ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебіКүдікті қарыз болып белгіленген мерзімде берілмеген қарыздар есептеледі және олар қажетті уақыт ішінде етелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар болып есептелінеді. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғыңда дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады. Егер де шығыстар салыстырмалы қағидасы бойынша бағаланса және солармен байланысты шығыстар сол өнімнің сатылған кезеңінде жатқызылса, онда қүдікті қарыздар болуы ықтимал. Бұндай шығындар негізінен жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесінде анықталуы мүмкін және ол 1290 "Күдікті қарыздар бойынша резервтері деген пассивтік шотында керініс табады. Қаржылық есеп беруде дебиторлық қарыздар бойынша резервтері шегеріліп көрсетіледі. Егер де шаруашылықтар бұндай резерв қорларын жасамаса, онда сенімсіз деп танылған қарыздар кезендік шығыстарына есептен шығарылады. «3-Энергоорталық» АҚ-да күдікті (күмәнді) қарызды есептеу үшін өзінің есептік саясатында қолданып жүрген бағалаудың бір тәсілін таңдап алуға құқылы. Ол тәсіл сатылған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің пайыздық деңгейінен немесе төлемнің мерзімі бойынша анықталуы мүмкін. «3-Энергоорталық» АҚ өзінің жылдық нәтижесіңце пайда болған күмәнді қарыздарын, теленбеген шоттарын талдайды. Содан соң сол өткен жылдың нәтижесін шартты түрде төрт кезеңге беліп, әрбір кезеңде сатылған өнімнің келемін және соларға тиесілі қарыздарын анықтайды. Мысалы, жыл бойында сатылған өнімнің көлемі 3128,4 мың теңге болсын делік. Енді осы сатылған өнімді төрт кезеңге бөліп, күмәнді қарыздың деңгейі қай кезеңге көбірек келетіндігін анықтаймыз. Келтірілген мәліметтердің көрсеткішінен біз күмәнді қарыздың резерві 82,59 мың теңге құрағанын көреміз (3128,4х2,64):100%. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|