмәнді берешектің орташа проценті есебін жүргіземіз:

Жылдар Өткізу көлемі Үмітсіз борыштар сомасы Процент
      3,3
      1,7
      1,6
Жиыны      

 

2002 ж. үшін күмәнді борышы бойынша резерв сомасы (3,3 + 1,7 + 1,6): 3 =2,2% 1390 х 2,2% = 30,58 мың теңгені құрады. Есепті кезең соңьшда мьшадай жазба жазылады:

7440 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 30,58 мың теңге

Кд-ир № 1 Шаруашылық операцияларының мязмұны Сомасы, теңге Шоттар карреспонденциясы
Дебет Кредит
1. «Қазақстанкаспийшельф» ЖШС " ЖШС "Иінсексауыл" ААҚ-ға контракт жағдайы бойынша тауарды босатты: -тауарнақты өзіндік құны бойынша босатылды – - келісімшарт құнына -ҚҚС сомасына(14%)              
2. Қарызды сомасын жаңа дебиторға (цессионарға) цессия келісімшарты бойынша жатқызылды        
3. Қарастырылған келісімшартың негізінде цессинярдан цессня сомасы келіп түсті, жөнелтілген тауар үшін      

Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі - берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынандай категориялар бойынша жіктеу қажет:

• өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;

• 1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

• 31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

• 61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

• 90 жэне одан көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар. Мысалы:

 

Дебиторлық бершекті төлеу мерзімдері Сомасы (мың,тенге) Күмәнді деп саналатын борыштардың проценті Күмәнді борыштар сомасы
Төлеу мерзімі әлі болмаған шоттар       64,8  
Төлеу мерзімі 1 күннен 30 күнге дейінгі шоттар       54,9  
Төлеу мерзімі 31 күннен 60 күнге дейінгі шоттар       29,4  
Төлеу мерзімі 61 күннен 91 күнге дейінгі шоттар           41,4  
  Төлеу мерзімі 90 күннен көп күндерге дейінгі шоттар             32,0
Жиыны     226,7

 

Күмәнді борыштар сомасы 226,7 мың теңге құрайды.

7443 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 226,7 мың теңге.

Субъект балансынан бұрьш талап етілмеген, күмәнді деп танылған борыштарды есептен шығарғанда мынандай жазба жазылады:

1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот дебеті

2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті

2120-2130 «Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» шот кредиті - 226,7мың теңге.

«Қазақстанкаспийшельф» ЖШС іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп берген.

Орытынды

Қорыта келгенде дебиторлық берешек тақырыбы мен үшін өте қызықты. Бұл тақырып қазіргі нарықтық экономика кезінде өте керекті болып табылады. Қарыз алушы кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді тікелей қолма-қол ақшаға емес, қарызға алады. Сондай кезде әрбір кәсіпорын мен ұйым дебиторлың берешек шотын ашады. Ондағы бөлімдерді аша алмауы мүмкін. Бірақ та кішігірім кәсіпорындар осы бөлімдегі күдікті қарыздар бойынша резервтер, еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы шоттарын ашпайды. Себебі қор құру үшін кәсіпорында қор құруға пайдадан ақша бөліну керек. Егер кәсіпорынның пайдасы өте үлкен болмаса, онда ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көп есептер болмайды. Және де үлкен кәсіпорындар мен ұйымдардың ғана серіктестіктері болады. Ал егер серіктестіктері болса онда ол міндетті түрде осы бөлімшені ашады. Жалпы бұл тақырыпты үлкен дамыған фирма немесе кәсіпорынның нысанында ғана қарастыруға болады.

Біздің елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерінің мойнына үлкен жауапкершілік ілінеді. Жалпы бухгалтер, бухгалтерлік еаептің теориясын және практикасын үйлестіріп тиянақты жұмыс істеуі керек. Бухгалтерлік есептің барлық қағидаларын естен шығармағаны жөн. Сондықтан да кез келген елдің бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау, сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан толық дамуына кепілдік береді.

Жалпы бухгалтерлік есеп өте қызықты да, өте қиын пән. Мұнда кішкентай қателіктің өзі артынан үлкен қайшылықтарға апарып соғады. Бухгалтер кәсіпорынның пайдасын, шығынын қарастырып, бағалап, талдай отыра кәсіпорын немесе фирманың болашағына болжамдар жасап, соларды бастықпен және де басқа жұмыскерлермен келісе отырып іске асырады. Бұл өте жауапты іс, себебі егер бухгалтер дұрыс болжамдар жасамаса ол кәсіпорынға үлкен жағымсыз жағдайлар туғызып, тіпті кейде кәсіпорынның банкротқа ұшырап жабылуына апарады.

Мен, курстық жұмысымда осы бухгалтерлік есептің бір бөлімі дебиторлық борыш тақырыбын қарастырдым. Бұл өте қызықты тақырып, бұл тақырыпты толығымен талдап қарастыру үшін үлкен кәсіпорынды алу керек. Осы кәсіпорында бөлімнің барлық шоттары болса тіпті толық талдауға мүмкіндік болар еді. Мен өзімнің болашақ диссертациялық жұмысымды осы тақырыпта жазып, толық ашып қарастырғым келеді. Сонда толық қарастырып жазамын.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных